Кафедраның құрылу тарихы

«Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы 2014 жылдың 1 қыркүйегінде Тарих және құқық факультетінің: «Философия және мәдениеттану», «Әлеуметтану және саясаттану» кафедраларының қосылуының негізінде құрылған. 2008-2013 жж. «Әлеуметтану және саясаттану» кафедрасын саяси зерттеулердің Аймақтық орталығының директоры, саясаттану ғылымының докторы, профессор Г.Б.Иренов басқарды. 2013-14 жж. «Әлеуметтану және саясаттану» кафедрасын басшылығында саяси ғылымдарының кандидаты, профессор И.А. Калиев тұрды. 2008-2014 жж. «Философия және мәдениеттану» кафедрасын философия ғылымдарының кандидаты Г.Ғ. Ахметова басқарды. 2014-2015 жылға дейінгі кезеңде. «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасын философия ғылымдарының кандидаты, доцент Ахметова Гаухар Ғалымовна басқарды. 2015 жылдың қырқүйек айында кафедрадан бөлек, жеке «Басқару және саясаттану» кафедрасы құрылды. Қазіргі кезде «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) М.Ж. Кожамжарова басқарады.

 

Кафедраның басшылығы

Аты-жөні: Кожамжарова Майра Жанайдарқызы

Қызметі: «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор (доцент).

Ғылыми, академиялық дәреже: философия ғылымдарының кандидаты

Білімі: жоғары, В.В. Куйбышев атындағы Томск мемлекеттік университеті, философия факультеті, 1989 ж.

Ғылыми еңбектерінің тізімі: 50-дей ғылыми жұмыстар, соның ішінде 14 ҚР ЖАК ұсынылған, 1 оқу әдістемесі, 1 сөздік авторлықта, екі ұжымдық монографияларда, Scopus 1 жариялау. Сондай-ақ Германия, Чехия, Ұлыбритания мемлекеттерінде ғылыми жарияланымдары бар. ҚР БжҒМ «2012-2014 ж.ж. арналған ғылыми зерттемелерді гранттық қаржыландыру» қазыналық бағдарламасы бойынша мемлекеттік қазынадан қаржыландырылатын «Қазақстандағы жаңа діни қозғалыстар» тақырыбы ҒЗЖ-ның ұйымдастырушысы мен ғылыми жетекшісі.

Марапаттар, дипломдар, сертификаттар: «ҚР Білім беру саласының Құрметті қызметкері» атты белгісінің иегері (2016);

- С. Торайғыровтың 125-жылдығына арналған мерекелік медалі (2018);

- ҚР БжҒМ «2012-2014 ж.ж. арналған ғылыми зерттемелерді гранттық қаржыландыру» қазыналық бағдарламасы бойынша мемлекеттік қазынадан қаржыландырылатын «Қазақстандағы жаңа діни қозғалыстар» тақырыбы ҒЗЖ-ның ұйымдастырушысы мен ғылыми жетекшісі;

- Алматы менеджмент университетінің «Қазіргі заманғы білім беру жүйесіндегі инновациялық білім» атты халықралық жазғы мектебі (Ыстық көл, маусымның 2-10 аралығында. 2016)

- «Кәсіпкерлік экожүйесіндегі университеттер. Ғаламдық инновациялық жүйесіне интеграциялану мен даму» атты бағдарлама мен семинарына қатысу (Калифорния, АҚШ 2016).

Оқытатын пәндері: Ғылымның пәндік құрылысы, Философия, Дінтану, Ортағасыр арабмұсылман философиясы, Ақида-мұсылман діні негізі, Логика, Білім беру философиясы, Әлемдік діндер тарихы, Қазақстандағы мемлекеттік-конфессияаралық байланыстардың тарихы мен практикасы, Жаңа діни қозғалыстар әлеуметтік-мәдени феномен ретінде

Ғылыми зерттеу облысы: Ғылыми тиімділік, этноконфессионалды орта, жаңа діни қозғалыстар мәселелері.

Жұмыс өтілі: 29 жыл (жоғары оқу орнында)

Қосымша мәлімет: e-mail: mayra_2901@mail.ru

 

Кафедраның қызметі:

- студенттердің өздігінен дамуына, жетілуіне байланысты қабілеттерін қалыптас-тыру; өмір бойы жаңа білімді өзіндік түрде қабылдау қабілеттерін дамытуға;

- адамға, қоғамға, табиғатқа, жалпы әлемге деген қарым-қатынастарды реттейтін этикалық және құқықтық нормаларды, ойлау мәдениетің, гуманитарлық мәдениетті меңгеруге;

- Шығыс және Батыс мәдениетінің негізгі теориясы мен тұжырымдамасын білетін, қазақ философиясының, мәдениет пен діннің өзекті мәселелерін, олардың қазіргі интеграциялық үдерістегі рөлін айыра алатын, халық мәдениетінің тарихын зерттеуде бір тұжырымдылық шешім таба алатын, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналаса алатын студенттерді дайындауға бағытталған.

Кафедрада бакалавриатта 5B020400 «Мәдениеттану», мамандықтары бойынша (күндізгі, 2 жоғарғы білім, ТжКБ базасы негізінде дистанциондық) және магистратурада 6М020100 «Философия», 6М020400 «Мәдениеттану», 6М050100 «Әлеуметтану» мамандықтары бойынша студенттер мен магистранттарды дайындау жүргізіліп жатыр.

Қазіргі таңда кафедрада «Мәдениеттану» мамандығы (бакалавриат) бойынша 23 студент, оның ішінде 13 студент қашықтық оқыту технологиясы бойынша білім алуда. Магистратура «Мәдениеттану», «Философия», «Әлеуметтану» мамандықтары бойынша 37 магистрант білім алады.

 

Байланыс телефоны: 8(7182) 673677 (ішкі. 1153)

E-mail: gpf_fcgd@psu.kz, mayra_2901@mail.ru

Әлеуметтік желілердегі кафедра парақшалары:

Facebook

Instagram

Кафедраның орналасқан жері: Павлодар қаласы, Ломов көшесі 64, 426 кабинет.

Қабылдау уақыты: 10:00–13:00 с.

 

 

Мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы

Профессор-оқытушылар құрамы

Оқу-зертханалық база

Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар

Тәрбие жұмысы

Кафедрасының жетістіктері

Үздік түлектер

Дипломдық жұмыстар/жобалар, магистрлік және докторлық диссертациялар тақырыбтары

Мамандандырылған аккредитация туралы куәліктер

Сертификаттар

Е.Бекмаханов атындағы тарих және этнография ғылыми-практикалық орталығы