Кафедра 21.12.2012 ж. №12019627 лицензиясына сәйкес төменде аталған мамандықтар бойынша кадрларды даярлау жұмысын жүзеге асырады:

 

5В070300 - АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

Білім беру бағдарламасы

Оқыту мерзімі:

1) Күндізгі бөлім, орта жалпы білім негізінде — 4 жыл;

2) Күндізгі бөлім, орта кәсіби білім негізінде — кемінде 3 жыл;

3) Қашықтықтан білім беру технологияларын қолданып сырттай оқыту, орта кәсіби білім негізінде — кемінде 3 жыл;

4) Қашықтықтан білім беру технологияларын қолданып сырттай оқыту, жоғары кәсіби білім негізінде — кемінде 2 жыл.

Білім беру бағдарламалары:

- Экономикадағы ақпараттық жүйелер;

- Инженерлік қызметтегі ақпараттық жүйелер.

Біліктілігі: "5В070300 Ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша техника және технология бакалавры

Кәсіби қызмет аумағы:

түрлі салаларда (машина жасау, металлургия, көлік, телекоммуникация, ғылым мен білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету, әкімдік басқару, экономика, бизнес, түрлі технологияларды басқару) ақпараттық жүйелерді дайындайтын, ендіретін және іс жүзінде пайдаланатын мемлекеттік, жеке меншік мекемелер мен ұйымдар.

Кәсіби қызмет етудің типтік міндеттері:

- Ақпаратық жүйелердің түрлі компоненттерін жобалау және дайындау;

- Ақпараттық жүйелердің желілік инфрақұрылымына инсталляция жасау;

- Ақпараттық жүйелердің ақпарат базаларын жобалау және жасау;

- Ақпараттық жүйелер мен олардың бөлшектерін ақпаратық, программалық, техникалық және ұйымдастырушылық-құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету.

Мамандық стандарты бойынша төмендегідей пәндердің оқытылуы қарастырылған: Алгоритмдеу мен программалау тілдері, АЖ негіздері, Ақпарат қауіпсіздігі және ақпаратты қорғау, Схемотехника, Программалау технологиясы, Ақпараттар базаларының жүйелері, Компьютерлік жүйелер архитектурасы, Компьютерлік модельдеу негіздері, Экономика және өндірісті ұйымдастыру, WEB технологиялар, Компьютерлік желілер.

Мамандандырудың түріне (Экономикадағы ақпараттық жүйелер, Инженерлік қызметтегі ақпараттық жүйелер) сәйкес пәндер ішінен қалағанын таңдап алуға мүмкіндігі бар: Экономикалық есептеулердің программалық құралдары (автоматтандырылған жобалау, математикалық есептеулер), Сандық әдістер, Бухгалтерлік есеп және аудит, Шешімдерді қабылдау теориясы, Жаппай қызмет көрсету теориясының негіздері, Интеллектуалды ақпарат жүйелері, Ақпарат жүйелерін жобалау, Программалаудың заманауи тілдері, Жаңа ақпараттық желілік технологиялар, Ақпарат маркетингі (менеджмент), Ақпараттық жүйелердің сенімділігі, экономикалық ақпараттық жүйелердегі ақпараттарды талдау, Мультимедиялық жүйелерді жобалау және құрастыру, Ақпаратты өңдеу әдістері.

5В070300 — Ақпарат жүйелері мамандағы бойынша университетте жоғары базалық білім алғандар мынадай лауазымдарда еңбек ете алады:

- программист, WEВ-программист;

- ақпарат жүйелерінің мәліметтер базасының ұйымдастырушысы;

- жүйе сараптаушысы;

- компьютерлік желілердің администраторы;

- ақпарат қауіпсіздігі мен ақпаратты қорғау саласының маманы;

- сала бойынша қолданылатын ақпарат технологияларымен байланысты басқа да лауазымдар.

 

5В060200 — ИНФОРМАТИКА

Білім беру бағдарламасы

Оқыту мерзімі:

1) Күндізгі бөлім, орта жалпы білім негізінде — 4 жыл;

2) Күндізгі бөлім, орта кәсіби білім негізінде — кемінде 3 жыл;

3) Қашықтықтан білім беру технологияларын қолданып сырттай оқыту, орта кәсіби білім негізінде — кемінде 3 жыл;

4) Қашықтықтан білім беру технологияларын қолданып сырттай оқыту, жоғары кәсіби білім негізінде — кемінде 2 жыл.

Біліктілігі: "5В060200 Информатика" мамандығы бойынша жаратылыстану бакалавры

Кәсіби қызмет аумағы:

- информатика мен қолданбалы математика әдістерін пайдаланатын салаларда өндірістік, жобалау-конструкторлық және зерттеу жұмыстарын жүргізу;

- заманауи ақпарат технологияларының даму бағыттарына сәйкес ұйымдардың тиімді қызмет етуін және оларды басқаруын қамтамасыз ету;

- орта жалпы, бастауыш және орта кәсіби оқу орындарында, ІТ-технологиялар бойынша маманданған оқу орталықтарында педагогикалық қызмет атқару.

Кәсіби қызмет түрлері:

- ғылыми-зерттеу жұмысы: әдістер, алгоритмдер, программалар, аппараттық-программалық кешендерді және жүйелерге талдау жасау, олар бойынша теориялық және эксперименталды зерттеулер жүргізу;

- өндірістік-технологиялық жұмыс: есептеу жүйелерінің, автоматтандырылған жүйелердің бөлшектерін жасау және белгіленген сапамен белгіленген мерзімде программалар мен программалық кешендерді өндіру; аппараттық-программалық кешендерді тестілеу және жөнге келтіру;

- ұйымдастыру-басқару жұмысы: кәсіби жұмыс объектілерін дайындау және зерттеу үдерісін ұйымдастыру барысында технология мен құрал жабдықтарын таңдау; кәсіби жұмыс объектілерін әзірлеу үдерісінің жекелеген этаптарын ұйымдастыру; кәсіби жұмыс объектілерін әзірлеу үдерісіне баға беру, бақылау және басқару;

- жобалау-конструкторлық жұмыс: кәсіби жұмыс объектілерінің жекелеген бөлшектеріне қойылатын талаптар мен өзіне тән ерекшеліктерін пән саласындағы модельдерді пайдаланушылардың сұраныстарына талдау жасау негізінде қарастырып, әзірлеу; аппаратты-программалық кешендер бөлшектерінің архитектурасын жобалау; аппаратты-программалық кешендердің адами-машиналық интерфейсін жобалау;

- білім беру қызметі: ең жаңа компьютерлік технологияларды жобалау, дайындау және оқу үдерісіне ендіру; белгіленген стандарттарға сәйкес қазіргі кезде қолданылып жүрген әдістер, құралдар мен технологиялар негізінде оқу-әдістемелік материал дайындау; қашықтықтан білім берудің түрлі формаларын, оқушы үлгерімін бақылаудың электронды түрін ендіру.

Университетте 5В060200 — Информатика мамандығы бойынша жоғары базалық білім алған бітірушілер мынадай лауазымдарда еңбек ете алады:

- программист, компьютерлік дизайн саласындағы маман;

- WEB-программист;

- объектілік-ориентирлік программалау саласындағы маман;

- басқармалар мен бизнес-құрылымдардағы мәліметтер базасын жобалаушы;

- орта жалпы, бастауыш және орта кәсіби білім беру мекемелерінде информатика және компьютерлік циклға енетін пәндердің оқытушысы;

- кәсіби жұмыста ІТ-технологиялары қолданылатын лауазымдарда.

Студенттер ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді араласады, республикандық ғылыми конференцияларға қатысады. Информатика мен программалау пәндерінен жыл сайын өтетін республикандық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жатады. Mikrosoft өнімдерін қолданған программалық жобалар көрмесіне, INTECH 05 инновациялық технологиялары жобаларының Екінші олимпиадасында қатысып, дипломдармен марапатталды.

 

6M011100 – ИНФОРМАТИКА (оқытудың күндізгі түрі)

Оқыту мерзімі:

1 жыл (бакалавриат негізінде)

Біліктілігі: "6М011100 Информатика" мамандығы бойынша білім магистрі

2 жыл (бакалавриат негізінде)

Біліктілігі: "6М011100 Информатика" мамандығы бойынша педагогика ғыламдар магистрі

 

6М060200 Информатика (оқытудың күндізгі түрі)

Оқыту мерзімі:

2 жыл (жоғары бакалавриат негізінде)

Біліктілігі: "6М060200 Информатика" мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі

 

6M070300 — АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР (оқытудың күндізгі түрі)

Оқыту мерзімі:

1) 1,5 жыл (жоғары кәсіби білім негізінде);

2) 2 жыл (жоғары бакалавриат негізінде).

Біліктілігі:: техника мен технологиялар магистрі

 

5B070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасмыз ету мамандығы

Білім беру бағдарламасы

Элективті пәндер каталогы

Келесі білім алатын бағдарламаларды таңдау мүмкін:

- Антихакер және киберқауіпсіздік;

- Өнеркәсіпте есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету;

- Экономикада есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету.

Түлектердің кәсіби объекті болып есептеу машиналары, комплекстер, жүйелер және аулар, компьютерлік жүйелердің ақпараты және басқарудың өңдеулері, автоматтандырылған жобалау жүйелерін есептеу, техниканың және ақпараттық жүйелердің бағдарламалық қамтамасыз етілуі (бағдарламалар, бағдарламалық кешендер және жүйелер).

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының түлектерінің келесі бағыттары болып саналатын:

  • ақпараттық жүйелер мен есептеу техникасының бағдарламалық қамтамасыздандыру құралдарын құру мен қостау (бағдарламалар, бағдарламалық кешендер мен жүйелер);
  • есептеу жүйесін әкімшілік ету ақпаратты сұрыптау және барлық деңгейді басқару;
  • қоғамның өндірістік және әлеуметтік құрылымдардың барлық деңгейдегі ақпараттық өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелерін басқару;
  • барлық деңгейде бақылау аппараттық автоматтандыру жүйелері;
  • тап осы базаларды өңдеу;
  • веб-сайттарды жобалау, әзірлеу.