Фото

Өтешев Нұрлан Сүлейменұлы

Директорлар Кеңесінің Төрағасы, 

Қазақтан Республикасы Кәсіподақ федерациясы төрағасының орынбасары

 
Толығырақ

Білімі:

Қазақ мемлекеттік заң университеті, мамандығы «Құқықтану» (1999ж.)

Жұмыс өтілі:

Қазақ мемлекеттік заң университетінің КТК командасының капитаны «Қазақстанның КТК Суперлигасы» ҚБ-нің Вице-президенті (1996-1999жж.);

Қазақ мемлекеттік заң академиясының проректоры (2000-2002жж.);

«Талапкер» жастар муниципалды қозғалысының төрағасы (2001-2002жж.);

«Жастар таңдауы» жастар ұйымдары блогының тең төрағасы (2002ж.);

Қазақстан Жастар Конгресінің атқарушы директоры (2002-2005жж.);

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жастар саясаты бойынша департаментінің директоры (2005-2008жж.);

«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы (2008-2012жж.);

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі жөніндегі комитеті төрағасының м.а. (2012-2014жж.);

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға ғылыми қызметкері (2015ж.);

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы (2016-2019жж.).

Сайланбалы лауазымдар, депутаттық, өзге де лауазымдар:

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Ә. Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшесі (2011-2011жж.);

«Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы саяси кеңесінің мүшесі (2009 жылдан бастап).

 
Фото

Қошумбаев Мақсат Серікұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционердің өкілі

 
Толығырақ

1986 жылы 23 қарашада дүниеге келген.

Қазақстан мен Орталық Азиядағы Presight AI компаниясының Бас директоры болып табылады. Бұған дейін Astana Hub және Astana International Financial Center (АХҚО), сондай-ақ ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде, ҚР Ұлттық экономика министрлігінде және ҚР Қаржы министрлігінде бірқатар басшылық лауазымдарды атқарған.

"Болашақ" Президенттік бағдарламасының стипендиаты, Бостон университетінде (АҚШ) экономика магистрі дәрежесін алды.

Сондай-ақ, өңірдің ірі IT-паркі-Astana Hub Директорлар кеңесінің мүшесі және Astana Invest Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

 
Фото

Тынысбеков Бауржан Аскарович

Директорлар кеңесінің мүшесі

 
Толығырақ

Туған күні: 17.10.1987
Туған орны: ҚазКСР; Алматы облысы
Отбасылық жағдайы: үйленген

Тілдерді меңгеру:

  • Қазақ, орыс, ағылшын

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

  • Халықаралық бизнес университеті (2011)
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (2014)
  • Ноттингем университеті (Ұлыбритания) (2017)
  • Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті (2020)

Еңбек өтілі:

  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің F-2 басқармасының сарапшысының м.а., Нұр-сұлтан қ. (2012);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің F-2 басқармасының сарапшысы, Нұр-сұлтан қ. (18.05.2012-15.10.2012);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төлем операциялары басқармасының сарапшы-қазынашысы, Нұр-сұлтан қ. (15.10.2012-13.05.2013);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Республикалық бюджет бойынша есептер басқармасының сарапшы-қазынашысы, Нұр-сұлтан қ. (14.05.2013-01.08.2014);
  • ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Еңбекшілдер аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары, Ақмола облысы, Степняк қаласы (02.08.2014-02.01.2018);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу комитетінің мониторингі және талдау басқармасының бас сарапшысы, Нұр-сұлтан қ.. (03.01.2018-12.10.2018);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті F-2 басқармасының бас сарапшысы, Нұр-сұлтан қ. (15.10.2018-31.10.2019);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыз алу департаментінің концессиялық жобалар басқармасының басшысы, Нұр-сұлтан қ. (04.11.2019-31.12.2021);
  • Алматы қаласы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (04.02.2022-22.02.2022);
  • Алматы қаласы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары (23.02.2022-17.09.2023);
  • ҚР ҚМ ҚМЖК Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Батыс Қазақстан департаментінің басшысы, Орал қ.  (18.09.2023-10.2024);
  • ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары (2024 жылдың қазан айынан).
 
Фото

Медетов Нұрлан Әмірұлы

Басқарма Төрағасы – ректор

 
Толығырақ

Туған күні: 30.12.1978 ж.
Туған жері: Қазақ КСР, Қостанай қ.

Тілдерді меңгеруі:
Қазақ, орыс, ағылшын

Білімі:
    •    А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, физика-техникалық факультеті, үздік диплом (2000 ж.).
    •    Орал мемлекеттік техникалық университеті – ОПИ, физика-техникалық факультеті, Екатеринбург қ., РФ (2005 ж.).
    •    «Мәскеу электрондық техника институты» ұлттық зерттеу университеті, Мәскеу қ., РФ (2014 ж.).
    •    «Жоғары экономика мектебі» ұлттық зерттеу университеті, Мәскеу қ., РФ (2020 ж.).

Еңбек өтілі:
    •    Қостанай әлеуметтік академиясында лаборант, оқытушы, декан (09.1999 ж. – 02.2007 ж.).
    •    З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің оқу жұмысы және инновациялық технологиялар жөніндегі проректоры (02.2007 ж. – 01.2009 ж.).
    •    З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры (09.2011 ж. – 09.2013 ж.).
    •    З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің «Физика және информатика» кафедрасының доценті (09.2013 ж. – 09.2014 ж.).
    •    З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің инновациялық қызмет жөніндегі проректоры (09.2014 ж. – 02.2015 ж.).
    •    «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК ақпараттық технологиялар факультетінің деканы (02.2015 ж. – 09.2018 ж.).
    •    «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Қостанай филиалының директоры (қоса атқарушы) (09.2016 ж. – 02.2018 ж.).
    •    «Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті» ШЖҚ РМК ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры (09.2018 ж. – 10.2020 ж.).
    •    «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ (Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ мен А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ бірігуі нәтижесінде құрылған) ғылым, интернационалдандыру және цифрландыру жөніндегі проректоры (10.2020 ж. – 04.2021 ж.).
    •    «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» ШЖҚ РМК вице-президенті (04.2021 ж. – 06.2022 ж.).
    •    «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор (06.2022 ж. – 04.2025 ж.).
    •    «Торайғыров университеті» КЕАҚ Басқарма Төрағасы – ректор (04.2025 ж. – қазіргі уақытқа дейін).

 
Фото

Ахметов Асқар Дүйсенұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, аудит жөніндегі комитеттің төрағасы, тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеттің мүшесі, стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеттің мүшесі

 
Толығырақ

1986 жылы 13 ақпанда дүниеге келген.

Білімі жоғары. 2008 жылы Павлодар университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. 2014 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдады. 2017 жылы Торайғыров университетін бітіріп, экономика және бизнес магистрі дәрежесін алды.

2017 жылдан 2022 жылға дейін «TKR holding» IT компаниясының директоры болды.
2022 жылдан 2023 жылға дейін «SOLID GROUP» ЖШС директоры қызметін атқарды.
2024 жылдан қазіргі уақытқа дейін «INTERACTIVE TKR» ЖШС директоры.

Павлодар қаласындағы Ақпараттық технологиялар колледжінің қамқоршылық кеңесінің төрағасы, «ИЦТТ» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының цифрландыру және логистика салалық кеңесінің мүшесі болып табылады.

 
Фото

Нуркимбаев Сағыныш Маратұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеттің төрағасы, Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеттің төрағасы, Аудит жөніндегі комитеттің мүшесі

 
Толығырақ

1992 жылы 19 қарашада дүниеге келген.

Білімі жоғары. Техника және технология бакалавры, техникалық ғылымдар магистрі, экономика және бизнес магистрі, PhD докторы.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті  «Машина жасау және стандарттау» кафедрасының инженері (2015–2016 жж.);

Павлодар облысы әкімінің аппараты» ММ өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің іс жүргізу жөніндегі инспекторы (2016 ж.);

«Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің бас маманы (2016–2018 жж.);

«Павлодар облысы әкімінің аппараты» ММ инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту мониторингі бөлімінің бас маманы (2018–2020 жж.);

«Павлодар облысы әкімінің аппараты» ММ облыс әкімінің бас инспекторы (2020 ж.);

«Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ басшысының орынбасары, 2021 жылы аталған ММ «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ болып қайта аталды (2020–2024 жж.);

Қазіргі уақытта «Еуразия механикалық зауыты» ЖШС атқарушы директоры.