5B080100 «Агрономия» мамандығы (күндізгі, ара қашықтық оқыту формасы) (Білім беру бағдарламасы)

Білім беру бағдарламасы: 1. Егін шаруашылығы, 2. Жеміс көкөніс шаруашылығы

5B080100 «Агрономия» мамандығына студенттер студенттер қабылдайды, оқу соңында «Агрономия бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Біздің мақсат: – жан – жақты дайындағы бар агрономия саласына мамандар даярлау.

Мемлекеттік білім гранты бойынша және ақылы негізде білім алушыларға оңтайлы жеңілдіктер мен төлем ақы жүйелері қолданылады.

Біздің мамандыққа келесі жолмен оқуға түсуге болады: - орта мектеп түлектері ҰБТ нәтижесі немесе кешенді тестілеу көрсеткіштері бойынша. Тестілеудегі тандау пәні – биология. Оқу мерзімі: күндізгі бөлімде – 4 жыл.

- кәсіптік орта білім беретін оқу орындарының (колледж) түлектерінің мамандығы сәйкес болған жағдайда.

Оқу мерзімі: күндізгі және қашықтықтан оқуда: 3 жылдан кем емес.

Жоғары оқу орындарының түлектері. Оқу мерзімі 3 жылдан кем емес.

Колледждің түлектеріне тестілеу 5 пәннен өтеді:

- Қазақ немесе орыс тілі;

- Қазақстан тарихы; 

- Математика;

- Биология;

- Жалпы агрономия.

Университетке оқуға түскен ер азаматтардың әскери міндетін өтеу мерзімі кейінге қалдырылады.

5B080100 «Агрономия» мамандығы студенттері кәсіптік мамандығын игеру үшін келесідей тәжірибелерден өтеді:

- егіншілік саласында өндіріс ұйымдастыруға байланысты және осы үрдістерді басқаруға бағытталған жұмыстарды үйрену;

- ауыл шаруашылығы дақылдарын интенсивті немесе ресурс үнемдеу технологиялары бойынша және өсімдік шаруашылығында еңбектенуді ұйымдастыру және басқа да ауыл шаруашылық жұмыстарына байланысты өндірістік технологияларды игеру;

- өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруге байланысты қаржылық – шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру жолдарын, қаржылық және еңбек ресурстарын есептеуді меңгеру;

- өсімдік шаруашылығы саласында айланысатын жұмысшылар мен мамандарға агрономиялық есеп жүргізу жөнінде консультация өткізуді үйрену.

Агрономия бакалаврының кәсіби қызмет бағыты әрқилы және арнайы сипатты болып келеді.

Бакалаврлардың мақсаты: топырақ құнарлығын сақтау және қалпына келтіру; өсімдіктерді зиянды организмдерден қорғау жолдарын аңықтау және өндіріске енгізу; Нақтылы шаруашылық жағдайында алмаспалы егістіктер схемасын анықтап, дақылдар себілетін жер көлемінің телімдерін даярлау; ауылшаруашылық өндірісіне топырақ өңдеудің энергия және еңбек үнемдеу тәсілдерін енгізу; шаруашылық тынаптарында агроландшафтық ерекшеліктеріне сәйкес кешенді тәсілдер қолдану; ауылшаруашылық дақылдарының заманауы прогрессивті технологияларын қолдану.

Агрономия бакалавры ауыл шаруашылығы өндірісінің технологы ғана емес, ол менеджердің, селекционердің, инженердің білімін игерген маман.

Студенттер арнайы пәндер циклын өткенде келісідей пәндерді оқиды: Агрохимия, Ауыл шаруашылығы дақылдарын аурудан және зиянкестерден қорғау, Ботаника, Топырақтану геология негіздерімен, Ауылшаруашылығы дақылдарының биотехнологиясы, Микробиология, Ауыл шаруашылығында машиналар пайдалану, Экономика және менеджмент, өсімдік шаруашылығы, егін шаруашылығы, мал азығын өндіру, ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы, жеміс және көкөніс шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу технологиялары, т.б. түлектердің кәсіби қызметінің объектілері: акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, жауапкершілігі шектелген серіктестіктер, фермерлік, жекешілік, ұжымдық шаруашылықтар, ауылшаруашылығы бағытының фирмалары және басқа ауыл шаруашылығы құрылымдары.

5В080100 – Агрономия мамандығы түлектері аграрлық сектордың әртүрлі шаруашылық субъектілерінде агроном, өсімдік қорғау, жеміс – көкөніс агрономы, шалғындық агрономы, тұқым өсіруші агроном, тұқым және дақылдар инспекторы, мемлекеттік қызметкері, ауыл шаруашылығы басқармаларының маманы.

6М080100 «Агрономия» мамандығы. Профильді магистратура. Білім бағдарламалары:

1.Өсімдіктерді қорғау

2.Топырақтану

3.Геоботаника

4.Агрохимия

5.Агротехнологиядағы инновациялық ресурстары

6.Егіншіліктің бейімделме жүйесі

6М080100 «Агрономия» ғылыми-зерттеулік магистратура. Білім бағдарламалары:

1.Зерттеулік

Кәсіпкерлік

 

5B080700 «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы (күндізгі, ара қашықтық оқу формасы)

Білім беру бағдарламасы: 1. Орман шаруашылық ісі 2. Парк шаруашылығы және ландшафты дизайн.

5B080700 «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығына қабылданған студенттер оқуын тәмамдағаннан кейін «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» бакалавры академиялық дәрежесіне ие болады.

Біздің мақсатымыз – жан-жақты дайындығы бар орман шаруашылығына мамандар даярлау.

Мемлекеттік білім гранты бойынша және ақылы негізде білім алушыларға оңтайлы жеңілдіктер мен төлем ақы жүйелері қолданылады.

Біздің мамандыққа келесі жолмен оқуға түсуге болады: - орта мектеп түлектері БМТ нәтижесі немесе кешенді тестілеу көрсеткіштері бойынша. Тестілеудегі тандау пәні – биология. Оқу мерзімі: күндізгі бөлімде – 4 жыл.

- кәсіптік орта білім беретін оқу орындарының (колледж) түлектерінің мамандығы сәйкес болған жағдайда.

Оқу мерзімі: күндізгі және ара қашықтық оқуда: 3 жылдан кем емес.

Жоғары оқу орындарының түлектері. Оқу мерзімі 3 жылдан кем емес.

Колледждің түлектеріне тестілеу 5 пәннен өтеді:

- Қазақ немесе орыс тілі;

- Қазахстан тарихы;

- Математика;

- География;

- Дендрология.

5B080700 - «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы студенттері кәсіптік мамандығын игеру үшін келесідегі практикалар өтеді:

- орман реттеу жұмыстарын және ағаш өңдеу өндірісінің заманауи технологиясын меңгеру;

- ботаникалық бақтардың, парктердің жасыл желектерін күтудің практикалық жолдарын білу;

- орман таксациясын және орман есебінің әдістемелерін білу;

- сәулетті – ландшафтық негізде паркті көгалдандыру әдістерін, мәдени жасыл желек және орман өсіру тәсілдерін игеру;

- биотехникалық, орман қорғау жұмыстарын дайындау әдістерін, орман өртін анықтау техникалық жолдарын білу.

Орман шаруашылығы бакалаврының кәсіби қызмет бағыты арқылы және арнайы сипатта болып келеді.

Бакалавлардың мақсаты: орман шаруашылығын тиімді пайдаланудың жылдарын ұйымдастыру, мәдени жасыл желектердің, орман көшеттерін өсірудің заманауи тәсілдерін қолдану, бақ – парк шаруашылығы жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру, мелиорация және орман қорғау шараларын жасау, парк және омандардың инвентарлық жұмысымен айналысу, ағаш кесу жұмыстарын қадағалып, орман және басқа да өнімдерді тиімді пайдаланудың жолдарын іздеуге, орман шаруашылығы жүйесінде табиғат қорғау шаралары кешенін жүзеге асыру. Ормандарға пайдалы және зиянды организмдердің салын анықтау және болжап жасауды жүзеге асыру.

Бакалавр орман парк шаруашылығының тек қана ұйымдыстурышысы емес, сонымен қатар экономист, бухгалтер және инженер маман.

Студенттер арнайы пәндер циклын өткенде келесідегі пәндер оқиды: орман метеорологиясы, инженерлік геодезия және топографиялық сызу, орман қорғау, орманшаруашылығы, орман пайдалану, ағаш өндеу негіздерімен экономика және орман шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру, орман шаруашылығы жұмыстарын механизациялау, орман ресурстарын есептеу, дендрология және басқа сабақтар. Бұл мамандықтың сабақтарын біліктілігі жоғары мамндар жүргізеді.

Аталған мамандық түлектері жұмыспен қамтамасыз етілудің үлкен болашаға бар және келесі мекемелерде жұмыс істеулеріне болады:

• биоресурстар және экология басқаларында;

• ағаш өңдеу, ағаш шариядарын да ерсау мекенелерінде;

• қорықтарда шаруашылығында, қорғалындарды;

• ауыл шаруашылығы басқармаларында, қоршаған ортаны қорғау мекемелерінде;

• дендрариумдарда;

Қала жасыл желектерін ұйымдастыру құрлысында.

Оқу үрдісін жандандыру үшін қалалық және облыстық жоғары білікті мамандыры басты ұжымдарының сабақ жүргізіледі.