«Орындаушылық өнер» кафедрасы екі бағытта мамандар дайындау жолында жұмыс істеуде:

5В010600 «Музыкалық білім» (Образовательная программа) мамандығы бойынша академиялық дәреже Білім бакалавры беріледі. Оқу формасы: іштей (жалпы орта білім және арнайы орта білім), сырттай (арнайы орта білім).

Кәсіби қызметі:музыкалық білім беру.

Кәсіби қызметінің обьектісі:жалпы орта мектептері, гимназия мен лицейлері.

Кәсіби қызметінің пәні: музыка сабақтары, сыныптан тыс музыкалық-тәрбие жұмыстары және жалпы орта мектептері, гимназия мен лицейлерінде насихат-ұймдастырушылық жұмыстары. Тәжірибелік сабақтарда қазақ музыка тарихы, шетел музыка тарихы, әлем музыка тарихы, музыка теориясы, мамандық, гармония, полифония, хорды дирижерлау және т.б. сабақтар С.Торайғыров атындағы ПМУ С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхананың медиотекасында өткізеді, онда 90-нан аса электоронды және магнитты таспалар арқылы.

5В020400 «Аспапта орындаушылық» (Образовательная программа) мамандығы бойынша академиялық дәреже Музыка бакалавры беріледі. Оқу формасы: іштей және сырттай (арнайы орта білім).

Кәсіби қызметінің түрлері:Шығармашылық: орындаушылық қызметін жүргізу;

Орындаушылық-технологиялық қызметі: шығармашылық және педагогикалық қызметінің әдістері мен формалары; өнер және мәдениет мекемелерінің қызметінде технологиялық және орындаушылық базасын ұйымдастыру; проектілір: шығармашылық проектілір, фестиваль мен сайыстарды ұйымдастыру, оған белсенді қатысу және т.б.; ғылыми-ізденіс қызметі: өнер, мәдениет және білім саласындағы ізденістері; білім қызметі: оқу мекемелерінде таңдаған маман бойынша оқыту, білім қызметін оқыту, педагогикалық мақсаттырды шешу болып табылады.

Келесі аспаптарды меңгереді: фортепиано, ішекті аспаптар, үрлемелі аспаптар т.б. Түлектерді жұмыспен қамтамастандыру: жалпы орта мектептер, музыкалық мектептер, музыкалық колледжі, шығармашылық студиялар, мәдениет, өнер ошақтары және т.б.