Университет кітапханасының қазақ әдебиеті секторының оқу залында республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы шеңберінде оқырмандар конференциясы өтті.

2018 жылы ел болып оқуға философ, тарихшы, ойшыл, қазақ ақыны Шәкәрім Құдайбердиевтің шығармасы таңдап алынды. 

Пікірталасқа мәшһүртанушылар мен ғалым-сарапшылар қатысты. 

Қазақ халқының біруар ақыны Шәкәрім Құдайбердиев Шығыс пен Батыс өркениетінің рухани байлығын бойына сіңіріп өсіп, көптеген шығармаларымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Өз заманының дара тұлғалары Хафиз, Физули, Науаи, сонымен қатар, Байрон, А.С.Пушкин, Л. Толстойдың мұрасын танып өсті. Шәкәрімнің араб, парсы, түрік, орыс тілдерін еркін меңгергені мәлім. Ол Императорлық орыс географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімінің мүшесі болған. 

Шәкәрімнің философиялық көзқарасы - ұлттық философияның қалыптасуына зор ықпалын тигізген құбылыстардың бірі – өмірінің 30 жылына арнаған «Үш анық» трактаты. Бұл кітапта автор   «Ақиқат деген не?» деген сұрақ қояды. Оған өзі «адам ақиқатты ақыл – ес көзімен көріп, қабылдауы керек. Ақиқат - әрбір адамның жанында болады не ол өзіндік өмір сүреді» - деп қорытынды жасайды. Жанның ең негізгі қажет ететіні – ұждан. «Адамның нысап, әділет, мейірім – үшеуін қосып, ұждан бар дейді. Бұл шығарма өз заманында араб тілінен латынға, латыннан орыс тіліне, кейін қазақ тіліне айдарылған. 

Айта кетейік, Шәкірім Құдайбердиевтің шығармаларын басып шыаруға көп жылдар бойы тыйым салынған. 

Шараға қатысқандар  Шәкәрім қалдырған мұрасында айтылған  адамгершілік мәселелерін зерттеу бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпаған деген ойға келді. 

Тіл мамандары мен сарапшы-мәшһүртанушылар Шәкәрім мен Мәшһүр Жүсіптің шығармаларын салыстыра отырып, олардың философиялық ойлары бірдей деген пікір білдірді. 

Шара шеңберінде әдебиетке библиографиялық шолу  жасалған кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.