Факультет тарихы

Қаржы экономикалық факультеті бизнес және менеджмент факультеті ретінде 1993 жылы негізделді, факультетті құру қажеттілігі Қазақстан Республикасы экономикасының дамудың нарықтық жолына өтуімен негізделді.1993 жылдан1997 жылға дейінгі кезенде бірінші экономикалық мамандықтар ашылды - «Құрылыстағы өндірісті ұйымдастыру», «Машина жасаудағы өндірісті ұйымдастыру», «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Өнеркәсіптегі өндірісті ұйымдастыру». 2001 және 2004 жылдар аралығында қаржы-экономикалық факультет «экономика және құқық» институты ретінде қызмет атқарды.

2014-2015 оқу жылында «Құқықтану» кафедрасын қаржы және экономика факультетіне қосуына байланысты, қаржы және экономика факультетінің атауы «Мемлекеттік басқару, бизнес және құқық» деп ауыстырылды. 2015-2016 оқу жылында «Саясаттану» мамандығы факультетіне қосылды.

Қазіргі таңда факультет кәсіби мамандықтар саны және оқып жатқан студенттер саны бойынша С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің ірі факультеттерінің бірі болып табылады.

Факультетті техникалық ғалымдар кандидаты, экономика доценті, профессор Эрназаров Тахир Яздурдиевич басқарады.

Факультет қызметінде сапа менеджменті жүйесінің келесі негізгі үрдістері анықталған:

– Оқу-әдістемелік үрдіс;

– Ғылыми-зерттеу үрдісі;

– Тәрбиелік үрдіс.

Бизнес және құқық факультеттегі мамандарды дайындау мен біліктілігін бағалауды жоғары білікті профессор оқытушылық құрамы жүзеге асырады:

– Саяси ғылымдарының докторы, профессор Өрсариев А.А.;

– Техникалық ғылымдарының кандидаты, профессор, экономика доценті Эрназаров Т.Я;

– Экономика ғылымдарының кандидаттары Донцов С.С, Сартова Р.Б., Кунязова С.К., Кафтункина Н.С., Омаров М.М., Титков А.А., Бейсембаева Г.М., Салихова А.Р., Рахимова С.А, Мусина А.Ж.

- Қ.ғ.д., профессор Ахмеджанова Г.Б., қ.ғ.д., профессор Бектасов О.К., қ.ғ.к. доцент Олжабаев Б.Х., т.ғ.к., доцент Косынтаев К.Б., с.ғ.к., доцент Воронова Т.Э., т.ғ.к., доцент Мусабекова Н.М., т.ғ.к., профессор Григорьева Р.В.

Қаржы, есеп және аудит кафедраларының оқытушыларының көбі PRAGMA Халықаралық білім беру корпорациясының сертификатталған жаттықтырушылары болып табылады.

Факультеттің негізгі жетістіктері:

– Өңірлік білім беру нарығындағы экономикалық кәсіби студенттерді дайындау сапасы бойынша көшбасшылық;

– Объектіге құқықтарды мемлекеттік тіркеу, зияткерлік меншік құқығы бойынша Комитеттің авторлық құқығы және Қазақстан Республикасының әділет Министрлігі куәліктерін алуы;

– Студенттердің әлеумметтік қорғалуының жоғары деңгейі (білім беру гранттарының, жеңілдіктерінің, жетімдер мен төмен қамтамасыз етілгендерге материалдық көмектің берілуі).

– Кредиттік (сызықтық емес) оқу технологиясына негізделген оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз етудің жоғары деңгейі.

– Облыстағы жетекші кәсіпорындармен бірлесіп шаруашылық келісімдік ғылыми-зерттеу жобаларын экономикалық мааамандықтар студенттерін тарту арқылы жыл сайынғы орындалуы;

– «ПМУ Жаршысы»: Экономика сериясы» ғылыми-зерттеу журналының басылуы;

– Факультет студенттерінің республикалық, өңірлік және облыстық пәндік олимпиадаларға, халықаралық конференцияларға қатысуы мен орындар алуы.

Факультеттің студенттік командасы жыл сайынғы экономика бойынша өңірлік олимпиадалардың көпмәрте жеңімпазы болып табылады.

Факультеттің студенттері Қазақстан Республикасындағы, таяу және алыс шетелдегі жүргізілетін спорттық шаралардың жеңімпаздары мен сыйлық иегерлері болып табылады. Атап айтқанда, Р. Худиев пен А. Скляр 2004 жылда Афиныдағы және 2008 жылда Пекиндегі жүзу бойынша олимпиадаларға қатысты. Студент Р. Джумабаев Азияның шахмат бойынша клубтық чемпионы болып табылады және ол FIDE гроссмейстерінің нормативін орындады. Студент С. Актаев – ҚР-ның тоғыз құмалақ бойынша көпмәрте чемпионы, 2008 жылы Ресейдегі, Қырғызстандағы және Чехиядағы Халықаралық турнирінің жеңімпазы аталды. Факультетінің студенттерінің бокста, күресте, баскетболда және регбиде салмақты спорттық жетістіктері бар.