С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттер ұлттық бірлікті қалыптастырудағы, қоғамдық бірлікті сақтаудағы тілдің орнын талқылады.

С. Торайғыров атындағы ПМУ «Erasmus+» оқу бағдарламасын жүзеге асыруда. Бағдарлама шеңберінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне Литваның астанасынан Еуропалық гуманитарлық университеттің магистранты Екатерина Гвоздова келді.

Павлодар облысының зиялы қауымы филология ғылымдарының докторы, профессор, мәшһүртанушы Айтмұхамет Тұрышевтың 60 жылдық мерейтойын атап өтті. Айтулы шараның аясында өңір ғалымдары «Мәшһүртанудың ғылыми негіздері – «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында бас қосты.

2016 жылғы 10 қыркүйек күні С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің басшылығы, оқытушылары мен бірінші курс студенттері демалыс күндерін салауатты өмір салтын қалыптастыруға жұмсады.

Enactus командасы университеттің фойесінде «Garage Sale» (аулада жаппай сату) шарасын өткізді.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен Кембридж университеті арасындағы меморандум негізінде арадағы ынтымақтастық жүзеге аса бастады.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің агротехнологиялық факультетінің студенттері «DEULA-Nienburg» ауылшаруашылық Академиясының оқу орталығында (Германия) тағылымдамдан өтуде.

Павлодардың зиялы қауымы екі бірдей белгілі ғалым әрі талантты ұстаз Бари Жанахутдинов пен Светлана Шаймарданованың мерейтойларын атап өтті.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің өкілдері дуатлонға қатысты. Бұл 25 шақырымға созылған спорттық жедел марш Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.

Бірінші қыркүйек – Білім күнінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жылдағы дәстүрмен бірінші курс студенттеріне арналған мерекелік шаралар өтті. Ал салтанатты жиында оқу орнының табалдырығын алғаш аттаған студенттерді университет басшылығы мен ұстаздар құттықтады.