Тәрбие жұмысы

1 Тәрбие жұмысы бойынша «Студент - тұлға, азамат, кәсіпқой», «Жасыл Ел», «ПМУ студенттерінің патриоттық тәрбиесі», «Университеттер денсаулығы» атты ПМУ Бағдарламасын жүзеге асыру кафедрада және факультетте жоспарлардың бар болуы және оны орындау.

«Студент - тұлға, азамат, кәсіпқой» бағдарламасы бойынша студенттердің адамдық тәрбиесіне арналған және олардың қоғамдағы рөлі бойынша топтардың кураторларымен кураторлық сағаттар өткізіледі.

2016 ж. қыркүйек айының басында I – II курстарға кураторлар тағайындалды; кураторлар факультетте өзінің куратор жұмысының жоспарын құруға арналған тәрбие жұмысының жоспарымен танысқан болатын, кураторлардың жұмыс жоспары жиналған, анализделген және жөнделген болатын. Оқу жылы барысында кураторлардың жұмыстарын бақыланылды, олардың университеттің және факультеттің шараларына қатысқанын, сондай-ақ топтармен жұмыс істеу бақыланды. Бірінші және екінші жарты жылда кураторлардан істелінген жұмыстары туралы есеп алынды. Студенттер жыл сайын медициналық тексерістен, флюорографияны (2010 ж. 16 тамызындағы № 1-02-07/498 бұйрығы) өтеді. Жыл сайын кафедра оқытушылары «Сергектік және денсаулық» атты спартакиадада қатысады. Бірінші курстардың кураторлары әлеуметтік-демографиялық паспорттарын және студенттердің денсаулық картасын толтырады.

«ПМУ студенттерінің патриоттық тәрбиесі» бағдарламасы бойынша топтардың кураторларымен Конституция күніне және Қазақстанның тәуелсіздік күніне арналған кураторлық сағаттар өткізілді.

2 ПОҚ және студенттердің ПМУ шараларына, мәдени-массалық жұмыстарға (үйірмелер, ансамбльдер және т.б.) қатысу. Университеттің мәдени өміріне факультеттің ПОҚ мен студенттері қатысады.

3 Спорттық-сауықтыру жұмыстарының жағдайы (студенттердің әр түрлі деңгейдегі жарыстарға, секцияларға және т.б.), салауатты өмір сүруді насихаттау (құқық бұзушылықтармен, есірткілермен және т.б. зиянды әдеттермен күресу). Топтардың кураторлары салауатты өмір сүруге, есірткілермен күресуге арналған ай сайын кураторлық сағаттар өткізеді.

4 Студенттер үйіндегі тәрбие жұмысы.

Студенттер үйінде кезекшілік графигі ұйымдастырылған. Кезекшілік кезінде кафедраның оқытушыларымен салауатты өмір салты, адамдық тәртібі, қоғамдағы заманауи мамандардың рөлі туралы әңгімелер өткізілді.