Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттары:

1. Өндіріс кәсіпорындарын автоматты жобалау;

2. Өндіріс кәсіпорындарының тастандыларынан қоршаған ортаның ластануын компьютермен есептеу әдісі ;

3. Қоршаған ортаны инженерлік қорғау мәселелері.

Біздің университеттің сама менеджментінің жүйесі БСН 9001-2000 халықаралық стандартына сәйкес, ол біздің аймақта бірінші рет берілген 2006 ж. 23 қаңтарындағы IQ Nеt № 06.022.026 сертифакатымен расталған.

Оқыту тілі: қазақ және орыс тілдерінде

Ғылыми-зерттеу жұмысы барлық оқытушылардың жеке жоспарларында жоспарланған.

Шығармашылық ғылыми-зерттеу жұмысының орындалуының тиімділігі магистрлік диссертацияны табысты қорғау және кандидаттық диссертацияны алдын-ала қорғау және қорғаумен, оқу құралдарын жариялаумен, сол сияқты түрлі деңгейдегі аймақтық және халықаралық конференцияларда баяндамалар жасаумен, ПМУ, АТУ, Шәкәрім атындағы СМУ ғылыми журналдарында мақалалар жариялаумен және Ресей және қашық шетелдердің орталық журналдарында мақалалар жариялаумен расталады.

Кафедраның көптеген зерттемесі оқу үдірісіне, магистранттардың диссертация жұмыстарына, сол сияқты студенттердің дипломдық жұмыстарына енгізілген.

Кафедраның профессор-оқытушылық құрамы жыл сайын жоғары оқу орны аралық, республикалық байқауларға, көрмелерде, ғылыми конференцияларға қатысады.

Кафедраның ПОҚ тобы: Қ. Ш. Арынғазин, А. К.Алдунгарова, А. К. Тлеулесов,  Д. Қ. Асаинова Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкімен жасалған "Өнімді инновацияны  ынталандыру» жобасы грантын ұтып алды.