Академиялық жұмыс

Торайғыров Университеті Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орны және, құрылған сәтінен бастап, Павлодар облысы мен Павлодар қаласы экономикасының индустриялық-инновациялық дамуының академиялық-ғылыми орталығы болып табылады.

Университтегі басым және айқындаушы үрдістердің бірі академиялық үрдіс – білім беру қызметтері нарығында модульдік үш сатылы технология бойынша құрылған өзекті және сұранысқа ие білім беру бағдарламаларын (ББ) ұсыну.

Кафедраның академиялық жұмысы 2020-2024 жылдарға арналған КЕАҚ «Торайғыров университеті» даму стратегиясына сәйкес жүргізіледі.

«Биотехнология» кафедрасында кадрларды даярлау бакалавриат және магистратура 6В07203/7М07202 «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», 6В05102 / 7М05102  «Биотехнология» мамандықтары бойынша жүргізіледі. 2021 жылдан «Биотехнология» бағыттары бойынша докторанттарды даярлау мақұлданып отыр.

2019 жылы кафедраның дайындық бағыттары (бакалавриат, магистратура) KAZSEE Қазақстандық заманауи (элиталық) білім беру қауымдастығында мамандандырылған аккредиттеуден өтті. Сертификаттардың жарамдылық мерзімі 2024 жылға дейін (https://kazsee.kz/reestr_accreditovannyh_programm_vuz_spec/).

Білім беру бағдарламалары мен оқыту бағдарламалары аймақтық кәсіпорындарымен бірлесіп келісіледі және іске асырылады:

- 6В07203 «Азық - түлік өнімдерінің технологиясы» - «СҮТ» АҚ, «Ақжар Өндіріс» Агрофирмасы ЖШС, «UMMA ALIANCE» ЖШС,

- 6В05102 «Биотехнология» - ШҚ Мингазова,

Магистратура мамандықтарының ББ көптілділік бағдарламасы аясында жүзеге асырылады, 30% пәні ағылшын тілінде жүргізіледі.

2020 жылдан бастап 6В05102 «Биотехнология» дайындық бағыты бойынша ағылшын тілінде оқытылытын академиялық топ құрылды.

Кафедрада Еуропалық Одақ қаржыландыратын ауқымды халықаралық Эрасмус+ «Project Erasmus+ № 609563-EPP-1-2019-1-DE-EPPKA2-CBHE-JP Internationalising Master Programmes in Agriculture via English Medium Instruction (IMPROvE _Аgro) / Ағылшын тілінде оқыту арқылы ауыл шаруашылығы саласындағы магистрлік бағдарламаларды интернационалдандыру» атты жобасы жүзеге асырылуда. Жоба Еуропалық әріптестермен және РФ, Моңғолия және Қазақстанның жоғары оқу орындарымен бірлесіп орындалуда. Жоба магистрлік бағдарламаларды ЕО сапа стандарттарына келтіру, ағылшын тілін оқыту тілі ретінде енгізу (English Medium Instruction-EMI), сондай-ақ аралас оқыту форматын енгізу (Blended learning) арқылы интернационалдандыру мүмкіндіктерін кеңейту арқылы Қазақстан, Моңғолия және Ресей қоғамдарын жаңғыртуға және интернационалдандыруға үлес қосуға ықпал етеді; ауыл және орман шаруашылығы үшін мамандар даярлайтын Азия және Еуропа университеттері арасында студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығы; жоғары білімнің, әсіресе осал топтар үшін қол жетімділігін арттыру; бірлескен дәрежелерді (қос / бірнеше дипломдарды) дамытуға жол береді. Жоба жетекшісі: т.ғ.к., Исаева К. С. Жоба мүшелері: Аникина И. Н., Тілеубек Ұ., Инсебаева М. К., Мухамеджанова А. С.

Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында дайындау бағыттарының оқу-әдістемелік кешендерін (МОӘК) және пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін (ПОӘК) қалыптастыру «Биотехнология» кафедрасының отырысында 27.08.2021 ж. № 1 хаттамамен .қарастырылып, бекітілді,

Кафедра студенттері Республикалық пәндік олимпиадаларға қатысады. Республикалық пәндік олимпиада болашақ мамандардың ерекше кәсіби қабілеттерін анықтау және талантты студент жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылады. Мәселен, Алматы технологиялық университетінің (АТУ) негізінде «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығының командасы 2021 жылы 08-09 сәуірде Алматы қаласында өткен XIII Республикалық пәндік олимпиадада 2 жүлделі орынға ие болды. Команда құрамы: ТӨТ-301 тобының студенттері Балакина Махаббат, Каканова Арайлым, Хайрол Сұңқар. Каканова Арайлым, сондай-ақ, жеке біріншілікте 2 орын алып, жеңімпаз атанды. Топ жетекшісі: аға оқытушы магистр, Мухамеджанова А. С. Команда II дәрежелі АТУ дипломымен, жеке біріншіліктің жеңімпазы ҚР БҒМ II дәрежелі дипломымен марапатталды.

Студенттерді одан әрі жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету үшін жұмыс берушілермен кездесулер өткізілді:

- 14.10.2021 – «Turkey PVL» ЖШС, «Павлодар ҚҰС» ӨК ЖШС, директордың м. а. Каткадамов В. Е.;

- 04.11.2021 – «Caspian International Restaurants Company» ЖШС, компания өкілі.

Профессорлық-оқытушылық құрам кәсіби бағдарлауды талапкерлермен тұрақты жүргізеді. Кәсіптік бағдар беру шеңберінде мектеп оқушыларымен және колледж студенттерімен келесі кездесулер өткізілді:

- 7-10.11. 2021 - Павлодар облысының ББ кәсіптік оқу орындары - Павлодар технологиялық колледжі, Павлодар сервис және тамақтану колледжімен;

- 27.10.2021 - Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжімен.