Мамандықтар және білім беру бағдарламалары туралы

КО және ҚОҚ кафедрасы жоғары кәсіби білім беру мамандарын бакалавриат екі мамандық бойынша, ал магистратура 1 мамандық бойынша дайындайды.

5В073100 – «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» КОжҚОҚ мамандығы бойынша техника және технология бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Білім беру бағдарламасы

Бакалаврлардың кәсіби қызметінің нысаны болып зерттемемен айналысатын, технологиялық жүйелерді енгізу және пайдалану, төтенше жағдайларда өртті, экологиялық, химиялық, радиациялық және де басқа қауіпті жағдайларды болдырмайтын желі мен қорғаулар бар кәсіпорындар мен ұйымдар; жобалау-ізденіс институттары, бюро, фирмалар және т.б. саналады.

Бакалаврлардың кәсіби қызметінің мазмұны жобалар мен бағдарламалардың, техникалық шешімдердің таратылуы мен бақылауының зерттемелерінен және өрт, экологиялық, химиялық, радиациялық, биологиялық шаралардан, басқа да қауіпсіздік түрлерінен; қоршаған ортаны қорғау мен оның құрамдары (әуә қауызы, жерлі, сулы, биотикалық және басқа да ресурстар) техногенді әсерінен тұрады.

Білімді жалғастыру мүмкіндіктері:

• 6М073100 - «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау», 6М070900 - Металлургия (БББ – металлургиядағы ӨТҚжҚОҚ - профильдік) 6М072100 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы (БББ – мұнайхимиядағы ӨТҚжҚОҚ - профильдік) мамандықтары бойынша магистратурада оқу, оқу мерзімі: профильді магисртурада – 1,5 жыл, ғылыми – 2 жыл.

5В012000 – «Кәсіптік оқыту» - кәсіптік білім беру бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Білім беру бағдарламасы

Бітірушілердің мамандандырылуы мына бағыттарда:

- өнеркәсәптік өндіріс (құрылыс, өнеркәсәптік өндіріс және қоршаған ортаны қорғау, азық-түлік өндірісі;

- қамтамасыздандыру өндірісі (ақпараттық технологиялар);

Бітірушілерге мамандандырылуына байланысты жалпы техникалық және арнайы пәндердің оқытушысы немесе кәсіптік білім берудің педагогі біліктілігі беріледі. (сала бойынша).

Кәсіби қызметтің нысаны болып жалпы орта білім беру, бастауыш және орта кәсіби білім беру жүйелеріндегі жұмыс, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру, магистратурада, PhD докторантурада оқу саналады.

Кәсіби қызметтің мазмұны - орта және жалпы білім беру мектептерінде, колледж, лицейлерде жұмыс жасау кәсібінің кешені бойынша арнайы технологиялар бойынша жалпы техникалық пәндерді оқыту; жоғары, кәсіби орта, және бастауыш білім беру жүйелерінде өндірістік оқу шеберімен жұмыс.

Бізге оқуға түсе алады:

- ҰБТ және кешенді тестілеу нәтижесі бойынша жалпы орта білім беру мектептерінің түлектері, таңдау пәні – ФИЗИКА.

Оқу мерзімі: жалпы орта білім беру негізінде күндізгі – 4 жыл, арнайы орта білім беру негізінде – 3 жыл, жоғары білім беру негізінде – 3 жыл.

Оқыту мемлекеттік білім беру гранттары немесе ақылы түрде икемді жеңілдіктер жүйесі қарастырылған келісім-шарт негізінде жүргізіледі.

 

МББ