Фото

 

Медетов Нұрлан Әмірұлы 

Басқарма Төрағасы – ректор

 
Толығырақ

Туған күні: 30.12.1978 ж.
Туған жері: Қазақ КСР, Қостанай қ.

Тілдерді меңгеруі: қазақ, орыс, ағылшын

Білімі:
    •    А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, физика-техникалық факультеті, үздік диплом (2000 ж.).
    •    Орал мемлекеттік техникалық университеті – ОПИ, физика-техникалық факультеті, Екатеринбург қ., РФ (2005 ж.).
    •    «Мәскеу электрондық техника институты» ұлттық зерттеу университеті, Мәскеу қ., РФ (2014 ж.).
    •    «Жоғары экономика мектебі» ұлттық зерттеу университеті, Мәскеу қ., РФ (2020 ж.).

Еңбек өтілі:
    •    Қостанай әлеуметтік академиясында лаборант, оқытушы, декан (09.1999 ж. – 02.2007 ж.).
    •    З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің оқу жұмысы және инновациялық технологиялар жөніндегі проректоры (02.2007 ж. – 01.2009 ж.).
    •    З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры (09.2011 ж. – 09.2013 ж.).
    •    З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің «Физика және информатика» кафедрасының доценті (09.2013 ж. – 09.2014 ж.).
    •    З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің инновациялық қызмет жөніндегі проректоры (09.2014 ж. – 02.2015 ж.).
    •    «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК ақпараттық технологиялар факультетінің деканы (02.2015 ж. – 09.2018 ж.).
    •    «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Қостанай филиалының директоры (қоса атқарушы) (09.2016 ж. – 02.2018 ж.).
    •    «Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті» ШЖҚ РМК ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры (09.2018 ж. – 10.2020 ж.).
    •    «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ (Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ мен А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ бірігуі нәтижесінде құрылған) ғылым, интернационалдандыру және цифрландыру жөніндегі проректоры (10.2020 ж. – 04.2021 ж.).
    •    «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» ШЖҚ РМК вице-президенті (04.2021 ж. – 06.2022 ж.).
    •    «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор (06.2022 ж. – 04.2025 ж.).
    •    «Торайғыров университеті» КЕАҚ Басқарма Төрағасы – ректор (04.2025 ж. – қазіргі уақытқа дейін).

 

 

 

Фото

 

Нұрғожин Ренат Жасқаиратұлы

Академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі-проректор

 
Толығырақ

БІЛІМІ:

  • С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 030300 Биология және химия,  биология және химия оқытушысы, 2003 жыл үздік)
  • биология ғылымдарының кандидаты, (қорғау орны: ДС 55.40.01. «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты» АҚ «КазАгроИнновация» ҚР АШМ (Алматы қ.), кандидат дипломы 2011 жылғы 04 мамыр, №4 хаттама).
  • Торайғыров университетінің қауымдастырылған профессоры

Еңбек қызметі:

  • 2003-2006 жж. - «Жалпы биология» кафедрасының оқытушысы
  • 2006-2011 жж. - «Биология және экология» кафедрасының аға оқытушысы
  • 2011-2012 жж. -  Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті деканының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары
  • 2012-2013 жж. -   Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорының орынбасары
  • 2013 ж.- 21.01 18ж. - С. Торайғыров атындағы ПМУ академиялық қызметті басқару департаментінің директоры
  • 21.01.18 - 29.08.2023ж. -  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы Павлодар облысы бойынша филиалының білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің меңгерушісі.
  • 01.09.2023-20.06.2024ж. - "Дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы лицей-интернаты" КММ мұғалімі
  • 13.08.2024ж.  - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы Павлодар облысы бойынша филиалының білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің аға оқытушысы
  • 2025ж.- Академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі-проректор

Келесі марапаттарға ие: 

  • 1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің өркендеуіне кәсіби және өзіндік үлес қосқаны үшін С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ректоры С.М. Өмірбаевтің «Құрмет грамотасы», 2013 ж.
  • 2. «Благодарственное письмо» ректора ПГУ им. С. Торайгырова А.А. Орсариева за успешное проведение государственной аттестации, 2015г.
  • 3. Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтің  «Құрмет грамотасы», 2016 ж.
  • 4. Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Э. Суханбердиеваның «Құрмет грамотасы», 2017 ж.
  • 5. Тәуелсіз Қазақстанның даму жолында қол жеткен табыстары және оның білім саласында  қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Қ. Әбіл «Алғыс хаты», 2021 ж.
  • 6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру жолында қызметкерлерді оқыту ісіне зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Павлодар облысы бойынша филиалының директоры С.Жаргакованың  «Алғыс хаты», 2024 ж.  

 

 

 

Фото

 

Аубакирова Салтанат Советқызы

Стратегиялық даму, халықаралық ынтымақтастық және цифрландыру жөніндегі Басқарма мүшесі-проректор

 
Толығырақ

Білімі:

- жоғары, С. Торайғыров атындағы ПМУ,  2007;

-  философия магистрі, 2010;

- MBA 2025 ж.;

-  PhD докторы ғылыми дәрежесі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  6D020400- «Мәдениеттану»,  2017 ж.

-қауымдастырылған профессор (доцент) ККСОН, 2025

Біліктілікті арттыру:

- Тағылымдама «Max Planck Institute for social anthropology», 2015, Халле қ., Германия;

- How to publish in peer-reviewed journals, Tress Academic, Munich, Germany, 2019;

- «Экономика и управление научно-исследовательской деятельностью в вузе», Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университеті, Санкт-Петербург қ., РФ, 2022 ж.

- 2024 жылы М. В. Ломоносов атындағы ММУ-де "Болашақ-500 ғалым" халықаралық бағдарламасы бойынша "Білім беруді цифрландыру контекстіндегі философия және әлеуметтік-гуманитарлық білім" тақырыбында ғылыми тағылымдамадан өтті (218 сағат).

Марапаттар мен сыйлықтар:

- 2012-2014 жж 1576/ГФ "Толеранттылық және ынтымақтастық қазақстандық қоғамды жаңғырту контекстіндегі мәдениетаралық коммуникацияның негізі" жобасының орындаушысы болды;

- 2021-2023 жылдары АР 09058294 "Кәсіпкерлік университет ҚР жоғары білім беруді трансформациялау тәсілі ретінде: көшу мәселелері" гранттық жобасының жетекшісі болды;

– 2022-2025 жж- АР19674616 "ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Павлодар облысының көркемдік-эстетикалық ортасы" жобасының орындаушысы;

- 2023-2026 жж –  АР23484991"Қазіргі Қазақстанның қоғамдық санасын жаңғырту жағдайында жастардың мәдени толеранттылығы мен діни сауаттылығын арттыру" жобасының орындаушысы болып табылады;

- 2025-2027 жж. AP26194461 "Қазақстанның әлеуметтік-мәдени өзгерістері жағдайындағы білім беру философиясы: мәселелері мен шешу жолдары" гранттық жобасының жетекшісі;

- 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары "Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы"ММ тапсырысы бойынша шаруашылық шарттық тақырыптарды орындауға (әлеуметтік сауалнама жүргізу) қатысады;

- 2018 ж. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытуға қосқан жеке үлесі үшін ҚР Білім және ғылым Министрінің қолы қойылған Құрмет грамотасымен марапатталды.

- 2020 ж. - ҚР БҒМ ЖОО үздік оқытушысы;

- 2023 ж. - «AMANAT» партиясының алғыс хатымен марапатталды;

- 2023 ж. Ғылыми кеңестің шешімімен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Алтын медалімен марапатталды.

- 2023 ж. ҚР ҒЖжБМ мемлекеттік стипендиясының иегері.

Қызмет көрсету саласындағы қызмет:

- 2018 ж. Павлодар облысы бойынша "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру "бағдарламасын іске асыру аясында "Жаңа гуманитарлық білім.  қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы бойынша сараптамалық топтың мүшесі;

- 2017 жылдан осы уақытқа дейін Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының сараптамалық тобының мүшесі;

- 2017-қазіргі уақытқа дейін "AMANAT" партиясының Павлодар облыстық филиалы жанындағы "Мирас" қоғамдық кеңесінің сарапшысы;

- МҒТСҰО ғылыми жобаларының сарапшысы;

- Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің сарапшысы;

-Мәдениеттану мамандығы бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің мүшесі (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ., Алматы қ.).

Жарияланымдар мен презентациялар:

Ғылыми еңбектер тізімі: 150-ден астам ғылыми жарияланымдар, оның ішінде

· Халықаралық рецензияланған ғылыми журналдардағы 16 ғылыми мақала Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) мәліметтері бойынша  1,2 және 3 квартильге кіреді);

·ҚР БҒМ ұсынған, жоғары оқу орындарының, арнаулы орта оқу орындарының, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәжірибесінде пайдаланылатын 60-тан астам оқу және әдістемелік құралдар; 

· ҚР ҒЖБМ КОКСОН ұсынған басылымдарда жарияланған мамандық бойынша 50-ден астам ғылыми мақалалар (тезистер емес);

· 5 монография  

 Scopus бойынша Хирш индексі = 3.

 Scopus базасындағы мақалалар тізіліміне сілтеме  Aubakirova, Saltanat Sovetovna - сведения об авторе - Scopus Preview