Кафедра тарихы

Құқықтану кафедрасының тарихы өз бастауын 2001 жылдан алады. Кафедрада оқыған мамандар «Павлодар облысының Полиция департаменті» ММ, «Павлодар облысының Соттар әкімшілігі» РММ, Павлодар облысының прокуратурасы, Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Павлодар облысының Әділет басқармасы, басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарда қызмет етуде.

Оқу үрдісін ғылыми-педагогикалық және өндірістік қызметте бай тәжірибесі бар жоғары білікті оқытушылар жүргізеді. Олардың ішінде 11 профессор, 4 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаттары, 1 PhD докторлары.