Оқу-әдістемелік жұмысы

Факультетте оқу-әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаты болып оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасын арттыруға қабілетті жағдай жасау табылады. Оқу және әдістемелік жұмыстарды басқаруды деканның оқу жұмысы жөніндегі орынбасары жүзеге асырады. Факультеттің кафедраларындағы әдістемелік жұмыс іс-шаралар кешенінен тұрады, бағытталған:

- оқу үрдісін оқу-әдістемелік кешендермен қартамасыз ету,

- оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру, студенттердің аудиториялық және өздік жұмыстарын жүзеге асыру,

- факультет дайындайтын мамандарға арналған телекоммуникация және технологиялық процесстерді автоматтандыру, энергетиканың жай-күйі және даму келешектерін есепке ала отырып, кафедраларда оқыту жұмыстарының түрлері мен әдістерін, барлық формаларын жақсарту.

Әдістемелік жұмыс мақсатының жетістіктерін қамтамасыз ететін тапсырмаларды шешу факультет кафедраларында мына формаларда жүзеге асырылады:

- пәнді оқыту әдістерін жүзеге асыруға бағытталған "оқу-әдістемелік жұмыстар", оқу үрдісін тікелей әдістемелік қамтамасыз ету, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау нәтижесінде жасалған ұсынымдарды енгізу, профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық біліктілігін арттыру;

- берілетін тәжірибені байыту мақсатына ие "оқу-әдістемелік жұмыстар", оқу үрдістерін дамыту келешегі, оның мазмұны мен оқыту әдісін жүзе асыру, жаңа принциптерді, заідылықтарды, әдістерді іздеу, оқу процесінің технологиясы және ұйымдастыру құралы мен формалары;

- "ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстар", әдістемелік жұмыстарды басқару бойынша іс-шараларды қамтиды.

Факультет кафедраларының филиалдары келесі кәсіпорындарда ашық және жұмыс істейді:

- «KSP Steel» ЖШС,

- «Евроазиатская энергетическая корпорация» АҚ,

- «Нефтехим ltd.» ЖШС.

С.Торайғыров атындағы ПМУ және "Евразийская энергетическая корпорация (Ақсу қ.)" АҚ және ПФ "KSP Steel" ЖШС арасындағы консорциалды келісім негізінде электрэнергетика мен жылуэнергетика кафедраларының студенттері дуальды жүйе бойынша "Жылуэнергетика" мамандығы Ақсу ЖЭО базасында және "Электрэнергетика" мамандығы ПФ "KSP Steel" ЖШС зауытының базасында оқиды.