Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысының мақсаты-руханилықтың дамуына жағдай жасау, студенттерде жалпы адамзаттық және патриоттық құндылықтарды тәрбиелеу, оларды кафедраның, факультеттің, университеттің қоғамдық өміріне тарту болып табылады. Студенттердің жалпы білім беру, кәсіби және саяси өмір сүру деңгейін көтеру, тұлғаның өзін-өзі танытуына жағдай жасау.

Эдвайзерлер, топ старосталарымен бірге, жоспарға сәйкес студенттердің университеттік өмірінің түрлі аспектілерін қамтитын әр түрлі тақырыптарға эдвайзерлік сағат өткізді.

​​

«Мейірімділік» акциясы және «Біз біргеміз» волонтерлік қызметі аясында кафедра студенттері мен оқытушылары жыл ағымында «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ аумағында сыйлықтар мен тәттілермен сынып сағаттарын өткізді.

​​

​​

«Биотехнология» кафедрасының студенттері университет аумағын жоспарлы жинау жұмыстарына қатысып, өз учаскелерін дер кезінде жинап, еңбекқорлығымен ерекшеленді. Еңбек тәрбиесінің негізі оқыту теориясының өндірістік практикамен және қоғамдық еңбекпен байланысы болып табылады.

​​

Студенттердің өзін-өзі жүзеге асыру үшін университетте жыл сайын өткізілетін "Торайғыров оқулары" және «Сатпаев оқулары» атты ғылыми конференцияларға қатысу мүмкіндігі бар, онда ғылыми-практикалық мақалалар саны бойынша кафедра студенттері университеттің барлық кафедралары арасында белсенді қатысу көрсеткіштері бойынша бірінші қатарда болды. Сонымен қатар, конкурстар мен ғылыми жобаларға, спорттық және басқа да іс-шараларға белсенді қатысады.

Кафедра магистранттары Тоrауghugov University студенттері мен магистранттары арасындағы көптілді олимпиадада 01 - орын алған, сондай - ақ профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында өткен «Денсаулық зор байлық» спартакиадасына қатысқан кафедра командасы гимнастикадан 2-орын, көп сайыстан 3-орын алған.

​​

 

Эдвайзерлік сағаттар циклі «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев мемлекеттіліктің қазақстандық моделін қалыптастырудағы. «Тәуелсіздіктің жеті қыры» циклінен «Өркендеу жолы», «Елдіктің бастауы» деректі фильмінің көрсетілімі. Тәуелсіздік күні CoViD-19 таралуына байланысты ағымдағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн режимінде өтті. Студенттердің әлеуметтік-димографиялық паспортының оқу жылының басынан тізімдер құрастыру. Жетім балалар, мүгедектер және аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге қоғамдық көлікте жеңілдікпен билет алу үшін ай сайын құжаттарын дайындау. Мамандығы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кездесулер өткізілді. ТӨТ-301 тобының студенттері Балакина М., Ракишева А. БТ-301 Николайев ұлттық аграрлық университеті өткізген халықаралық пәндік олимпиадаға қатысты. Сәуір айында студенттердің өзін-өзі басқару онкүндігі өтті. Мамыр айында кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері Торайғыров атындағы университеттің дендросабағына бақша және жеміс-жидек дақылдарын отырғызды.