Факультет тарихы

Computer Science факультеті 2021 жылы құрылды (физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің негізінде құрылған). Ақпараттық жүйелер, физика, математика саласында мамандарды дайындайды (Бакалавриат: 6B06104 — Computer Science, 6В06102 – Ақпараттық жүйелер, 6B06191 — Блокчейн - инженерия, 6B05301 — Физика, 6В05302 – Техникалық физика, 6B05401 — Математика, 6B05402 — Механика, 6B07104 — Приборостроение; магистр деңгейі: 7M06102 — Ақпараттық жүйелер, 7M06152 — Ақпараттық жүйелер, 7M01501 — Информатика, 7M01551 — Информатика, 7M07105 — Приборостроение, 7M05301 — Физика, 7M05401 — Математика).

Факультетте 2 ғылым докторлары, 15 ғылым кандидаттары және 7 PhD докторлары жұмыс істейді. Факультетте 5 ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар іске асырылды, өнертабыстарға 100 аса авторлық куәліктер мен патенттер алынды, 100 астам ғылыми мақалалар мен  10 монография жарияланды. Факультет «Проманалит» ЖШС, «ЭЛТЭЛ» ЖШС, «SOLID GROUP» ЖШС, «КаzInvestKom» ЖК, «Рубиком» ЖШС,  «SmartErtis» ЖШС, «Техникал Капабилитис СНГ» компаниялармен/ кәсіпорындармен ынтымақтастық жүргізуде.

Факультетте келесі зертханалар бар: Huawei ICT Academy, Графика және дизайн, Киберқауіпсіздік, Бағдарламалау, Жүйелік әкімшілендіру, Робототехника, Кеңейтілген және виртуалды шындық, Жасанды интеллект, Молекулалық физика зертханасы, Механика зертханасы, Оптика зертханасы, Техника ғылымдарының докторы В.О. Волошин атындағы қатты дене физикасы зертханасы, Электр, магнетизм және толқындық процестер зертханасы, Профессор К.К. Қайырбаев атындағы кванттық физика және зат құрылымы зертханасы, Физикалық және механикалық қасиеттерді модельдеу зертханасы және Нанокомпозиттік материалдардың физикалық және механикалық қасиеттері зертханасы.