Торайғыров университетінің 2024 жылға дейінгі сапа саласындағы мақсаты

Торайғыров университет миссиясына, сапа саласындағы саясатына және стратегиялық даму жоспарына сәйкес келесі мақсаттарды алдына қояды:

1 Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі ЖОО-ның орны мен рөлі:

- ұлттық рейтингтегі позициясы – ТОП 5;

- халықаралық рейтингтердегі позициясы, оның ішінде: QS EECA – ТОП 100, Webometrics – 4900 орын, Австралиялық рейтинг (InternationalColleges&Univesities) – 4800 орын;

- бақылау және Қамқоршылық кеңесінің, Директорлар кеңесінің тиімді қызметі;

- ЖОО-ның оң имиджін қалыптастыру мақсатында университетте болып жатқан іс-шаралардың ақпараттық ашықтығы мен транспаренттілігін қамтамасыз ету – 100 %;

- университет дербестігі, интеграцияланған кәсіпкерлік мәдениет (басшылық пен жетекші профессорлардың университеттің табысты және тұрақты дамуының ажырамас шарты ретінде инновацияларды қабылдауы);

- сыртқы және ішкі корпоративтік басқару жүйесін қалыптастыру негізінде университет қызметі;

- басқарудың сызықтық-функционалдық құрылымын жою және басқарудың дивизиялық-матрицалық құрылымына көшу;

- жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінің нәтижелері бойынша үздік бестікке енген бакалавриат және магистратура мамандықтарының саны – 85 (2024 жыл).

2 Академиялық саясат:

- білім алушылар контингентінің жалпы саны – 13080 адам (2024 жылға қарай);

- жалпы түлектер санынан мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі – 85 % (2024 жылға қарай);

- іске асырылып жатқан білім беру бағдарламаларының жалпы саны – 172 бірлік (2024 жылға қарай);

- дуальді оқыту технологиясы бойынша іске асырылатын білім беру бағдарламаларының үлес салмағы – 70 % (2024 жылға қарай);

- салалық қауымдастықтар мен кәсіпорындардың тапсырысы бойынша әзірленген инновациялық білім беру бағдарламаларының үлесі – 10 %;

- ағылшын тілінде жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының үлесі – 10 % (2024 жылға қарай);

- жақын және алыс шет елдерден ЖОО ПОҚ саны – 50 адам (2024 жылға қарай);

- біліктілікті арттырудан және шетелдік тағылымдамадан өткен ПОҚ саны – 110 адам (2024 жылға қарай);

- «ЖОО-өңір-бизнес-қоғамдастық» жүйесінде интеграциялық корпоративтік менеджментті әзірлеу;

- магистратура және докторантура бағыттары бойынша қосымша білім беру бағдарламаларын ашу, халықаралық тәжірибеде танылған MINOR, MBA және DBA бағдарламаларын ашу, білім беру бағдарламалары нарығында тиімді маркетингтік саясат жүргізу;

- модульдік білім беру бағдарламаларын сапалы жетілдіру, білім беру бағдарламаларының материалдық инфрақұрылымына инвестицияларды кеңейту және ПОҚ біліктілігін арттыру;

- еңбек нарығындағы білімі, дағдылары мен құзыреттерінің құнын ескере отырып, даярланатын түлектердің сапасын градациялау жүйесі мен тетіктерін әзірлеу.

3 инновациялық әлеуетті дамыту және оған қол жеткізу:

- ғылым мен инновацияның әлемдік трендтерін зерттеу және терең талдау;

- «Индустрияландыру 4.0» басымдықтарын ескере отырып, ЖОО-дағы зерттеулердің ғылыми трендтерінің ҒЗТКЖ әлемдік трендтеріне кешенді сәйкестігін қамтамасыз ету;

- ҒЗТКЖ нарығының аймақтық және республикалық маркетингінің тиімді жүйесін құру және практикада қолдану;

- инновациялық кәсіпкерлік жобаларды іске асыру үшін білім алушылардың нысаналы топтарын құру;

- инновациялық ғылыми-зерттеу бағдарламаларын қаржыландыру;

- білім алушылар мен ПОҚ қатысуымен кәсіпкерлік жобаларды іске асыру үшін өңірлік кәсіпорындарда жобалық құрылымдар құру;

- ғылыми-зерттеу материалдық базасын кешенді жаңарту, қайта құру және жаңғырту;

- жалпыеуропалық құзыреттіліктерге (стандарттарға) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар ПОҚ үлесі – 10 % (2024 жылға қарай).

4 Ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерцияландыру:

- БҒСБК ұсынған журналдардағы жарияланымдар саны – 1300 бірлік (2024 жылға қарай);

- халықаралық дәйексөз базаларына кіретін журналдардағы жарияланымдар саны – 350 бірлік (2024 жылға қарай);

- университет ғалымдары алған патенттер саны – 55 бірлік (2024 жылға қарай);

- қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға қатысатын ПОҚ үлес салмағы – 60 %;

- халықаралық ғылыми және білім беру жобаларының саны – 11 бірлік;

- коммерцияландыруға қол жеткізетін ПОҚ бастамашыл дербес кәсіпкерлік жобаларының саны – 50 бірлік (2024 жылға қарай);

- коммерцияландыруға жоспарлы қол жеткізетін бастамашыл дербес студенттік кәсіпкерлік жобалардың саны – 580 бірлік (2024 жылға қарай);

- ЖАО және бизнес өкілдерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалардың үлесі – 10 %;

- қаржыландырылатын ҒЗТКЖ көлемін орындау – 1 390 мың теңге (2024 жылға қарай);

- ЖОО бюджетіндегі ҒЗТКЖ кірісінің үлес салмағы – 4,1%

 

Ғылыми кеңестің отырысында бекітілді (2020 жылғы 28 қазандағы № 3 хаттама)