
Кафедрада тәрбие жұмысы негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі: жалпы университеттік іс-шаралар, мемлекеттік мерекелер; ұйымдастыру іс-шаралары; адамгершілік тәрбие; еңбек тәрбиесі және кәсіптік бағдар беру жұмысы; патриоттық, интернационалдық тәрбие; құқықтық тәрбие; салауатты өмір салты, туристік-спорттық жұмыс; экологиялық тәрбие; жатақханадағы жұмыс.
Әр студенттік топқа эдвайзер тағайындалады, ол топпен жүйелі түрде кездеседі, топтағы жағдайды, әр студентті және оның мәселелерін жақсы біледі. Дәстүрлі түрде кафедра театрларға, мұражайларға, концерттік қойылымдарға және т.б. бару сияқты іс-шараларды өткізеді.
Студенттер мен магистранттар университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысады:
- жыл сайын бірінші курс студенттерімен Денсаулық күні өткізіледі
Фото-Денсаулық күні, 2019 жыл
- жыл сайын көктемгі кезеңде білім алушылар мен оқытушылардың қатысуымен сенбіліктер өткізіледі
Фото-сенбілік, 2022 жыл
- Жыл сайын Студенттер мен магистранттар сценарий әзірлеуге және Наурыз мерекесін өткізуге белсенді қатысады. Студенттер мерекелік концертте өнер көрсетеді, сондай-ақ мерекелік қабырға газеттерін безендіруге қатысады.
Фото-Наурыз, 2019 жыл
- Кафедрада жыл сайын өзін-өзі басқару күні өткізіледі, онда студенттер мен магистранттар оқытушылардың орнына оқу сабақтарын өткізеді.
Фото-өзін-өзі басқару күні, 2021 жыл
- Сондай-ақ студенттердің университет жанындағы түрлі клубтарға (үйірмелерге) үнемі баруы
Фото-Инженерия факультетінің КВН командасы құрамындағы кафедра студенттері, 2022 жыл
Сонымен қатар, студенттік топтарда Білім Күні "Конституция сабақтары", "Денсаулық күні", Студенттерге арнау, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні, "ҚР Тәуелсіздік күні", жаңа жылдық мерекелер тақырыбында кураторлық сағаттар өткізіледі.
Тел: 673633 (ішкі 1201)