С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде STARTUP BOLASHAK «Менің Арманым» байқауы үшінші маусымы республикалық жобасының іріктеу кезеңі өтті.

Шараға арнайы қатысқан ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Орсариев сөз алды:

«Біз Қазақстандағы білім беру ұйымдары білім берумен қатар, көп жылға азық болатын қолданбалы білім беруін қалаймыз. Бұл тұрғыда «Қай білім түрлері ескірмейді, қайсысы өзектілігін жоғалтпайды?» деген сұрақ туындайды. Кәсіпкерлік машығы біздің студенттер үшін аса маңызды.  Біз ресурстардың жетіспеушілігі мен ортадағы негативті кедергілерге қарамай, нәтижелерге қол жеткізе білсек, өзімізді кәсіпкре деп атай аламыз. Яғни, 20-30 жылдан кейін біздің мамандық нарықтағы сұранысын жоғалттпайды», - дейді хатшы. 

Арын Орсариев бүгінде отандық білім беру жүйесі кәсіпкерлік жобалар мен идеяларды іске асыра алатынын тілге тиек етіп, жастар үшін нәпақа табуға мүмкіндіктердің барын жеткізді. 

«Студенттер жұмыс іздеп сабылмайды, олар жұмыс орындарын өздері ашады. Бұны павлодарлық білім алушылар дәлелдеді. Бұдан былай бұл тәжірибені елімізқді ңөзге жоғары оқу орындарына таратуымыз керек», - дейді Арын Амангелдіұлы. 

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, философия ғылымдарының кандидаты Гаухар Ахметованың республикалық байқаудың шымылдығын түру жоғары оқу орны үшін жоғары мәртебе. 

Іріктеу кезеңінің үш күні ішінде 16-35 жас аралығындағы жас азаматтар ұсынған 434 жоба қаралды. Байқауға Павлодар қаласынан бөлек Железин, Май және Баянауыл ауданының азаматтары қатысты. Ширек сынға 34 үздік жоба таңдалды. Павлодардан кейін іріктеу шаралары еліміздің 15 ЖОО-да өтеді. 

«Болашақ миллионерлер мен бай-қуатты азаматтардың арамызда отырғанына үміттенемін. Болашақта елімізді әлемге танытанына сенімдімін», - дейді Гаухар Ахметова. 

Байқау аясында қатысушылар үшін тренингтер, Канвас бизнес-моделі және питч-тұсаукесерлер жасау бойынша шаралар ұймыдастырылды. 

Үздік жобаларды анықтау мүмкіндігіне сарапшылар мен менторлар ие болды.