Мерц Виктор Карлович - Ә.Х. Марғұлан атындағы археологиялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров атындағы ПМУ тарих кафедрасының доценті, Павлодардың археологиялық экспедициясының басшысы.

Қарағанды мемлекеттік университетінде тарих мамандығын тәмамдады. Ғылыми зерттеулердің тақырыптары – тас ғасыры және жалпы алғашқы қауымдық археологиясы, антропогенез әрі культурогенез мәселелері, жылқының доместикациясы, өнердің пайда болуы.

Павлодар облысының кәсіби археологиялық жұмыстарының негізін қалаушысы болып, бірегей археологиялық ескерткіштері ашылды, олардың қатарына «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2005-2006 ж.ж. зерттелген тас ғасырының көп қатпарлы Шідерті 3 тұрағы жатады.

Өңірдің ерте қола дәуірі ескерткіштерінің зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде мәселені бірінші болып көтерді, Ақбидайық шатқалындығы бірегей тас суреттерін ашқан және Лебяжий ауылына қарасты Ертіс террасасының шөгінділері негізінде қалыптасқан малта тас құралдырының Қазақстандағы ежелгі орнын тапты.

Солтүстік Еуразия археологиясы бойынша көптеген республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың, ғылыми-зерттеу жобалардың қатысушысы. Қазақстан, Ресей, Алмания ғылыми жинақтарында жарық көрген 80-нен астам ғылыми еңбектерінің авторы, Павлодар өңірі ескерткіштерінің археологиялық зерттеулеріне арналған ғылыми мақалалар жинағының редакторы.

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағындағы өндіру шаруашылығының қалыптасуы әрі неолит дәуіріндегі культурогенездің ғаламдық мәселелерін зерттеп, Борлы және Борлы 4 көп қатпарлы тұрақтарында зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Солтүстік-Шығыс Қазақстанның ежелгі заманнан орта ғасырларға дейінгі мәдени-тарихи даму жөніндегі тұжырымдамаларын жасаумен қатар археологиялық ескерткіш кешендерінің зерттеу жобаларын ұйымдастырып, олардың негізінде ашық аспан астында тарихи-археологиялық мұражай кешендерінің жасауын көздейді.

тел. тел. (8-718-2) 67-36-84
E-mail v_merz@mail.ru
А-102

 

Мерц Илья Викторович - ғылыми қызметкер, тарих магистрі, Алтай мемлекеттік университетінде тарих мамандығын тәмамдады. Қазіргі кезде АлтМУ-дың археология, этнография, музеология кафедрасының аспиранты.

Ғылыми зерттеулердің тақырыптары – Солтүстік Еуразия қола дәуірінің археологиясы, қола дәуірі әрі көне қыш кезінде металл өңдіру және кен орындарындағы жұмыс түрлерінің қалыптасуы. Қазақстан және Ресей ғылыми басылымдарында жарық көрген 20-дан астам ғылыми еңбектерінің авторы. РГҒФ және РҚ Ғылым және білім министрлігінің ғылыми-зерттеу жобаларына, сонымен қатар Қазақстан, Ресей, Монғолия аумақтарында ұйымдастырылған кешенді археологиялық экспедицияларына қатысты.

тел. (8-718-2) 67-36-84
E-mail barnaulkz@mail.ru
А-102

 

Клименко Михаил Юрьевич - кіші ғылыми қызметкер, педагогика ғылымдарының биология мамандығы бойынша магистрі, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдады. «Павлодар облысының қыналары» атты тақырыпта диссертациясын қорғады. Ағылшын тілі бойынша емтихан тапсырып, TOEFL сертификатына ие болды. Қазақстан ғылыми басылымдарында бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстары жарыққа шықты. Ғылыми-зерттеу тақырыптары – палеозоология, Еуразияның дала әрі орманды дала аймақтарындағы үй жануарларының доместикация мәселелері. Қазақстан аумағындағы археологиялық экспедицияларының қатысушысы.

тел. (8-718-2) 34-80-62
E-mail mergalim@mail.ru
А-102

 

Волкова Надежда Валериевна

Cуретші, педагогика ғылымдарының магистрі, Донецк қаласындағы мемлекеттік көркемөнер училищесінде суретші-безендіруші және дизайнер мамандығы бойынша дәріс алды, ИнЕУ-дың педагогика және психология магистратурасын бітірді. Павлодар көркемөнер мұражайы және Д.Бугаев үй-мұражайында өткен 2 жеке шығармашылық көрмесінің авторы, VII халықаралық «Шабыт» фестивалінің (Астана қ.) дипломына ие болды. Еуразиялық әрлеуші кеңесінің және Ертіс өңірінің Зерттеу тақырыптары – дизайн, өнер, фотография, қыш, археологиялық сурет.

тел. (8-718-2) 55-76-15
А-102