Кафедралар мен факультеттің әдістемелік жұмыс саласының сапалық жағының мақсаттарына сәйкес, оқу үрдісінің әдістемелік қамтамасыз етіліуінің жоғары деңгейіне қол жеткізілді. Мамандықтардың оқу-әдістемелік кешендері кафедралардың барлық мамандықтары бойынша қазақ пен орыс тілдерінде толық көлемде құрастырылды. Элективті пәндердің каталогтары нарық конъюнктурасы мен жұмыс берушілердің ұсыныстарына сәйкес, соңғы өзгертулерді қосып, жүйелі түрде жаңартылады.
Пәндердің оқу-әдістемелік кешендері барлық факультет кафедраларында 100 % құрастырылған, осы кешендер студенттерге толық көлемде және қол жетімді түрде универсиет порталында ораналасқан.
Факультет кафедраларында сабақтарды өткізудің сапасын бағалау үшін оқытушылардың өзара сабақтарға қатысуы мен ашық сабақтары өткізіледі.
Студенттердің оқу жетістіктерін бағалауы балдық-рейтингтік жүйесінде, пәнді зерделеу үрдісінде үлгерімнің ағымдағы бақылау және қорытынды бақылау түріндегі – емтихандық сессия кезеңінде жасалады.
Факультетте тұрақты түрде студенттер мен магистранттардың аудиторлық сабақтарға қатысуы бойынша бақылау жүргізіледі. Студенттердің межелік пен қорытынды бақылауларының талдауы жүргізіледі және оның нәтижесінде ескертушілік пен коррекциялық шаралар жасалынады.
Студенттер бірінші курстан бастап, теориялық білімдерін бекіту және тәжірибені алу үшін оқу және кәсіби тәжірибеден өтеді. Бірінші қатардағы кәспорындар, банктер мен облыстардың ұйымдары - тәжірибенің негізгі орындары болып табылады.
Факультетте академиялық ұтқырлық бойынша жұмыс белсенді түрде іске асырылуда.
Факультетте сыртқы (халықаралық) академиялық мобильділікпен қатар, ішкі (ұлттық) академиялық мобильділік, яғни алдыңғы қатардағы қазақстандық жоғары оқу орындарда оқу мүмкіндігі бар.
Бағдарламалар
6B04107 — Цифровые финансы
6B04105 — Государственное и местное управление
6B04202 — Правовое обеспечение предпринимательской деятельности
6B04203 — Правовое обеспечение государственного управления
7M04106 — Государственное и местное управление
7M04156 — Государственное и местное управление
7M04131 MBA — Стратегическое управление и лидерство
8D04101 — Экономика
8D04112 DBA Деловое администрирование
Тел. 8 (7182) 673656 (ішкі 1196
e-mail: ernazarov.t@tou.edu.kz