Кафедраның тарихы

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік унверситетінің 26.08.2002 жылында Ғылыми Кеңестің шешімімен 01.09.2002 жылдан бастап құрылыс, көлік және машина жасау институтының негізінде «Кәсіптік оқыту және инженерлік графика» кафедрасы құрылды. Кафедра 032040 «Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік», 031340 «Кәсіптік оқыту», 554230 «Азық-түлік өнімдердің технологиясы» мамандықтары бойынша дайындық жүргізді. Кафедра меңгерушісі болып Арынгазин К.Ш. тағайындалды. 2004 ж Павлодар Мемлекеттік институтының бөлінуіне байланысты 032040 «Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік» және 031340 «Кәсіптік оқыту» мамандықтары ПМПИ-на берілді, ал 551730 «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» мамандығы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Кәсіптік оқыту және инженерлік графика» кафедрасына берілді. Осыған байланысты «Кәсіптік оқыту және инженерлік графика» кафедрасының атауы «Азық-түлік өнімдердің технологиясы және қоршаған ортаны қорғау» болып өзгертілді. 2010 жылы 554230 - «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы «Биотехнология» кафедрасына ауыстырылды. «Азық-түлік өнімдердің технологиясы және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» (ӨТҚ және ҚОҚ) кафедрасы болып өзгертілді. 2013 жылы кафедрада 5В012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы ашылды, сол себепті кафедра атауы «Кәсіптік оқыту және қоршаған ортаны қорғау» (КОжҚОҚ) кафедрасы болып өзгертілді.

Қазіргі кезде «КО және ҚОҚ» кафедрасы 5В073100 «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» (бакалавриат), 6М073100 - «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» (магистратура), 5В012000 – «Кәсіптік оқыту» (бакалавриат) мамандықтары бойынша мамандар дайындауды жүргізеді. Мамандықтар мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытылады.

2010 жылы – АҚ «Компания Нефтехим LTD» ЖШС, 2012 жылы – Павлодар қаласының ТЖ бойынша басқармасы, 2013 жылы – «Талапкер-ПВ» 2016 жылы – в ЖШС ҚК «Атамұра», 2017 жылы – ЖШС «Компания Нефтехим LTD», 2018 жылы– ЖШС «ЭкостройНИИ – ПВ» кафедра филиалдары ашылды.

Кафедраның келесі филиалдары ұйымдастырылды: 2010 жылы - «Компания Нефтехим LTD» ЖШС, 2012 жылы Павлодар қаласының Төтенше жағдайлар басқармасында, 2013 жылы - «Талапкер-ПВ» ЖШС, ал 2016 жылы - «СК Атамуру» ЖШС, 2017 жылы - «Компания Нефтехим ЛТД» ЖШС, 2018 жылы - «ЭкостройНИИ - ПВ» ЖШС.

«Кәсіптік оқыту және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы ҚР экономикасының және өнеркәсіптің әртүрлі салалары бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламалары үшін жоғары білікті кадрлар даярлаудың жетекші оқу және ғылыми-әдістемелік базасы болып табылады.

Кафедра Новосібір мемлекеттік техникалық университетімен және Лунд университетімен (Лунд, Швеция) халықаралық қатынастарда.

«Академиялық мобилділік» бағдарламасы негізінде Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, М. Әуэзов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетімен студенттермен алмасуда.

2018 жылдан бастап КОжҚОҚ кафедрасының меңгерушісі болып т.ғ.к. М.К. Бейсембаев тағайындалды.

 

КАФЕДРА БАСШЫЛЫҒЫ

alt

Т.А.Ә.: Бейсембаев Мұрат Құлханұлы

Лауазымы: Кафедра меңгерушісі

Ғылыми, академиялық дәрежесі: техника ғылымдарының кандидаты

Ғылыми, академиялық атағы: ПМУ доценті

Білімі: жоғары, Павлодар индустриальды институты өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша, біліктілігі - инженер құрылысшы, 1983ж.; аспирантура Кучеренко атындағы темірбетонды ғылыми-зерттеу институты 052301 – Құрылыстық конструкциялар, ғимараттар мен үймереттер мамандығы бойынша Мәскеу қ.,1991ж.

Оқыту пәндері: өмір тіршілігі қауіпсіздігінің негіздері, еңбекті қорғау, өмір тіршілігі қауіпсіздігі, өндіріс қауіпсіздігінің негіздері.

Жұмыс өтілі: 40 жыл

Ғылыми, еңбектер тізімі: 30-дан аса. «Жерасты құбырында қозғалатын синусоидалдық жүктеменің кезеңдері мен жылдамдығының қоршаған тұқымды алқапқа әсері», «Вестник ТюмГУ», Тюмень, 2012ж., «Көліктік жүктемеде екі қабатты қаптамамен бекітіліп, тайыз орналасқан тоннель динамикасының математикалық моделдеуі», Халықаралық материалдар ғылыми-практикалық конф. «Геомеханика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту мәселелері», Алматы, 2012ж., Апат жағдайларлардағы іс-әрекеттерге мұнай техникалық кәсіпорындарындағы өндірістік қызметкерлердің дайындығы, «Вестник ПГУ. Сер. хим.-техн.» Павлодар, 2016, «Көліктік жүктемелердің әсерінен жерасты құбырларының динамикасы», («Austria Science», Innsbruck, 2018, «Екі қабатты қабықшадағы жылжымалы кеңістіктің мерзімді жүктемеге реакциясы», Materials of the XIII International scientific and practical conference «Scientific horizons – 2018», Sheffield, 2018, «Туннель төсенішінің геометриялық параметрлері және оның байланыс жағдайлары массивпен жүктеменің сыни жылдамдық шамасына әсер етуі», «Colloquium-journal», Warszawa, 2018ж. және т.б.

Ғылыми зерттеу саласы: Мықтылығы жоғары күшті емес арматурамен қысаң темірқұйматас элементтердің мықтылығы.

Кәсіби жетістіктері: Өнертабысқа 15 патенті бар. Құрылыс облысында нормативті-техникалық құжаттарды дайындауға қатысады. Университеттің дамуына ерекше үлес қосқаны үшін «С.Торайғыровтың 125 жылдығына арналған мерейтойлық медаль» марапатталды.(2018 ж.)

 

Кафедра мекен-жайы:

Павлодар қ., ак. Чокин көшесі, 139

С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті

«КО және ҚОҚ» кафедрасы, Б-112а

Байланыс телефон: 67-36-23, 12-25

 

 

Профессор – оқытушылар құрамы

Мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы

Материалды-техникалық база

Ғылыми – зерттеу жұмыстары

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары

Үздік түлектері

Кафедра жетістіктері

Оқу-әдістемелік жұмысы

Тәрбие жұмысы

Өнеркәсіп қауіпсіздігінің негіздері бойынша электронды оқулық

Дипломдық жұмыстар/жобалар, магистрлік және докторлық диссертациялар тақырыптары

Мамандандырылған аккредитация туралы куәліктер

Шарттар

Сертификаттар

Аккредитеттеу сертификаты