С.Торайғыров атындағы Павлдодар мемлекеттік университеті және Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Қаржы университеті серіктестік туралы келісімшартқа қол қойды.
С.Торайғыров ат. ПМУ-дың ректоры С.М.Өмірбаев жыл сайын өтетін халықаралық «ЖОО-ның стратегиялық даму бағытына сәйкес ғылым мен білім берудің үндестігі» атты ғылыми-практикалық конференция және қаржы, есеп, әлем экономикасын оқыту бойынша Ресейдің жоғары мектептері бірлесуінің оқу-әдістемелік отырысы шеңберінде Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Қаржы университетіне (Мәскеу қ.) іс-сапармен барып қайтты.
С.М.Өмірбаев конференцияның пленарлық отырысында өз баяндамасына «Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесіндегі Болондық үдерістің тренді» тақырыбын арқау етті. Мұнымен қоса, Серік Мәуленұлы «Магистратура және аспирантура: ғылым әрі білім берудің ықпалдасуы» атты тематикалық дөңгелек үстел жұмысына белсене қатысты.
2014 жылдың 26 наурызында Қаржы университетінің үлкен залында С.Торайғыров атындағы ПМУ мен Қаржы университеті арасындағы ынтымақтастық Келісімі бойынша 2014-2016 жылдарға арнлған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында құжатқа қол қою рәсімі салтанатты түрде өтті. Құжат екі университет ректорлары С.М Өмірбаев пен М.А. Эскиндаровтың қолдарымен бекітілді.
Келісім-шарт негізінде «Экономика» және «Қаржы» мамандықтары бойынша магистрлік оқытудың бірлескен бағдарламасын өңдеу және іске асыру, дәріс оқу курстары бойынша профессорлық-оқытушылар құрамымен алмасу, магистранттардың ғылыми тағылымдамасы, Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік бюджет тақырыбы бойынша бірлескен ғылыми жобалар, сонымен қатар, Қаржы университеті мен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің бірлесіп халықаралық ғылыми байқаулар мен жобаларға қатысу міндеттерін жүктейді.