«Тұлғалық дамыту және білім беру» кафедрасының тәрбие жұмысы болашақ мамандардың кәсіби және тұлғалық қалыптасуының ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады және білім алушыларда патриотизмді, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, қазіргі өмір жағдайында адамгершілік, мәдени және ғылыми құндылықтарды сақтау және көбейту, университет дәстүрлерін сақтау және жаңғырту мақсатында жүргізіледі.
Қазіргі уақытта қоғам идеологиясы жоғары білімнің алдына мамандар даярлауда жаңа міндеттер қояды. Соңғы жылдары тәрбие процесі білім беру ұйымдарының басым бағыттарының біріне айналды. Мемлекеттің білімді, іскер, кез келген жағдайда өз бетінше шешім қабылдауға дайын адамды тәрбиелеуге арналған әлеуметтік тапсырысы Республика Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында да көрініс табады.
Тәрбие жұмысы «Торайғыров университетінің тәрбие жұмысының тұжырымдамасында» айқындалған міндеттер мен қағидаттарға сәйкес жүргізіледі. Студенттермен негізгі тәрбие жұмысын академиялық топтардың эдвайзерлері жүргізеді. Академиялық топтардың эдвайзерлері білім алушылармен тығыз ынтымақтасады, туындаған барлық мәселелерді уақтылы шешеді, академиялық топтардың сабаққа қатысуы мен үлгерімін бақылайды, аралық бақылау қорытындыларын ай сайын талдайды, жеке мәселелерді шешуге көмектеседі.
Оқу жылының басында бірінші курс эдвайзерлері нормативтік құжаттармен, Торайғыров университетінің миссиясымен және университет кампусының ішкі тәртіп ережелерімен танысады.
Кафедраның білім алушылармен негізгі жұмысы үлгерімнің жоғары сандық және сапалық көрсеткіштерін қамтамасыз етумен байланысты.
Талдау көрсеткендей, эдвайзерлердің және жалпы кафедраның үлгерім және сабаққа қатысу мәселелері бойынша жүйелі жұмысы үлгерімнің сапалық көрсеткіштеріне және сайып келгенде контингенттің сақталуына әсер етеді. Үлгерімсіздіктің жекелеген жағдайлары деканатпен бірлесіп жұмыс тәртібімен шешіледі. Контингентті сақтауда студенттердің үлгеріміне тікелей әсер ететін күнделікті сабаққа қатысуды бақылау ерекше рөл атқарады. Мемлекеттік грант иегерлерінің үлгерімінің жақсы көрсеткіштерінің маңызды факторы – жоғары стипендия алу мүмкіндігі, шарттық негізінде оқитын білім алушыларда – үздік оқу үшін ақы төлеу бойынша жеңілдіктер бере отырып оқу мүмкіндігі болып табылады. Ол үшін эдвайзерлер тұрақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Білім алушылармен оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру жолдарын іздеу студенттік бастаманы, ынтымақтастық негізінде құрылған тығыз қарым-қатынасты дамытуды көздейді. Топ эдвайзерлері білім алушылармен, ата-аналармен және оқытушылармен үнемі байланыста болады.
Тәрбие жұмысының тиімділігін білім алушылардың тәрбие деңгейі бойынша да бағалауға болады. Студенттермен бақылау және әңгімелесу нәтижелері оқуға, басқаларға, жұмысқа, өзіне деген оң көзқарасты қалыптастыруда проблемалар анықталмағанын көрсетеді. Оқытушылар ұжымындағы, оқытушылар мен студенттер арасында жақсы қарым-қатынас студенттік ұжымдарда қолайлы климатты қалыптастыруда оң нәтиже береді, бұған эдвайзерлердің бақылаулары, студенттермен әңгімелер дәлел бола алады.
«Адамгершілік тәрбие» бағыты бойынша жұмыс «Торайғыров университетінің Кампусының ішкі тәртіп ережелерімен танысу» тақырыбында эдвайзерлік сағаттар арқылы жүзеге асырылады, жетім білім алушылар үшін қайырымдылық акцияларына, қаражат жинауға қатысу.
Еңбек тәрбиесі және кәсіби бағдар беру жұмысы мынадай іс шараларды жүргізуді қамтиды:
- түлектермен кездесу үшін қала мектептеріне ерікті студенттердің шығуы;
- студенттердің университет ғимараттары мен аумағын тазалауға және абаттандыруға қатысуы;
- магистратурада одан әрі оқу туралы бітіруші курс студенттерімен әңгімелесу;
- эдвайзер сағаттары.
Сонымен қатар, кәсіби қызығушылықты дамытуға «Аутизм туралы ақпарат күні», «Психолог күні», «Әлеуметтік қызметкер күні» сияқты жыл сайынғы іс-шаралар, олимпиадаларға, конкурстарға, пікірталастарға, дөңгелек үстелдерге, форумдарға қатысу және т. б. ықпал етеді.
Құқықтық тәрбие жұмысы жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі онкүндікке студенттердің қатысуын, Павлодар қаласының құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесулерді ұйымдастыруды, құқықтық ағартуды көздейді. Академиялық топтардың эдвайзерлері тәрбие жұмысының құқықтық бағытын ашатын тақырыптық эдвайзерлік сағаттар өткізеді.
Студенттердің жалпы жоғары оқу орындарының, қалалық ауқымдағы іс-шараларға қатысуы тәрбиелік міндеттерді шешуге ғана емес, сонымен қатар білім беру бағдарламаларының оң имиджін қалыптастыруға да ықпал етеді. Нашақорлық пен ЖИТС алдын алу мақсатында тақырыптық эдвайзерлік сағаттар, әңгімелер өткізіледі. СӨС қалыптастыру үшін темекі шегудің алдын алуға бағытталған эдвайзерлік сағаттар өткізіледі, студенттер спорттық іс-шараларға қатысады.
Бір жыл ішінде кафедраның ПОҚ кафедраның білім беру бағдарламалары студенттерінің қала, ЖОО деңгейінде, ББ ішінде өткізілетін барлық іс-шараларға қатысуын ұйымдастыруға қатысады. Осылайша студенттер мерекелерге, бұқаралық іс-шараларға белсенді қатысады:
- Денсаулық күні;
- Студенттер қатарына қабылдау;
- Психолог күні;
- Әлеуметтік қызметкер күні;
- ЖИТС-пен күрес күні;
- қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесулер;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған жалпықалалық акциялар;
- сенбіліктер.
Кафедраның ПОҚ университет кампустарында кезекшілік жүргізуге ерекше көңіл бөледі. Кестеге сәйкес факультеттің ПОҚ бөлмелердің санитарлық жағдайын тексеру, ішкі тәртіп ережелерін сақтау мақсатында жатақханаға жүйелі түрде рейдтер жасайды.
Жалпы студенттер тәртіпті сақтайды, бұзушылықтар мен ескертулер жоқ.
Тел: 8 (7182) 673685 (іш. 1139)
E-mail: kafedrapip@mail.ru