Қысқаша тарихы

Қазақстан-Германиялық эмбриотрансплантологиялық ғылыми орталығы 2011 жылы қыркүйекте құрылған. Орталықтың  жанында Германиядан (Бавария, Нойштадт Айш) әкелінген заманауи құрал, жабдықтар мен жабдықталған мүйізді ірі қараның эмбрионын көшіріп қондыруға арналған жаңа зертхана жұмыс істейді. Орталықта бас ғылыми қызметкер жұмыс істейді.

Мақсаты және жұмыс бағыттары

Қазақстан-Германиялық эмбриотрансплантологиялық ғылыми орталығының негізгі мақсаты – Солтүстік-Шығыс Қазақстан өлкелерінде өсірілетін сиырлардан эмбрион алу, бағалау және көшіріп отырғызу тәсілдерін жетілдіру болып табылады. Өңірдегі  мал шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін артыру үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдаланып мүйізді ірі қараның нәсілдік және тұқымдық сапасын жақсарту, сүт, ет өнімін молайту болып табылады. Сондықтан біздің орталық фермерлер, жеке шаруашылық қожалықтар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктермен жасалған келісім шарт негізінде төмендегі бағаттар бойынша  ғылыми-тәжірибелік жұмыстар жүргізеді:

Қойылған мақсатқа жету үшін мына міндеттерді анықтап отырмыз:

- сиыр мен құнажындарға «Плусет» гормонының әртүрлі мөлшерін қолданып, суперовуляция тудыру үшін бұл дәрінің ең тиімді мөлшерін айқындау;

- салыстырып талдау арқылы симменталь және қазақтың  ақбас тұқымды сиырларынан алынған эмбриондардың санын мен сапасын анықтау;

- сиыр мен құнажындардан алынған эмбриондарды морфологиялық көрсеткіштері және даму сатылары бойынша бағалап сұрыптау;

-  трансцервикальдық тәсілмен көшіріліп отырғызылған эмбриондардың даму дәрежесін белгілеу;

- суперовуляция түзілген сиыр мен құнажындардың жұмыртқалығын ультрадыбыстық құрал және тік ішектен зерттеп, нәтижелерін салыстырып талдау.

- Эмбрион көшіріп отырғызу арқылы трансплантат-бұзаулар шығарып алу.

Ғылыми еңбектер

Орталықта Білім және ғылым министрлігінің «Биотехнология животных» (Трансплантация эмбрионов животных) тақырыбы бойынша ғылыми жоба және шаруашылықтардың келісім шартты жұмыстары атқарылады.  Германияның Нойштадт Айш қаласындағы тұқымдық бірлестіктің ғылыми орталығымен бірігіп жасаған бірнеше кездесулер өткізілді.

2011 жылдан бастап орталықтың ғылыми қызметкерлері  8 рет халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, баяндама жасады. Конференциялық жинақтар мен жетекші университеттердің ғылыми журналдарына 22 мақала жарияланды.

Орталық ғалымдарының жазған қазақ тіліндегі 3 оқу құралы мен орыс тіліндегі 2 оқу әдістемелік материалы және 2 монографиясы баспадан шықты. 

Ғылыми қызметкерлер өздерінің зерттеулері мен тәжірибелеріне сүйеніп өндіріске арналған 3 ұсыныс жасады.

Орталықтың ғылыми қызметкерлерінің жетекшілігімен «Биология» және «Зоотехния» мамандығы бойынша оқитын 7 студент диплом қорғады.

Орталықтың ғылыми қызметкерлерінің жетекшілігімен 2 «Прометей» жобасына 8 студент қатысты.

Басқа жұмыстар

Еуроодақтың «Темпус» жобасы бойынша «Солтүстік Азия елдерінде мал шаруашылығын тұрақты дамыту үшін магиср дайындау» атты кіші жоба жеңіп алынған. Осы жобасының қаражатымен  Қазақстанның 10 магистранты Моңголия ұлттық университетінде Франция, Бельгия, Италия  профессорларының жетекшілігімен, Еуроодақтың бағдарламасы бойынша ағылшын тілінде өткізген магистратурада оқып,  халықаралық ғылым магистры дипломын алды.

Мүйізді ірі қараның ұрығын көшіріп қондыру бойынша Бавария Нойштадт Айштағы Тұқым бірлестігімен бірігіп жұмыс істеу туралы келісім шарт жасалды.

Мүйізді ірі қара малды қолдан ұрықтандыратын техниктің төлемді оқуы өткізілді. Оқуға облыстың жеке қожалықтар мен топтасқан шаруашылықтарынан 30 маман қатысып, сиырды ұрықтандырушы-техник сертификатын алды.

Марапаттаулар

М. Аятханұлы «Қазақстанның ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» кеуде белгісімен марапатталды.

Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінен «Үздік инновациялық жоба»  дипломымен марапатталды.

Ғылыми-тәжірибелік жұмыстар

Біздің жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарымыздың нәтижелері Павлодар облысының Ертіс ауданы «Опытное хозяйство» ЖШС және Павлодар ауданы «Луганск» ЖШС–нің сүтті сиыр шаруашылықтарына енгізілген. Осы сүтті сиыр шаруашылықтарында эмбриондарды көшіріп отырғызу жолымен 10 трансплантат – бұзау алынған. Оның сыртында осы жылдың шілде айында тағы эмбрион көшіріп отырғызу арқылы буаз болған 5 реципиент сиыр бұзаулады.

Бұл орталықта Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тұғырлы және қолданбалы ғылымдарды дамыту  шеңберінде  «Биотехнология животных» (Трансплантация эмбрионов животных) тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жобасы іске асырылып жатыр.

«Мажит» шаруа қожалығындағы қазақтың ақбас тұқымды сиыр, құнажындарын қолдан ұрықтандыру» тақырыбы бойынша Баянауыл ауданы «Мажит» шаруа қожалығында келісім-шартты (№19ГЗ) жұмыс атқарылды.

Атқарушылар: аға ғылыми қызметкер Сейтеуов Талғат Қозыбақұлы және біліктілігі жоғары дәрежелі маман Атейхан Болатбек.

Шаруашылықтық келісім-шарт жұмысы Павлодар облысы Баянауыл ауданы Бірлік ауылындағы «Мажит» шаруа қожалығында жүргізілді. Онда өсірілетін 100 бас қазақтың ақбас тұқымды сиырлары мен құнажындарын тік ішегі арқылы жатырын зерттедік. Жатырында паталогиялық ауруы жоқ деген ана малдарды гормональдық препарат эстрофан және магэстрофанды 2-мл көлемінде екі дүркін, арасы 11-12 күн аралатып егіп күйітін сәйкестірдік. Пайдаланған эстрофан препаратын магэстрофанмен салыстырғанда 20-25 пайыз жоғары әсер еткенін көрдік. Күйіті келген малдарды белгіленген уақытта (препаратты еккеннен бастап 48-72 сағат ішінде) қолдан ұрықтандырдық. Бірінші  рет егіп, ұрықтандырғанда ұрық тоқтау дәрежесі құнажындарда 53 %,  сиырларда 42 %. Ал екінші ретінде 55-45 %. Гормональдық препарат арқылы күйіті келген ана малдарды «Таурус» фирмасынан сатып алған   герефорт тұқымды бұқаның шәуетімен ұрықтандырдық. Шәует  Америка технологиясымен 0,5 мл түтікше (пайет)  күйінде дайындалып қатырылған.Тік ішек арқылы қолдан  ұрықтандырылған 149  басты ана малдардың жас ерекшеліктері мен  ұрық тоқтау дәрежесін зерттедік . Жас ерекшеліктеріне қарай ұрық тоқтау дәрәжелері де әр түрлі, бірінші ұрықтандырғанда құнажындарға 53 %, сиырларға 42 %. Ал екіші рет ұрықтандырғанда 55-45 % екендігін айқындайды.Сиыр мен құнажынның ұрық тоқтау айырмашылығы, біріншісінде 11 %, екіншісінде 10 % құрайды. Осы көрсеткіш, жас малдардың паталогиялық жатыр ауруларының жоқтығынан, ұрық тоқтау дәрежесінің жоғары екендігін дәлелдейді.

Біздің зерттеу нәтижесінен мынадай қорытынды шығаруға болады:

1)  ана малдарды гормональдық препарат эстрофан және магэстрофанды 2-мл көлемінде екі дүркін, 11-12 күн аралатып егіп, күйітін сәйкестірдік. Эстрофан және магэстрофан қолданылған сиырлардың күйіті 42 % және 45 %, құнажындардікі 55 %, 45 % сәйкесті;

2) күйіті келген малдарды белгіленген уақытта  (препаратты еккеннен бастап 48-72 сағат ішінде)  алғаш рет қолдан ұрықтандырылғанда құнажындардың 53 %, сиырлардың 42 % ұрық тоқтатты. Ал бақылау тобындағы сиыр, құнажындардың ұрық тоқтау нәтижесі жоғарғыға сәйкес 55 % және 45 % құрайды;

3) сиыр мен құнажынның ұрық тоқтау айырмашылығы, бірінші ретте 11 %, екінші ретте 10 % құрайды.

«Ағайын» шаруа қожалығындағы мүйізді ірі қара малды қолдан ұрықтандыру және сұрыптау» тақырыбы бойынша Май ауданы «Ағайын» шаруа қожалығында келісім-шартты (№10ГЗ) жұмыс атқарылды.

Атқарушы: аға ғылыми қызметкер Сейтеуов Талғат Қозыбақұлы.

Шаруашылықтық келісім-шарт жұмысы Павлодар облысы Май ауданы Баскөль ауылындағы «Ағайын» шаруа қожалығында жүргізілді. Онда өсірілетін 148 бас симментал тұқымды малдардың жас аралықтары: 18 - құнажын, 13 - үш жасар, 37 - төрт жасар, 45 - бес жасар, 17 - алты жасар, 11 - жеті жасар, ал 7 - сегіз жастан жоғары ана малдар біздің ғылыми-тәжірибе орталығының нұсқауымен қолдан ұрықтандырылды, тік ішек арқылы жатыр мойнын ұстап (ректоцервикальдық) тәсіл арқылы. Күйіті келген ана малдарға «Асыл-түлік» АҚ-да Франция технологиясымен 0,25 мл. түтікше (пайет) күйінде дайындалып қатырылған шәуетті пайдаландық.

 

Ата малдың сипаттамасы - Амур атты бұқа № 11613, тұқымы симментал, линиясы - Верный, қандылығы 7/8 сим., шығу тегі Калмышенский асыл тұқымды зауд, шешесінің өнімділігі - 4950 кг. 3,8 %, шешесінің шешесі мен әкесінің өнімділігі - 5948 кг. 4,37 %.

Тік ішек арқылы ұрықтандырылған 148 бас ана малды жылдың төрт мегілі бойынша ұрықтандырылғанын зеріттедік. Зерттеу есебі бойынша қыста 28 бас, көктемде 70 бас, жазда 22 бас, күзде 18 бас ана мал ұрықтандырылған. Бұл көрсеткішке қарағанда қыста 18,9 %, 48,2 %, 14,8 %, 12,1 %-ды көрсетіп отыр.

Жалпы ана малдың ұрық тоқтау дәрежесі 91 %. Дегенмен, зерттеу көрсетіп тәжірибе дәлелдегендей ересек сиыр мен құнажын топтарын бірінші рет ұрықтандырған қорытындыға қарағанда 71 % құнажындарға, 57 % сиырларға ұрық тоқтаған. Екі топты салыстыратын болсақ сиырға қарағанда, құнажындарға ұрық тоқтау дәрежесі 16 % жоғары екенін дәлелдеп отыр. Екінші рет ұрықтандырғанда құнажындардың барлығы іштенген, ал ересек сиырлар үшінші рет ұрықтандырылған.

Біздің зерттеу нәтижесінен мынадай қорытынды шығаруға болады:

1) 148 бас симментал тұқымды ана малдардың 18,9 % қыста, 48,2 % көктемде,  14,8 % жазда, 12,1 % күз мезгілінде ұрықтандырылған;

2) ұрықтандырылған ана малдардың ұрық тоқтау дәрежесі 91 %. Жуан сиыр мен құнажын топтарын бірінші рет ұрықтандырғанда, сиырларға 57 %, құнажындарға 71 % ұрық тоқтағанын байқаймыз. Сиырға қарағанда, құнажындардың ұрық тоқтау дәрежесі 16 % жоғары;

3) Екінші рет ұрықтандыру арқылы құнажындардың барлығы іштенген, ал жуан сиырлар үшінші рет ұрықтандырылғаннан кейін буаз болған.

«Әртүрлі суперовуляция әдістерімен алынған сиыр эмбриодарының сандық және сапалық зерттеулері» тақырыбы атты ынталы ғылыми зерттеу ізденісі Павлодар ауданы ПК «Луганскі»-де жүргізілді.

Жетекші: б.ғ.д., профессор М. Аятханұлы.

Орындаушы: аға ғылыми қызметкер Сейтеуов Т. Қ.

Алдын ала зерттеулер келесі нәтижелерді көрсетеді:

► Сиыр мен құнажындарға суперовуляция жүргізу үшін гормональдық препараттарды (Плусет және ПГФ) қолдану мөлшері анықталды.

Плусет гормоны жыныс айналымының 11 және 12 тәулігінде барынша күшті әсер етеді. Тап осы гормонды мөлшерін төмендете тәулігіне екі рет егеді. Барлығы 8 екпеде сиырға 9 мл, ал құнажынға 7 мл жұмсалды. Суперовуляция жүргізген күннен 4-ші тәулігінде ПГФ гормонын 4 мл көлемінде қосымша егеді.

► Павлодар облысындағы сүт фермаларында өсірілетін қырдың қызыл сиыры мен симментал тұқымды сиырларынан алынған эмбриондардың саны мен сапасы зерттелді.

Біздің схеманы қолданғанда орта есеппен симментал тұқымды сиырдан 6,1 эмбрион, ал қырдың қызыл сиырынан 5,3 эмбрион алынды. Осыған сәйкес көшіріп қондыруға жарамды эмбриондар 4,8 және 4,1 құрайды.

Эмбриондарды көшіріп қондыруға жарамдылығын морфологиялық көрсеткіштері бойынша сапасын анықтадық.

Морфологиялық зерттеулер мынаны көсетеді: барлық алынған эмбриондардың 68 % морула сатысында, 21 %  әртүрлі даму сатысындағы бластоциста және 11 % ұрықтанбаған аналық клетканы құрайды.

 

Эмбриондарды көшіріп отырғызу арқылы донор сиырдан нәсілділігі мен тұқымдылығы құнды 5 трансплантант бұзау дүниеге келді.

 

Кадр әлеуеті

Орталықта 1 ғылым докторы, профессор, 1 Ph.D (а/ш.ғ. философия докторы), 1 біліктілігі жоғары дәрежелі маман және 1 лаборант жұмыс істейді.

Орталықтың қызметкерлері