​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​

Өтешев Нұрлан Сүлейменұлы -  Директорлар Кеңесінің Төрағасы, Қазақтан Республикасы Кәсіподақ федерациясы төрағасының орынбасары

Білімі:

Қазақ мемлекеттік заң университеті, мамандығы «Құқықтану» (1999ж.)

Жұмыс өтілі:

Қазақ мемлекеттік заң университетінің КВН командасының капитаны «Қазақстанның КВН Суперлигасы» ҚБ-нің Вице-президенті (1996-1999жж.);

Қазақ мемлекеттік заң академиясының проректоры (2000-2002жж.);

«Талапкер» жастар муниципалды қозғалысының төрағасы (2001-2002жж.);

«Жастар таңдауы» жастар ұйымдары блогының тең төрағасы (2002ж.);

Қазақстан Жастар Конгресінің атқарушы директоры (2002-2005жж.);

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жастар саясаты бойынша департаментінің директоры (2005-2008жж.);

«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы (2008-2012жж.);

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі жөніндегі комитеті төрағасының м.а. (2012-2014жж.);

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға ғылыми қызметкері (2015ж.);

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы (2016-2019жж.).

Сайланбалы лауазымдар, депутаттық, өзге де лауазымдар:

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Ә. Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшесі (2011-2011жж.);

«Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы саяси кеңесінің мүшесі (2009 жылдан бастап).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақерке Абылайхан - Директорлар кеңесінің мүшесі

Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (2002ж) мен Германияның Хемниц техникалық университеттерінде (2005ж) химия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін  ғылыми диссертация қорғаған.
Білім беру саласының халықаралық деңгейдегі маманы, 2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде халықаралық білім саласына интеграциялану бағытында еңбек атқарды. 1000 ауған студенттерін Қазақстанда оқыту жобасын, техникалық және кәсіптік-техникалық білім саласында Германия мемлекетінің дуалды білім беру жүйесін енгізу, Қазақ-неміс университетінің қызметін реттеу, Венгрия үкіметімен студенттер алмасу бағдарламасын ашу, Байқоңыр қаласындағы қазақ мектептерінің қазақстандық білім стандарттарына көшіру, Финляндия мемлекетімен орта білім саласындағы ынтымақтастық бойынша жобаларды іске асыруға ат салысқан.
​Корея, Германия мемлекеттерінің білім саласындағы тәжірбиесін зерттеу мақсатында халықаралық білім сарапшыларының құрамында жұмыс жасаған.
​Еліміздің аймақтарында Шымкент (2018-2019ж) және Өскемен (2019-2020ж) қалаларында білім басқармасы мен бөлімдерін басқарған.  Жеке меншік және мемлекеттік жоғары оқу орындарында, атап айтқанда Павлодар қаласындағы Еуразия инновациялық университетінің вице-президенті, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының кеңесшісі қызметтерін атқарған.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының медалімен, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымы төрағасының құрмет грамотасымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері.
  Қазақ, орыс, неміс, ағылшын тілдерін меңгерген. «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектері қауымдастығының құрметті мүшесі.

 

​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​

Ахметов Ербол Сабыржанұлы - Директорлар кеңесінің мүшесі, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары

Білімі: 

Ақмола аграрлық университеті, мамандығы «Экономист менеджер» (2002ж.).

Жұмыс өтілі:

«ҚР Заңнама институты» ЖАҚ, заңнаманы жүйелеу бөлімінің стажері, Астана қ., (2003-2004жж.);

«ҚР Заңнама институты» ЖАҚ, криминологиялық сараптама бөлімінің ғылыми қызметкері, Астана қ., (2004ж.);

«АБК-Құрылыс» Корпорациясы» ЖШС, экономист, Астана қ. (2005ж.);

«АБК-Құрылыс» Корпорациясы» ЖШС, бюджеттік жоспарлау және экономикалық талдау бөлімінің бастығы, Астана қ. (2005-2006жж.);

«АБК құрылыс-монтаж басқармасы-3» ЖШС, жетекші экономист, Астана қ. (2006ж.);

«АБК құрылыс-монтаж басқармасы-3» ЖШС бюджеттік жоспарлау және экономикалық талдау бөлімінің бастығы, бас экономист, Астана қ. (2006-2007жж.);

«БилдИнвестментсгрупп» АҚ Директорлар кеңесі төрағасының көмекшісі, Астана қ. (2007ж.);

«BIGroupAlmaty» ЖШС жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы, Астана қ. (2007ж.);

«АБК Пласт» ЖШС экономикалық бөлімінің бастығы, Астана қ. (2007-2008жж.);

«TerraPlus.kz» ЖШС-ның экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры, Астана қ. (2009-2010жж.);

Қостанай облысы, Таран ауданы әкімінің орынбасарының м.а., орынбасары (2010-2012жж.);

Қостанай облысы, Қамысты ауданының әкімі (2012-2013жж.);

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының м. а., басшысы, Қостанай қ. (2013-2016жж.);

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Астана қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы, Астана қ. (2016-2020жж.).

 

Садыков Еркин Токмухамедович – экономика ғылымдарының докторы, доцент, Басқарма Төрағасы – Ректор.

Білімі: С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, мамандығы: «Саяси экономия» (1986 ж.)

Жұмыс өтілі:                                                  

     КЕАҚ «Торайғыров университет» Басқарма Төрағасы - Ректор (09.2021-қазіргі уақытқа дейін)

     ШЖҚ РМК Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының директорының орынбасары, директоры, Нұр-Сұлтан қ. (05.2020-08.2021)

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төраға орынбасары, Нұр-Сұлтан қ. (07.2017-05.2020)

     Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі, Астана қ. (05.2016-07.2017)

     ШЖҚ РМК Абай атындағы Қазақ ұлтық педагогикалық университетінің бақылау кеңесінің мүшесі (03.2014-05.2016)

     ҰҚ «КазЭкспортГарант» Ақ Басқарма Төрағасы, Алматы қ. (06.2012-02.2014)

     «Тұран» университетінің «Әлемдік және Ұлттық экономика» кафедрасының профессоры, Алматы қ. (09.2011 – 06.2012)

     «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Алматы қ. (04.2009-09.2011)

     «Ұлттық компаниясы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Жетісу» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Алматы қ. (10.2007-03.2009)

     «Ұлттық инновациялық қор» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, Алматы қ. (10.2006-11.2007)

     «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Астана қ. (10.2004-10.2006)

     Алматы қаласы әкімінің мәдени басқармасының және сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі комитетінің төрағасы, Алматы қ. (08.1994-09.2004)

     Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің сыртқы экономикалық қызметі және сауда саясатын дамыту басқарма бастығының орынбасары, Алматы қ. (02.1994-08.1994)

     С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің декан орынбасарының міндетін атқарушысы, Алматы қ. (02.1989-02.1994)

     С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің политэкономия кафедрасының аға оқытушысы, Алматы қ. (08.1988 – 02.1989)

     С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің политэкономия кафедрасының ассистенті, Алматы қ. (09.1986 – 07.1988)

 

Қошумбаев Мақсат Серікұлы - Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеттің Төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі, аудит жөніндегі комитеттің мүшесі, тәуелсіз директор

1986 жылы 23 қарашада дүниеге келген. AIFC Business Connect инвесторлармен жұмыс жүргізу департаментінің директоры. «Болашақ» Президенттік стипендиясының стипендиаты, Бостон Университетінде (АҚШ) экономика саласының магистрі дәрежесін және Ресей кеден академиясының (РФ, Мәскеу қ.) экономика және мемлекеттік басқару бакалавры дәрежесін алған. Бұрын мына қызметтерді: Экономика саясатын жетілдіру департаментінің бас консультанты, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Төрағасы орынбасарының кеңесшісі; ҚР Ұлттық экономика министрлігі Инвестициялық саясат департаменті басқармасының басшысы; ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Кедендік бақылау комитетінде әртүрлі

 

Ақерке Абылайхан - Директорлар кеңесінің мүшесі

Ақерке Абылайхан - PhD докторы-химия ғылымдарының кандидаты (философия докторы) және PhD докторы - жаратылыстану ғылымдарының докторы (Герман жүйесі бойынша). ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін еркін меңгерген. 1976 жылы ШҚО Арқат ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. 1997 жылы Семей пединститутын бітірді - биология және химия мұғалімі. Білімін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – де, кейін «Болашақ» бағдарламасы бойынша Хемниц техникалық университетінде (Германия) жалғастырды. Еңбек жолын «Семей» мемлекеттік университетінің стажер-оқытушысы болып бастаған». 2006 жылдан бастап 12 жыл ҚР БҒМ басшылық қызметтерінде жұмыс істеді. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының саяси менеджмент академиясы директорының орынбасары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Хемниц техникалық университетінің (Германия) ғылыми қызметкері. Шымкент және Өскемен білім басқармаларын басқарды. 2016 жылы ГФР-дың «дуалды білім беру» үкіметтік білім беру бағдарламасына (Кельн және Берлин) және білім беру саласындағы халықаралық сарапшылар семинарына (Сеул) қатысты. 2018 ж.-білім беру мәселелері бойынша «Әйелдер – БҰҰ» ғылыми кеңесшісі. Қазіргі таңда «Болашақ» қауымдастығы кеңесі төрағасының кеңесшісі ретінде жұмыс атқарады.