«Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының мамандықтары мен білім беру бағдарламалары туралы

Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы келесі мамандықтар бойынша мамандарды даярлайды:

Бакалавриат мамандығы:

- 6В03101 «Мәдениеттану» - академиялық дәрежесі «6В03101-Мәдениеттану» мамандығы бойынша әлеуметтік білім бакалавры.

«6В03101- Мәдениеттану» білім беру бағдарламасының мақсаты:

Білім беру бағдарламасы

6В03101 Мәдениеттану білім беру бағдарламасының мақсаты кәсіби құзыреттілігі бар, креативті ойлау, кәсіпкерлік және көшбасшылық дағдылары бар, заманауи мәдениет процестерінде бағдарланатын, әлеуметтік, саяси, мәдени институттардың ерекшеліктерін қазақстандық қоғамды модернизациялаудағы рөлінің контекстінде талдай алатын, алынған теориялық және практикалық білімді кәсіби қызметте қолдана алатын, кәсіби құзыреттілігі бар жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау болып табылады., мәдени феномендер мен құбылыстарға баға беруге қабілетті қазіргі заманғы мәдениеттің өзекті мәселелерін тұжырымдау және өзінің түсінігін қалыптастыру.

Білім беру бағдарламасы түлектерінің біліктілік сипаттамасы:

Кәсіби қызмет салалары қоғамның және әлеуметтік институттардың түрлі салаларында көрініс тапқан мәдениет динамикасын ғылыми зерттеуге, мемлекеттік билік жүйесіндегі, қоғамдық ұйымдар мен үкіметтік емес құрылымдардағы басқару органдарының қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.

Кәсіби қызметінің объектілері: ғылыми, ғылыми - зерттеу мекемелері, меншіктің кез келген нысанындағы мекемелер; облыстық, республикалық, мемлекеттік басқару органдары; мәдениет ұйымдары мен мекемелері; бұқаралық ақпарат құралдары; сараптамалық - кеңес беру кеңестері; мәдени – демалыс, коммерциялық, қоғамдық ұйымдар және т. б.

Кәсіби қызмет пәндері қоғамның әлеуметтік - мәдени өмірінің процестері, дүниетаным, мәдениет және ғылыммен тығыз байланысты әр түрлі этномәдениеттердің, әлеуметтік-мәдени институттардың өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ мәдениет пен қоғамның дамуын талдау және болжау, мәдениетпен байланысты мәселелерді зерттеу және диагностикалау болып табылады.

Кәсіби қызмет түрлері: ғылыми-зерттеу, өндірістік-басқару, жобалау-талдау, сараптамалық-кеңес беру, мәдени-ағартушылық қызмет.

Бізге түсе алады

- Жалпы орта білім беру мектептерінің түлектері ҰБТ.

Оқу мерзімі: күндізігі – 4 жыл;

Талапкерлер бес пән бойынша тестілінеді: Қазақстан тарихы, Математикалық сауаттылық, Оқу сауаттылығы, Дүниежүзілік тарихы, Шет тілі.

- Мамандықтардың классификаторына сәйкес осы бағыттағы білімі бар орта кәсіби оқу орындарының (колледж) түлектері:

Оқу мерзімі: күндізігі; қашықтық оқыту технологиясын қолданумен.; 3 жылдан кем емес

Тиісті мамандыққа түсетін үміткерлер екі пән бойынша тестілеуден өтеді: Жалпы кәсіби пән; Арнайы пән.

Тектес мамандықтардан түсетін үміткерлер бес пән бойынша тестілеуден өтеді: Қазақстан тарихы, Математикалық сауаттылық, Оқу сауаттылығы, Дүниежүзілік тарихы, Шет тілі.

- Жоғары оқу орындарының түлектері:

Оқу мерзімі: екі жылдан кем емес; күндізгі қашықтық оқыту технологиясын қолданумен.

Абитуриенттер қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша үміткерлер университетке қабылданады.

Оқыту мемлекеттік білім беру гранты немесе икемді жеңілдік жүйесі бар келесім шарт негізінде жүргізіледі.

Оқыту тілі: қазақша, орысша. Көптілді білім беруді енгізу және дамыту үшін студенттер кей пәндерді ағылшын тілінде оқып үйренеді.

Магистратура мамандықтары бойынша мамандарды даярлау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:

1) Ғылыми және педагогикалық бағыт – оқыту формасы: күндізгі; оқу мерзімі 2 жыл.

- 7M02201 «Философия». Академиялық дәрежесі - «7M02201 – Философия мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі (Білім беру бағдарламасы);

- 7M03101 «Мәдениеттану». Академиялық дәрежесі - «7M03101 – Мәдениеттану» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі (Білім беру бағдарламасы);

- 7M03102 «Әлеуметтану». Академиялық дәрежесі - «7M03102 – Әлеуметтану» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі (Білім беру бағдарламасы).

 

2)Бейіндік бағыт – оқыту формасы: күндізгі;оқу мерзімі 1 жыл.

- 7M02251 «Философия». Академиялық дәрежесі - «7M02251 – Философия мамандығы бойынша гуманитарлық білім магистрі;

- 7M03151 «Мәдениеттану». Академиялық дәрежесі - «7M03151 – Мәдениеттану» мамандығы бойынша әлеуметтік білім магистрі;.

- 7M03152 «Әлеуметтану». Академиялық дәрежесі - «7M03152 – Әлеуметтану» мамандығы бойынша әлеуметтік білім магистрі.

 

7M03101 «Мәдениеттану» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларының мақсаттары:

- Жоғары кәсіпті ғылыми-педагогикалық мамандар дайындау;

- Білім алушылардың өздігінен жетілу және өздігінен дамуын шығару, шығармашылық жаңа білімдерді алуы, өзінің қабілеттерімен және өажеттіліктерін бүкіл белсенді өмір қызметінде меңгеруі;

- Жоғары кәсіби мәдениет деңгейіндегі мамандарды дайындау, соның ішінде кәсіби мәдениет қатынасы мен азаматтық ұстанымы бар, қазіргі ғылыми және практикалық мәселелерді шешетін және жинақтайтын, жоғары оқу орындарда сабақ беретіндер, сәтті түрде зерттеу қызметін іске асырады;

- Гуманитарлық мәдениетті меңгеруі адамға, қоғамға, қоршаған ортаға этикалық және құқықтық қатынас нормаларын реттеп, жаңа білімдерді меңгеріп, өзінің еңбегін мәдени ойлау және қабілетті ғылым негізінде ұйымдастыру;

- «Мәдениеттану» мамандығы магистранттарының ғылымдар тоғысында фундаменталды білімдерді қамтамасыз ету, ол өз кезегінде дамушы әлемде кәсіби белсенділікті арта түседі;

- Магистранттардың өте қажетті және тұрақты білімді меігеруі, олардың әлемдік ғылым бейнесін толық қабылдауға жол жасауы;

- Ғылыми-зерттеу жүргізу және ұйымдастыру мүмкіншілігін игеретін, ғылыми жұмысын PhD докторантурада жалғастыруға керекті қажеттіліктерге ие болу;

- жоғарғы оқу орны облысындағы педагогика мен психология бойынша минимум қажетті білім алу мен ЖОО сабақ беру тәжірибесіне ие болу.

7M03101 «Мәдениеттану» білім беру бағдарламасы түлектерінің біліктілік сипаттамасы:

«7М03101 Мәдениеттану» білім беру бағдарламасы бойынша магистратура түлектерінің кәсіби қызмет саласы ғылым, білім беру, басқару салалары болып табылады. Бітірушінің қызметі мәдениеттану және әлеуметтік-гуманитарлық білім, мәдени саясат және басқару, мәдени және табиғи мұраны сақтау, әлеуметтік-мәдени, бұқаралық коммуникация және білім берудің өзекті мәселелерін ғылыми зерттеуге бағытталған.

Кәсіптік қызмет объектілері: меншік нысанының кез-келген ғылыми, ғылыми-зерттеу ұйымдары; республикалық және облыстық мемлекеттік органдар; жоба, жобалық-аналитикалық зерттеу институттары мен ұйымдары; сараптамалық және консалтингтік зерттеу институттары; мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындары.

Кәсіптік қызметтің пәндері мәдениет теориясы мен тарихы, мәдени және табиғи мұра, мәдени-бұқаралық коммуникациялардың нысандары, әдістері мен құралдары, жаһандық және жергілікті деңгейлердегі адамаралық және мәдениетаралық қарым-қатынас, мәдениет саласындағы білім беру және білім берудің іргелі мәселелері болып табылады.

Кәсіби қызмет түрлері: ғылыми-зерттеу; ғылыми-педагогикалық; сараптамалық-талдау және кеңес беру; ұйымдастыру– басқару; жобалау-эксперименталды.

7M02201 «Философия» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларының мақсаттары:

- Жоғары кәсіпті ғылыми-педагогикалық мамандар дайындау;

- Білім алушылардың өздігінен жетілу және өздігінен дамуын шығару, шығармашылық жаңа білімдерді алуы, өзінің қабілеттерімен және өажеттіліктерін бүкіл белсенді өмір қызметінде меңгеруі;

- Жоғары кәсіби мәдениет деңгейіндегі мамандарды дайындау, соның ішінде кәсіби мәдениет қатынасы мен азаматтық ұстанымы бар, қазіргі ғылыми және практикалық мәселелерді шешетін және жинақтайтын, жоғары оқу орындарда сабақ беретіндер, сәтті түрде зерттеу қызметін іске асырады;

- Гуманитарлық мәдениетті меңгеруі адамға, қоғамға, қоршаған ортаға этикалық және құқықтық қатынас нормаларын реттеп, жаңа білімдерді меңгеріп, өзінің еңбегін мәдени ойлау және қабілетті ғылым негізінде ұйымдастыру;

- «Философия» мамандығы магистранттарының ғылымдар тоғысында фундаменталды білімдерді қамтамасыз ету, ол өз кезегінде дамушы әлемде кәсіби белсенділікті арта түседі. Магистранттардың өте қажетті және тұрақты білімді меігеруі, олардың әлемдік ғылым бейнесін толық қабылдауға жол жасауы;

- Ғылыми-зерттеу жүргізу және ұйымдастыру мүмкіншілігін игеретін, ғылыми жұмысын PhD докторантурада жалғастыруға керекті қажеттіліктерге ие болу;

- Жоғарғы оқу орны облысындағы педагогика мен психология бойынша минимум қажетті білім алу мен ЖОО сабақ беру тәжірибесіне ие болу.

Білім беру бағдарламасы түлегінің біліктілік сипаттамалары:

Бітірушінің кәсіби қызметінің бағыттары ғылым, білім, басқару салалары болып табылады.

Кәсіби қызметтің объектілері:

- ғылыми, зерттеу ұйымдары және меншіктің кез-келген түріндегі ұйымдар;

- жобалау және аналитикалық зерттеу ұйымдары;

- сараптамалық-кеңесші ғылыми-зерттеу институттары;

- мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындары.

7M02201 Философия мамандығы бойынша түлектің кәсіби іс-әрекетінің тақырыптары - қазіргі философияның өзекті мәселелері, дүниетанымның қалыптасу процестері, адам мен әлемді олардың ажырамас көп, қайталанбас байланыстарында біртұтас, күрделі ғасырлық организм ретінде заманауи түсінуді қамтамасыз ету, сонымен қатар мәдениет пен қоғамның дамуын талдау және болжау.

Кәсіби қызмет түрлері:

- зерттеу; ұйымдастыру және басқару; ғылыми-педагогикалық; консультативтік-сараптамалық; жобалық және тәжірибелік; болжау қызметі

«7M03102 –Әлеуметтану» білім беру бағдарламасының мақсаты:

- гендерлік әлеуметтану;

- этноәлеуметтану.

«6М050100 –Әлеуметтану» біліктілік және лауазымдар тізбесі:

«6М050100 –Әлеуметтану» білім беру бағдарламасының мақсаты ғылыми негізде социумның өзекті проблемаларын зерттеу, әлеуметтік жүйе, үдерістер және құбылыстарды зерделеуге қабілетті әлеуметтанушы маманды даярлауда. Білім беру бағдарламасы бітірушіде әлеуметтік шындықты талдау, оған тән объективті байланыстарды, негізгі тенденциялар мен қарама-қайшылықтарды анықтау қабілеттерін қалыптастырады. Бітірушілер жаһандану үдерісінің қайшылығы және әлеуметтік-экономикалық салдары туралы, ғылым мен білімнің қоғам өміріндегі рөлі туралы, ғылыми саланың негізгі әдіснамалық және философиялық проблемалары туралы білім алады.

Кәсіптік іс-әрекеттер бағыттары:

- қазіргі әлеуметтанулық теориялар; 

- қазіргі қазақстандық отбасы проблемалары; 

- қазіргі девиацияларды талдау; 

- сыртқы және ішкі көші-қон; 

- әлеуметтанулық зерттеулердегі модельдеу және болжау; 

- қоғамның әлеуметтік проблемаларын зерттеудегі әдістер мен технологиялар; 

- гендерлік әлеуметтану; 

- этноәлеуметтану. 

«7M03102 –Әлеуметтану» білім беру бағдарламасының түлегінің біліктілік сипаттамалары: 

Түлектердің кәсіптік қызмет салалары болып қоғамдық қатынастар, әлеуметтік саясат саласында зерттеу және тәжірибелік іс-шараларды жоспарлау мен ұйымдастыруға бағытталған ғылым саласы, сондай-ақ мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның өзара іс-қимылының барлық түрлерін реттеу құралы ретінде әлеуметтану саласын кеңейту табылады.  

Кәсіптік қызмет объектілері: кез келген меншік нысанындағы ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдары; мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындары; БАҚ, маркетингтік агенттіктер; адам және қоғам арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелерiн зерттеумен айналысатын әлеуметтiк, әлеуметтiк-экономикалық, әлеуметтiк-саяси, әлеуметтiк-демографиялық, т.б. институттар. 

Кәсіптік қызметтің бағыттары болып қазіргі әлеуметтану ғылымының өзекті мәселелері, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени және басқа да қатынастардағы әдіснамасы мен әдістерінің заңдары мен қағидалары болып табылады. 

Кәсіби қызмет түрлері: ғылыми-зерттеу; ғылыми-педагогикалық; ұйымдастырушылық-басқарушылық; сараптамалық-кеңес беру; жобалық; болжамдық.