Миссиясы – Аймақ экономикасының интеллектуалды орталығы болу
Пайымдауы – Қазақстандағы ең үздік кәсіпкерлік жоғары оқу орны.
Торайғыров университетінің 2024 жылға дейінгі Даму стратегиясы келесі стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді көздейді: келесі төрт стратегиялық мақсатқа қол жеткізуді көздейді:
1) университеттің халықаралық деңгейде танылған академиялық қызметі.
2) университеттің халықаралық деңгейде танылған ғылыми қызметі.
3) HR-жүйесін дамыту.
4) Белсенді тәрбиелік және әлеуметтік жұмыс.
5) университеттің экономикалық өсуі
Саясатты іске асыру үшін басшылық негізгі бағыттарды анықтады:
1 Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі ЖОО-ның орны мен рөлі:
- негізгі үдерістер менеджментін дамыту;
- ғылыми-зерттеу процесін жетілдіру;
- білім беру (академиялық) процесін жетілдіру;
- ЖОО қаржыландыру жүйесін дамыту.
2 Академиялық саясат:
- бизнес қоғамдастық пен кәсіпкерлік құрылымдар (ұйымдар, кәсіпорындар, фирмалар, компаниялар) тарапынан білім беру қызметтері мен білім беру бағдарламаларына сұраныстың тұрақты өсуін қамтамасыз ету;
- стратегиялық кезеңде білім беру бағдарламаларының саны мен білім алушылар саны бойынша кадрлар даярлаудың үш сатылы жүйесін іске асырудағы тепе-теңдік пен теңгерімділікке шығу;
- стратегиялық кезеңде халықаралық білім беру кеңістігіне кадрлар даярлау бағдарламаларын ықпалдастырудың жоғары деңгейіне шығу;
- жаһандық халықаралық рейтингтерде ЖОО қызметінің және білім беру бағдарламаларының позицияларын айтарлықтай жақсарту;
- өңірлік және ұлттық еңбек нарығында түлектердің беделі мен жалақысының өсуі.
3 Инновациялық әлеуетті дамыту және оған қол жеткізу:
- ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға, ҒЗТКЖ-ны қаржыландыруға қатысатын ПОҚ үлес салмағының айтарлықтай өсуі;
- ЖОО-ның жалпы бюджетінде қаржыландырылатын ҒЗТКЖ үлес салмағының айтарлықтай өсуі;
- импакт-факторы бар халықаралық журналдарда ПОҚ-тың жариялау белсенділігінің жоғары деңгейін және өсуін қамтамасыз ету.
4 Ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерцияландыру:
- ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерцияландыру есебінен ЖОО бюджетінің едәуір өсуін қамтамасыз ету;
- ғылыми-зерттеу материалдық базасына инвестициялардың жоғары үрдістерін қамтамасыз ету;
- ғылыми-зерттеу процесіне қатысты негізгі капиталдың белсенді құрылымына шығу.
Университет басшылығы сапа саласындағы осы саясатты жүзеге асыру үшін жауапкершілікті өзіне алады, оны жүзеге асыру үшін жағдайларды қамтамасыз етуге кепілдік береді және университет ұжымының барлық мүшелерін қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін күш біріктіруге шақырады.
Ғылыми кеңес отырысында бекітілді (2020 жыл 28 қазан № 3 хаттама