Кафедра тарихы

Ақпараттық технологиялар кафедрасының тарихы өз бастауын 2005 жылдан алады. Кафедрада оқытылған мамандар «Проманалит» ЖШС, «ЭЛТЭЛ» ЖШС, «SOLID GROUP» ЖШС, «KazInvestKom» ЖК, «Рубиком» ЖШС, «SmartErtis» ЖШС, «Техникал Капабилитис СНГ» ЖШС және т.б. сияқты ірі кәсіпорындар мен компанияларда жұмыс істейді.

Оқу үрдісін ғылыми-педагогикалық және өндірістік қызметте бай тәжірибесі бар жоғары білікті оқытушылар жүргізеді. Олардың ішінде  4 ғылым кандидаттары, 4 PhD докторлары.