Оқу-зертханалық база

Кафедрада практикалық психология кабинеті жұмыс істейді.

Кабинетте келесі пәндер бойынша дәріс және тәжірибелік сабақтар өткізіледі: Эксперименталды психология, Конфликтология, Психодиагностика және т.б.

Топтық кеңес беру кабинеті бар, онда "Психологиялық кеңес беру негіздері", "Коучинг", "Топтық кеңес беру" пәндері бойынша тренингтер, сабақтар өткізіледі. 

2024 жылы қаңтар айында "Тұлғалық дамыту және білім беру" кафедрасының базасында ЖТН № АР19679880 "Ерекше білім беру қажеттіліктері бар ЖОО студенттерінің кәсіби құзыреттілігін дамытудың психологиялық-педагогикалық шарттары (Павлодар өңірінің мысалында)" жобасын іске асыру шеңберінде инклюзивті білім беру үшін кабинет ашылды.

Оқу процесінде техникалық білім беру құралдары қолданылады: проекторлар, интерактивті тақта, компьютерлер, ноутбуктар. Тәжірибелік сабақтарда диагностикалық және түзету материалдары қолданылады: Кос Кубиктері, Шульте Кестесі, МАК.