Кафедра тарихы

 

«Физика, математика және аспап жасау» кафедрасының тарихы өз бастауын 1961 жылдан алады. 2019 жылы «Физика және аспап жасау» және «Жоғары математика және математикалық модельдеу» кафедраларының ғылыми және білім беру дәстүрлерінің бірігуінен тұратын жаңа «Физика, математика және аспап жасау» кафедрасы құрылды.

Кафедрада оқыған мамандар Павлодар облысы мен Қазақстанның әртүрлі ұйымдары мен білім беру орындарында қызмет етеді, соның ішінде: «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» ШЖҚ КМК, «Павлодар кеніштік автоматика зауыты» ЖШС, «Проманалит» ЖШС, «Компания Нефтехим LTD» ЖШС, «Павлодар Электржелілік Тарату Компаниясы» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ, Nazarbayev Intellectual School, Quantum STEM School, «Білім-инновация» лицей-интернаты, ««Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ, «Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ, «Торайғыров университеті» КеАҚ, «Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ, сондай-ақ өңірдегі жалпы орта мектептер мен колледждерде, өндіріс пен кәсіпорындарда, шетелде.

Оқу үрдісін ғылыми-педагогикалық және өндірістік қызметте бай тәжірибесі бар жоғары білікті оқытушылар жүргізеді. Олардың ішінде 6 профессор, 7 қауымдастырылған профессор, 1 ғылым докторы, 11 ғылым кандидаттары, 2 философия докторы (PhD).