Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64 мекенжайы бойынша орналасқан «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Экономика және құқық» факультетінің деканы, «Энергетика және компьютерлік ғылымдар» факультетінің деканы, «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы, «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің деканы, «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» факультетінің деканы, «Инженерия» факультетінің деканы бос лауазымына конкурс жариялайды.
Қызметтің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.
Қызметтің мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және білім беру, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
- Жоғары білімі, факультет, кафедра бейіні бойынша ғылым докторы немесе кандидаты, PhD докторы ғылыми дәрежесінің болуы;
- Білім беру ұйымдарындағы ғылыми-практикалық қызмет өтілі 5 жылдан кем емес, басшылық лауазымдарында 3 жылдан кем емес;
- ҚР қолданыстағы заңнамасын білу, білім беру саласындағы нормативтік актілерді білу;
- Microsoft Office бағдарламаларында жұмыс істеу (Word, Excel, PowerPoint).
Конкурсқа қатысу үшін университетке қағаз немесе электронды тасымалдағышта келесі құжаттар ұсынылады:
1) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтініш (үлгі https://tou.edu.kz/upload/zayv_ шаблон.docs сайтында орналастырылған)
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) № 086 нысан бойынша Медициналық анықтама;
4) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері және оларды салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы есептер бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
6) «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтындығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
7) «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтындығы туралы психоневрологиялық ұйымнан анықтама»;
8) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
9) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
10) университеттің ғылыми хатшысымен расталған ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізімі (үлгі орналастырылған https://tou.edu.kz/upload/spisok_shablon.docs);
11) университеттің даму стратегиясына сәйкес факультетті дамытудың перспективалық жоспары, https://tou.edu.kz сайтында.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Байқаудың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде университеттің HR-қызметіне (каб. 226) тапсыру немесе psu@pgu.kz поштасына жіберу қажет