Оқу және оқу-әдістемелік жұмыс

Кафедраның сапа саласындағы мақсаттарына сәйкес оқу-әдістемелік жұмыс бөлімінде білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз ету айтарлықтай жоғары деңгейге жетті.

"Кереку" баспасы арқылы оқу-әдістемелік әдебиеттерді шығару жоспары әр оқу жылында орындалуда.

Кафедраның барлық білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде толық көлемде ББОӘК құрастырылған, барлық білім беру бағдарламалары бойынша ЭПК бар. ЭПК мазмұны түлектерге қойылатын жаңа талаптарға, ғылым мен тәжірибенің соңғы жетістіктеріне сәйкес жылда қарастырылады. Білім беру бағдарламаларының элективті пәндердің тізімі мен мазмұнына өзгертулерді енгізуге стейкхолдерлердің ұсыныстары негіз болады. 

Кафедраның оқу-әдістемелік жоспарын орындау мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде Syllabus-тарды, курстық жұмыстарды (жобаларды) орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар, қорытынды бақылау мен ағымды бақылау материалдарын құрастыру мен қайта бекіту арқылы жүзеге асырылады.

Біліктілікті арттыру мультипликативті бағыттар бойынша іске асырылады:

- инициативті-іздеу ғылыми зерттеулерін іске асыру;

- әр түрлі тақырыптық бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер әдістемесін оқып үйрену;

- ұйымдар мен кәсіпорындармен іскерлік аясында шаруашылық-келісімдік ғылыми жұмыстарды іске асыру;

- республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу;

- ғылыми конкурстарға қатысу;

- шет тілдерін игеру бойынша маманданған курстарға бару. 

Білім беру бағдарламасын іске асыру шеңберінде білім алушылар академиялық ұтқырлыққа, ғылыми тағылымдамаларға қатысады.

  • 2023-2024 оқу жылы

2023 жылы 27 қазанда АР14869606 "Негізгі орта білім беру жүйесінде білім алушылардың ерте кәсіптік өзін-өзі анықауын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу" жобасын іске асыру шеңберінде жетекшісі А. А. Кудышева және зерттеу тобының мүшелері С. К. Ксембаева, А. С. Попандопуло, Е. П. Щербакова, Э. С. Пшембаева, А. Ю. Хаймулдина "Педагогтарды, психологтарды НОББ жүйесінде білім алушылармен олардың ерте кәсіптік өзін-өзі анықтауын сүйемелдеу бойынша жұмысқа дайындау: мәселелер мен перспективалар" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 

2024 жылғы 24 қаңтарда ЖТН № АР19679880 "Ерекше білім беру қажеттіліктері бар ЖОО студенттерінің кәсіби құзыреттілігін дамытудың психологиялық-педагогикалық шарттары (Павлодар өңірінің мысалында)" жобасын іске асыру шеңберінде "Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін қолжетімді орта құру" атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Инклюзивті білім беру үшін кабинет ашылды.

Кафедра білім алушылары академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында білім алды:

1) Әнуарбек Диана (Пс-401 тобы) - Чехия;

2) Сипатилова Диана, Топбай Әзиза, Багумбаева Анна, Бедрина Ирина, Горячев Игорь, Елубаева Айым, Елубаева Кульсум, Кирпа Татьяна, Соколова Виктория, Эрметова Алина (Пс-402 тобы) – М. Акмула атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті, Ресей, Уфа. 

  • 2024-2025 оқу жылы

Білім беру бағдарламасын іске асыру шеңберінде білім алушылар академиялық ұтқырлыққа, ғылыми тағылымдамаларға қатысты:

- Пс-301 тобының студенті Т.Д. Макина академиялық ұтқырлыққа қатысты. Бакин Славян Университеті. Баку, Әзірбайжан.

- оқу жылы ішінде кафедра магистранты А.К. Байзуллина (7M03104 – Психология білім беру бағдарламасы) Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде ғылыми тағылымдамадан өткені туралы сертификат алды;

- оқу жылы ішінде кафедра магистранты А.Е. Камерденов (7M03104 – Психология білім беру бағдарламасы) Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ғылыми тағылымдамадан өткені туралы сертификат алды;

- оқу жылы ішінде кафедраның 9 магистранттары (7M01101 – Педагогика және психология білім беру бағдарламасы) Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде ғылыми тағылымдамадан өткені туралы сертификат алды. 

 - оқу жылы ішінде кафедра магистранттары (7M11401 –  Әлеуметтік жұмыс білім беру бағдарламасы) 2 адамнан тұратын Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде ғылыми тағылымдамадан өткені туралы сертификат алды.

Жылдық жоспарға сәйкес:

- 4 ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді, онда кафедраның ПОҚ баяндама жасады: (Н.М. Ушакова, М.Е. Нургалиева, А.А. Аженов, А.Ю. Хаймулдина);

- оқу-әдістемелік әдебиеттің 4 атауы (Раклова Е.М. - 3 оқу құралы; Ксембаева С.К., Попандопуло А.С., Антикеева С.К. - 1 оқу-әдістемелік құралы) жарық көрді;

- оқу сабақтарына өзара қатысу жүзеге асырылды – 16;

- кафедраның білім беру бағдарламалары бойынша 100%  ПОӘК және МОӘК жинақталған.