Ғылыми-зерттеу жұмысы

Факультеттің ғылыми-зерттеу жұмысы ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету факторы ретінде инновациялық белсенділікті арттыру механизмдерін жасақтау, жаһандану жағдайында Қазақстан экономикасының өзекті мәселелерін зерттеуге бағытталған.

Ғылыми-зерттеу жұмысы бірнеше бағытта жүзеге асырылады: ғылыми жобаларға және сайыстарға қатысу,халықаралық ғылыми конференциялар ұйымдастыру, мерзімдік басылымдарда ғылыми нәтижелерді жариялау.

ҚР БҒМ қаржыландыратын түпкілікті ғылыми зерттеулер гранттары ұтып алынды.

Студенттер бірінші курстан бастап ҒЗЖ саласында қызмет атқара бастайды. Жыл сайын университетте жас ғалымдар, студенттер мен оқушыларға арналған дәстүрлі «Сәтпаев оқулары» өтеді, ол 2007 жылдан бастап халықаралық статусқа ие болды. Факультет студенттері конференцияларға қатысу үшін Қазақстанның басқа қалаларына және жақын шетелге шығуға да мүмкіндіктері бар. Олар жеке инвесторлардың студенттік клубы зерттеу жұмыстарына, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ «Жас ғалым» бағдарламасының аясында ұйымдастырылатын СҒЗЖ-на және зерттеу шараларына ат салысады. Жыл сайын студенттік зерттеу жұмыстарына 100-ден артық студент қатысып отырады.

Студенттердің ҒЗЖ университет аясында ғана шектелмейді. Студенттердің ғылыми жұмыстарының деңгейі мен сапасы оларды әр түрлі деңгейдегі конференцияларға: университеттік, аймақтық және республикалық конференцияларға қатысуға мүмкіндік береді.