«Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының жетістіктері

Кафедраның білім беру бағдарламалары жыл сайын білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік НАОКО: https://iqaa-ranking.kz жүргізетін бакалавриат және магистратура бағдарламалары рейтингіне қатысады және «Гуманитарлық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, бизнес және экономика» бағыттары бойынша келесі лауазымдарға ие:

Кафедраның сапа саласындағы басты міндеттерінің бірі ПОҚ ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастырудың деңгейін көтеру, кафедра оқытушылары мен студенттерін ғылыми-зерттеу жұмысын орындауға жұмылдыру болып табылады.

Кафедра студенттері жыл сайын 5В020400 «Мәдениеттану» мамандығы бойынша ЖОО арасындағы республикалық пәндік олимпиадаға қатысады, онда лайықты нәтиже көрсетіп және алғыс хаттар мен дипломдармен марапатталады. 2018 жылы әл-Фараби ат. ҚазҰУ базасында өткен 5В020400 «Мәдениеттану» мамандығы бойынша жоғары оқу орындары арасындағы республикалық пәндік олимпиадаға кафедра студенттері (Футурологтар тобы) қатысып, 2-ші орынға ие болды (команда жетекшісі – PhD, қауым.профессор (доцент) Уызбаева Анар Асановна).

2019 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен 5В020400 «Мәдениеттану» мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиадада Аманат командасы құрамында (Қабылда Әлібек, Тайжанова Салтанат, Жумабекова Айдана) 1 орынға ие болды. (Команда жетекшісі - PhD, қауым.профессор (доцент) Аубакирова Салтанат Советовна).

2016 жылы «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасының аясында M-301 тобының студенті Т. Кайдарова, «МФил-21н» тобының магистранттары Бабық Раушан (Философия) және MСоц-21н тобы Бейсекеев Ғабдолла (Әлеуметтану), 2018 жылы философия және әлеуметтану мамандықтарының магистранттары: Доманжулова Л., Мұхаметжан С., Вяткина Ю. Лодз университетінде (Польша) бір семестр бойы білім алды.

М-201 тобының студенті Сулейменова Жамиля жаратылыс, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша үздік студенттік жұмыстардың республикалық байқауында ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Ғылыми жетекшісі: PhD, қауым.профессор (доцент) Аубакирова Салтанат Советовна (ҚР БжҒМ, 2017 ж.).

М-401 тобының студенті Торгын Кайдарова Тұңғыш Президент- Елбасы Н.Назарбаев қорының стипендиясын иеленді (2017/2018 оқу жылы).

2018 жылдың қараша айында М-401 тобының студенті Қабылда Әлібек және МФил-12н тобының магистранты Ғабит Хафиз университет командасының сапында Астана қаласында өткен «Еліміздің болашақ жастары» атты республикалық фестивалінде 1 орынды иеленді. Команда жетекшісі: PhD, қауым.профессор (доцент) Аубакирова Салтанат Советовна.

Жыл сайын жоспар бойынша кафедра оқытушылары курстар мен семинарларда өз біліктіліктерін арттырады. («Өрлеу» РҚБ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті және т.б.).

Кафедра келесі білім беру мекемелері мен орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс жасайды: ҚР БжҒМ «Философия, саясаттану және дінтану институты», ҚҰ «Қазақстанның философиялық конгресі», Әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық университеті, Алтай мемлекеттік мәдениет институты (Ресей Федерациясы), Алтай мемлекеттік университеті (Ресей Федерациясы), Геттинген университеті (Германия). Кафедра ұжымы әлемдік білім беру кеңістігіне кіру бірқатар жұмыс атқаруда.

Кафедраның 6М020100 «Философия», 6М020400 «Мәдениеттану» және 6М050100 «Әлеуметтану» мамандықтарының магистранттары үнемі шетелдік немесе республикалық ұйымдарға ғылыми тағылымдама өтуге іс-сапарларға жіберіледі.