Аудитория имени Абилова Шахимардана Кайдаровича A25

Абилов Шахимардан Қайдарұлы

1950 жылы 23 сәуірде Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Арбиген ауылында туған.

Опера әншісі, ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1994), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2006), Қазақстанның халық әртісі (2023).

1981 ж. – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген – опера, концерт, камералық әнші, оқытушы.

1981-1989 жж. – Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармонияның солисті.

1989-2015 жылдары – Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солисті.

1989-1997 жылдары – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокал және опера дайындығы факультетінің деканы.

1997-2015 жылдары – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының ән бөлімінің меңгерушісі.

2015 ж. – Қазақ ұлттық өнер университетінің «Вокалдық өнер және хор дирижері» кафедрасының профессоры.

2017-2019 жылдары – Қазақ ұлттық өнер университетінің «Вокалдық өнер және хор дирижері» кафедрасының меңгерушісі.

2019-2022 жылдары – Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының опера труппасының жетекшісі.

2022 ж. қазіргі уақытқа дейін «Торайғыров университеті» КЕАҚ «Орындаушылық өнер» кафедрасының профессоры.

 

Марапаттары

 

• Қазақстанның халық әртісі (2023)

• Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1994)

• Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2006) – «Абылай хан» операсы үшін.

• 3-дәрежелі «Барыс» ордені (2015 ж.)

• «Құрмет» ордені

• Халықаралық шығармашылық академиясының академигі

• Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері

• «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалі (2005 ж.)

• «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016 ж.)

• «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы

• «Павлодар облысының Құрметті азаматы» атағы

• «Павлодар облысы Шарбақты ауданының Құрметті азаматы» атағы

• Қазақ ұлттық опера өнерін дамытудағы адал еңбегі үшін және туғанына 70 жыл толуына байланысты «Алтын барыс» төсбелгісімен марапатталған Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты. (2020 жылдың сәуірі).