2014 жылдың 28 наурызында С.Торайғыров ат. ПМУ-да «Қоғамдық-саяси басылымдардағы қазақстандық этноконфессиялық төзімділік үлгісі» тақырыбында кітап көрмесі өтті.
Шара ғылыми әдебиеттер бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Аманова мен оқу залының қызметкері Ирина Гавриленконың жетекшілігімен өтті. Аталмыш шара «Білім +» жобасы аясында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында бекітілген міндеттеріне сәйкес С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттік жастарының арасында діни сауаттылығын арттыру мақсатында өтті.
Қазақстандағы әртүрлі дін өкілдері арасындағы келісімге Қазақстанда өмір сүріп жатқан ұлыстар арасындағы ынтымақ пен бірлік арқылы жетуге болады.
Қоғамдағы этникалық және діни қатынастар бүгінгі күннің теориялық және практикалық жағынан да өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан, бұл мәселе Қазақстанның ғалымдары, мемлекетіміздің қоғамдық-саяси қайраткерлерінің басты назарында.
Айтулы тақырыпқа еліміздің белгілі ғалымдарының көптеген еңбектері, ғылыми жобалары, монографиялары мен мақалалары арқау болған. Бүгінгі көрмеде көкейкесті тақырыпты өзек еткен еңбектер библиографиялық көрсеткіштермен бірге баспалық және электрондық нұсқада да ұсынылды.
Көрмеде ұсынылған жұмыстардың ішінде ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының, ҚР БҒМ Комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты, Мемлекет тарихы институтының сарапшылары, сонымен бірге, мемлекеттік әрі саяси қайраткерлер: С.А. Дьяченко, Ғарифолла Есім, белгілі дінтанушы ғалымдар: Әбсаттарр қажы Дербісәлі, еліміздің бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы, А.Г.Косиченко, М.С. Артемьева т.б. Мұнымен бірге, С.Торайғыров атындағы ПМУ ғалымдарының еңбектері де кітап сөрелерінен орын алды. Мәселен, с.ғ.д., профессор А.А. Ақышев, с.ғ.д., профессор Г.Н. Иренов, филос.ғ.к. доцент М.Ж. Қожамжарова, философия магистрі Н.С. Тышқанованың еңбектерімен қоса Павлодар мемлекеттік университеті қабырғасында өткен дін мәселелері бойынша өткен конференциялардың материалдары көпшілік назарына қойылды.