С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде ақын, әртіс, Владимир Семенович Высоцкийдің (1938-1980) 80 жылдығына арналған еске алу кеші өтті.

Шара университет жанындағы «Вдохновение» кітапқұмарлар және тарихи тұлғаларды зерттеу клубымен бірлесіп ұйымдастырылды. 

Кешке жиналғандар В. Высоцкийді әдебиет, театр, музыка және кино тарихында терең із қалдырған тұлға деп біледі. Оның репертуарында 600-ден астам ән мен 200-ден астым өлең бар. Бұл туындылар әскери, романтикалық тақырыптарды қамтиды, сонымен қатар, бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпаған мәселелер туралы сыр шертеді. 

В. Высоцкийдің поэзиясындағы тақырыптар реалистік сипатта болғаны соншалық, оның көптеген лирикалық сюжеттері тұлғаның өмірмен тұспа-тұс келетін сияқты. Әдебиет айдынындағы азаматтар үшін Владимир Высоцкий «өз адамы» болып қалыптасқан. Әскерилер, шахтерлер, археологтар, шамматшылар мен альпинистер үшін ол - жандарына жақын тұлға. Оның адалдығы, ашықтығы оқырмандары бағалаған игі адами қасиеттер бола береді.

Тарихи тұлғаларды зерттеу клубының төрағасы Аслан Азербаевтың айтуынша, Владимир Высоцкий – «дамыған соцализм» кезеңін айшықтап көрсеткен ақын. Ол радио мен телевидениеде, газеттерде айтылмаған жайттарды айна-қатесіз ашық айтты. 

«Бард Высоцкий үшін «рұқсат етілмеген» тақырыптар болған жоқ. Ол махаббат, достық, қылмыстық әлем мен ішімдік тақырыптарын да шығармашылығына арқау етті. Владимир Семеновичтің поэзиясы мен прозасы, әртістік және режиссерлік жұмыстары «брежнев уақытын» нақпа-нақ көрсетеді», - дейді А. Азербаев.

Шара шеңберінде көркем әдебиеті секторының кітапханашысы Елена Лиханова В. Высоцкийдің өмірі мен шығармашылығына айрналған көрме ұйымдастырды.