Кафедраның құрылу тарихы

Ақпараттық технологиялар кафедрасы «Есептеу техникасы және бағдарламалау» және «Математика және Информатика» кафедраларының бірігуі нәтижесінде 2018 жылдың қыркүйегінде құрылды.

Бүгінгі таңда кафедра келесі мамандықтар түлектерін дайындайды:

1) 5B070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша техника және технология бакалавры;

3) 5B060200 – Информатика. Академиялық дәрежесі — "5В060200 Информатика" мамандығы бойынша жаратылыстану бакалавры;

5B070300 Ақпараттық жүйелер. Білім беру бағдарламалары: Экономикадағы ақпараттық жүйелер; Инженерлік қызметтегі ақпараттық жүйелер. Академиялық дәрежесі — "5В070300 Ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша техника және технология бакалавры;

сонымен қатар, келесі мамандықтар бойынша магистратура түлектерін дайындайды:

- 6M060200 – Информатика

- 6M011100 – Информатика

- 6M070300 – Информационные системы

Осыған қоса, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы университеттің барлық мамандықтарының студенттеріне «Информатика» жалпы курсы бойынша сабақтарды жүргізеді.

 

Оқу процесін ғылыми - педагогикалық және өндірістік қызметте тәжірибесі мол, біліктілігі жоғары оқытушылар жүргізіп жатыр. Олардың ішінде 9 профессор, 3 доцент, 5 техника ғылымының кандидаты, техника және технологияның 9 магистрі. Студенттердің оқуына облыс және қала кәсіпорындары мен бастаушы ұйымдардың біліктілігі жоғары ғылыми мамандары тартылып жатыр. Кафедра 4 филиалмен жұмыс істейді. Студенттердің тәжірибе өтуіне және әрі қарай жұмысқа орналасуға мүмкіндік болады:

- «Казэнергокабель» АҚ;

- Қазақстанның ақпаратты-аналитикалық орталығы;

- «UNICODE» компаниясы;

- «ЭӨКБЖА» ЖШС.

Кафедра басшылығы

Т.А.Ә.: Нәзира Нұрғазықызы Оспанова

Лауазымы: профессор

Ғылыми, академиялық дәрежесі: педагогика ғылымдарының кандидаты

Ғылыми, академиялық атағы: доцент, ПМУ профессоры

Білімі: жоғары, «Семей» мемлекеттік университеті, мамандығы - Математика және информатика, 1996 ж.

Алтынсарин атындағы ҰБА ізденушісі, мамандығы – 130002 Оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі (информатика, білім беруді ақпараттандыру), 2009 ж.

Оқытатын пәндері: Ғылым мен білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар, Алгоритмдер және олардың күрделілігі , Технологии разработки программного обеспечения , Новые информационные технологии в науке и образовании, Экономикалық және ақпараттық қауіпсіздік, ЖОО-ның оқыту мазмұнын компьютерлік жобалау, IT-инфрақұрылымды басқару, Адам мен машинаның өзара әрекеттестігі

Жұмыс өтілі: 21 жыл

Ғылыми еңбектер тізімі: 70-тен астам еңбектер, оның ішінде:

1. Ақпараттық жүйелерді жобалау. Оқу-әдістемелік құрал. Павлодар, «Кереку» баспасы, 2011ж.

2. Ғылыми зерттеулерде қолданылатын әдістерге талдау // ПМУ хабаршысы. №2. 2011. 28-32 б.

3. Виртуалды зертханалардың жоғары оқу орнының оқу үрдісінде қолданылуы // ПМУ хабаршысы. №4. 2010. 159 -165 б.

4. Компьютерлік желілер. Оқу-әдістемелік құрал. Павлодар, 2010 ж. 115 б.

5. Эмпирикалық мәліметтерде статистикалық гипотезаны қалыптастыру және тексеру // «ХІI Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференция, 18 том, 2012 г., Павлодар, 71-77 б.

6. Электронды оқыту жүйесінде электрондық оқу құралдарының маңызы. Математика, механика және информатика пәндерінен V Республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференциясы. 2013, Астана, 102-103 б.

7. Developing a Mobile Application "Educational Process Remote Management System" on the Android Operating System. INTERNATIONAL JOURNAL OF ENVIRONMENTAL & SCIENCE EDUCATION 2016, VOL. 11, NO. 12, 5128-5145

8. Ақпараттық жүйелерді жобалау (ЭЕМ-ге арналған бағдарлама). Св-во о государственной регистрации прав на объект авторского права. №2373, от 21.12.2015

9. Assessment tools for evaluating knowledge of online students. Proceedings of the 13th International Conference: Efficiency and Responsibility in Education, 2016. Czech University of Life Sciences Prague. Prague, Czech Republic, EU

10. Интернет технологиялар (ЭЕМ-ге арналған бағдарлама). Св-во о государственной регистрации прав на объект авторского права. №0276, от 11.02.2016

11. GIS and knowledge sharing: designing gis for cultural heritage in Pavlodar region, Kazakhstan. Wschodnioeuropejskie Czasopismo Naukowe (East European Scientific Journal), №8, 2016. Warszawa, Polska. р. 54 - 58

Ғылыми зерттеу саласы: информатиканы оқытудың әдістемелік негіздері

Кәсіби жетістіктері: біліктілікті арттыру бойынша сертификат «Дистанционды оқу технологияларының негіздері» Омбы қ. (2013 г.), «Компьютерлік тораптар» пәнінен электрондық оқыту құралы (программа для ЭВМ) авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (2013 г.), «Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау» пәнінен электрондық оқу курсы (программа для ЭВМ) авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (2013 г.), «Тұран-Астана» университеті магистранттардың ЖОО-аралық ғылыми жобалар конкурсында ғылыми жетекшілік жасағаны үшін алғыс хат (2014 г.)

 

Кафедраның орналасқан мекен-жайы:

Павлодар қ. Ломов көш., 64, С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университеті, «Ақпараттық технологиялар» кафедрасы, А-408 кабинет, тел. 8(7182) 673646 (ішкі – 1120)

 

 

Мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы

Профессор-оқытушылар құрамы

Оқу-зертханалық базасы

Үздік түлектер

«Ақпараттық технологиялар» кафедрасының жетістіктері

Оқу-әдістемелік жұмыс

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Тәрбие жұмысы

Дипломдық жұмыстар/жобалар, магистрлік және докторлық диссертациялар тақырыптары

Мамандандырылған аккредитация туралы куәліктер

Аккредитеттеу сертификаты