5В070100 - «Биотехнология» мамандығы (Білім беру бағдарламасы)

Оқу курсы аяқталған соң «Биотехнология бакалавры» академиялық дәрежесі берілетін.

Білім беру бағдарламалары::

- Тағам биотехнологиясы;

- Ауылшаруашылық биотехнология.

Біздің мақсатымыз – биотехнология мамандығы бойынша жан-жақты мамандарды дайындау.

Мемлекеттік білім гранты немесе келісім шарт арқылы өзгертуге болатын оқу төлем жүйесін қарастыруға болады.

Бізге түсуге болады:

Жалпы орта білім мектебінен кейін тапсырған ҰБТ және кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша,тестілеуде таңдалатын пән – биология.

Оқу мерзімі: күндізгі – 4 жыл.

Тестілеу 4 пән бойынша өтеді:

  • Қазақ немесе орыс тілі;
  • Қазақстан тарихы;
  • Математика;
  • Биология.

Университетке түскен ер адамдар әскери қызметін атқарудан кейінге қалтырылады.

Мамандық бойынша білім алатын студенттер төмендегілерді игеруге мүмкіндік беретін тәжірибенің барлық түрлерінен өтеді:

  • организмдердің дамуы және тіршілік әрекетінің құрылымдық, биохимиялық, молекулалық, генетикалық және физиологиялық негізі;
  • биотехнологияда микроорганизмдерді, өсімдіктерді, жануарларды пайдаланудың негіздері;
  • әр түрлі биологиялық объекттерді пайдаланумен түпкі өнімдердің өндірістік технология негізі;
  • биотехнологияда жануарларды, өсімдік жасушаларын және микроорганизмдерді пайдаланудың әдісі мен тәсілі;
  • тағам өнімдерінің өнеркәсіп өндірісінде, агроөнеркәсіптік кешенде, денсаулық сақтау және экологияда биологиялық жүйе және үрдістерді пайдаланудың әдісі мен тәсілі.

Биотехнология бакалавры қызметінің аумағы жан–жақты және арнаулы.

Олардың міндеттері: әр түрлі биотехнологиялық өнімдердің өндіріс сұрақтарын шешу және жаңа биотехнологиялық үрдістерді дамыту; энергияның альтернативтік көздерін алу; тағам өнімдерінің биотехнологиясы; биологиялық белсенді заттар және антибиотиктердің синтезі; қоршаған орта жағдайының биологиялық индикаторларын құру және іздеу; микроорганизмдер, өсімдіктер және жануарлардың селекциялары;білім аумағы.

Бакалавр тек биотехнологиялық өндірістің технологы ғана емес, сонымен қатар өзінде селекционердің, биологтың, экологтың білімдерін үйлестіреді.

Берілген бағыт бойынша білімі бар орта кәсіптік оқу орындарының (колледж) түлектері оқу мерзімі: күндізгі және сырттай - 3 жылдан кем емес, жоғары оқу орындарының түлектері оқу мерзімі - 2 жылдан кем емес.

Арнайы пәндер циклінде келесі пәндер оқытылады: Микроағзалардың биотехнологиясы, Өсімдіктер биотехнологиясы, Жануарлар биотехнологиясы, Тағамдық биотехноогия, Медициналық және ветеринарлық биотехнология, Экологиялық биотехнология, Биохимия, Жалпы және молекулярлы генетика, Микробиология және вирусология, Өсімдіктер физиологиясы, Адам және жануарлар физиологиясы, Жасушалық биотехнологиясы, Биотехнологиялық өндіріс негізхдері және т.б.

 

Берілген мамандықты тәмамдаған түлектер үшін жұмысқа орналасу үшін кең мүмкіндіктер ашылады:

• ғылыми-зерттеушілік институттар мен биотехнологиялық, биологиялық, медициналық, ауылшаруашылық бағыттағы ЖОО-дар;

• өндірістік кәсіпорындар мен тағамдық және өңдейтін, микробиологиялық , фармацевтикалық өнеркәсіптің зертханалары;

• ауылшаруашылық кәсіпорындар;

• өсімдіктерді қорғау бекеттері;

• селекционды бекеттер;

• балық шаруашылығы мен аң шаруашылығы зауыттары;

• ЖОО-дар, орта мектептер, гимназиялар, колледждер;

• экологиялық қызметтер мен ұйымдар;

• ауылшаруашылық өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бойынша зертханалар.

Магистратура 6М070100 - «Биотехнология»

Оқу курсы аяқталған соң «Биотехнология магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.

Оқу мерзімі: ғылыми-педагогикалық – 2 жыл, профильді – 1 жыл.

Аталған мамандық магистранттары тағылымдаманы шетелде өтеді.

Мамандық бойынша білім алатын магистранттар төмендегілерді игеруге мүмкіндік беретін тәжірибенің барлық түрлерінен өтеді: Өсімдіктердің биотехнологиясы және селекциясы, Биотехнологиялық өндірістеріндегі инновациялық қызмет, Биотехнологиялық өндірістерінің процестері мен жабдықтары.

 

5В072700 - «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы»

Білім алуды тәмамдағаннан кейін «азық-түлік өнімдерінің бакалавры» академиялық дәрежесі алынады.

Білім беру бағдарламасы:

- Қоғамдық және арнайы тамақтану;

- Ет және балық өнімдерінің технологиясы;

- Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы.

Біздің мақсатымыз: aзық-түлік тағамдар технологиясы мамандығы бойынша жан-жақты мамандарды дайындау.

Оқыту мемлекеттік білім беру беру гранттары немесе оқу үшін жеңілдіктердің өзгермелі жүйесін қарастыратын шартты негізде жүргізіледі.

Бізде жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің түлектері білім алады.

Оқу мерзімі: күндізгі – 4 жыл, колледж негізінде – 3 жыл.

Тестілеу 4 пән бойынша өтеді:

• Қазақ немесе орыс тілі;

• Қазақстан тарихы;

• Математика;

• Химия.

Университетке түскен ер адамдар әскери қызметін атқарудан кейінге қалтырылады.

Мамандық бойынша білім алатын студенттер төмендегілерді игеруге мүмкіндік беретін тәжірибенің барлық түрлерін өтіп меңгереді:

• Өнім өндірудің қазіргі заманғы әдістері;

• Өндірістің теориялық негізі және азық-түлік өнімдерін сақтау;

• Азық-түлік өнеркәсібіндегі жаңалықты патенттеу;

• Тамақтану физиологиясы;

• Суық температурада азық-түлік өнімдерін өндіру негіздері, төменгі температура технологиясы;

• Азық-түлік саласындағы кәсіпорындарды жобалау;

• Азық-түлік өнеркәсібінің сертификациясы мен метрологиясын стандарттау.

Олардың міндеттері: азық-түлік өнімдерінің физикалық қасиеттерін өңдеу процесінде пайдалану, сақтау кезіндегі азық-түлік өнімдерінің реологиялық қасиеттері, сақтау мерзімін ұлғайту үшін шикізатты тоңазыту әдістерін жетілдіру, технологиялық есепті ескере отырып азық-түлік кәсіпорнын жобалау, құрал-жабдық есебі және т.б..

Өндірістік өнімдер технологы өзіне экономист, бухгалтер, бизнесмен білімін үйлестіре білетін тағам өнеркәсібінің ұйымдастырушысы болып табылады. Арнайы пән циклінде студенттер мынандай пәндерді оқиды: шет тілі, информатика, физика, инженерлік графика, органикалық және бейорганикалық химия, микробиология, азық-түлік өндіру үрдістері мен аппараттары, азық-түлік тауарларын тану, азық-түлік өнімдерінің жалпы технологиясы, өндіріс тағамдарының құрал - жабдықтары және т.б.

Берілген мамандық бойынша жұмысқа орналасу үшін түлектерге үлкен мүмкіндіктер жасалады: Сүт, ет, нан, арақ-шарап, алкогольсыз сыра өнеркәсіптерінің азық-түлік комбинаттары; СЭС; Ауылшаруашылық, азық–түлік өнеркәсіптерінің ҒЗИ-і.

• НИИ сельскохозяйственной, пищевой промышленности.

Магистратура 6М072700 - «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы»

Оқу курсы аяқталған соң «Техника және технология магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.

Оқу мерзімі: ғылыми-педагогикалық – 2 жыл, профильді – 1 жыл.

Аталған мамандық магистранттары тағылымдаманы шетелде өтеді.

Азық-түлік өнірдерін өндірудегі инновациялық қызмет, Технологиялық процестерді модельдеу, Тағам шикізаттары мен азық-түлік өнімдер қауіпсіздігінің медикалық-биологиялық аспектілері.