Кафедраның оқу-лабораториялық базасы коммуникациялық жүйелермен жабдықталған жаңа А корпустағы 4 кабинеттен тұрады. Оқу аудиторияларына 8 кабинет бөлінген: А-401а, А-401, А-410, А-410а.

А-402 кабинеті жаңа бағдарламалық құрастыруларды оқу үрдісіне және өндіріске енгізуге мүмкіндік болатындай, теориялық математика лабораториясы ретінде жабдықталған. Жалпы лабораторияның негізгі міндеті – экономиканың математикалық моделдерін, мұнай тасымалдау моделдерін, қолданбалы алгебра және техника, оптимизация бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын, кодтау теориясын, шеткі топтар теориясын зерттеу. Лаборатория 2 моноблокпен, прнинтермен, 2 ноутбукпен, интернетпен жабдықталған.

«Ақпараттық технологиялар» кафедрасының аудиторияларын оқу үрдісінде келесі мамандықтар: 5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, 6M011100 – Информатика, 6M070300 — Ақпараттық жүйелер, 5B070300 — Ақпараттық жүйелер қолданады.