17 қаңтарда Успен ауданының әкімдігінде«Төртінші индустриалды революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқылау мақсатында кездесу өтті. Адвокаттық топ мүшелері өз жұмыстарын Успен ауданының, Таволжан ауылынан бастап, жұртшылықпен кездесті.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры, Саясаттану ғылымдарының докторы Арман Ақышев ағымдағы Жолдауда Төртінші Индустриалды Революция жағдайында Қазақстанның жүйелік жаңғырту шараларының нақты бағдарламасын анықтағанын атап өтті. Сол себепті,  барлық деңгейдегі түсіндірме жұмыстары өте маңызды болмақ.

Ақпаратты - насихаттау тобы  өкілдерінің сөйлеген сөзінен кейін жаңа өсу моделі, агроөнеркәсіптік кешен, әлеуметтік саланы ырықтандыру және экономикалық өсудің жаңа үлгісіндегі қызмет көрсету секторының рөлі және білім беру рөлі талқыланды.

Кездесу соңында, облыс тұрғындарына, Мемлекет басшысының бастамаларын қолдауға шақырып, оларды іске асыруға белсенділік таныту міндеттелді.