Сізді 2013 жылдың 24-25 қазанында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен Олжабай Толыбайұлының 300-жылдығына орай, «Олжабай батыр – ел қаһарманы» атты ғылыми-практикалық конференциясына шақырамыз. Конференцияға қатысуға ғалымдар, оқытушылар, магистранттар, студенттер шақырылады.Толығырақ
2013 жылдың 11 қыркүйегінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Павлодар облысы әкімінің орынбасары Арын Орысариевтің қатысуымен ПМУ Қорғаншылық кеңесінің бірінші ұйымдық отырысы өтті.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 2013 жылдың 11-12 желтоқсанында «Агроөндірістік кешенде ғылым мен өндірістің интеграциясы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді. Толығырақ
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Құқықтану кафедрасының басшысы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген заңгері, Қазақ КСР Бас Прокуроры қызметтерін атқарған, КСРО Прокуратурасының құрметті қызметкері, генерал-лейтенант, Ұлы Отан соғысының ардагері Өтеген Сейітовті еске алуға арналған ашық сабақ өткізді.
Фрайберг Тау-кен Академиясының (Фрайберг, Германия) студенті Маркус Ховмайстер Инженерлік мамандықтар бойынша студенттік тағылымдамамен алмасу «IAESTE» халықаралық ассоциациясының бағдарламасы бойынша С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне келді.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемелекеттік университетінің ғылыми қызметкерлері мен студенттері республикалық «Нива» әдеби-көркем және қоғамдық-саяси журналының бас редакторы, танымал ақын, прозашы, драматург, аудармашы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Орынбай Жанайдаровпен кездесті.
2013 жылдың 7 қыркүйегінде Усолка мөлтегінің көпірінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің әкімшілігі, 1 курс студенттері, оқытушылары, қызметкерлері қатысуымен Денсаулық күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті МШөөТ-301 тобының студенті Қуанышбек Мәжітов Сплит қаласында (Хорватия) өткен Грэпплинг, панкратион және әуесқойлық ММА спорт түрлері бойынша әлемдік біріншілігінде жеңіске жетті.
Сізді 2013 жылдың 10-11 қазанында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен С. Торайғыровтың 120-жылдығына арналған «VІ Торайғыров оқулары» атты Халықаралық ғылыми-теоретикалық конференциясына шақырамыз. Конференцияға қатысуға ғалымдар, оқытушылар, магистранттар және студенттер шақырылады. Толығырақ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы шеңберінде Аға ғылыми қызметкерлер тобы (АҒҚТ) және кіші ғылыми қызметкерлер тобы (КҒҚТ) үшін грантттар бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыруға арналған конкурс жариялайды.