Е. БЕКМАХАНОВ АТЫНДАҒЫ ӨЛКЕНІҢ ТАРИХЫ МЕН ЭТНОГРАФИЯСЫ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ

Е. Бекмаханов атындағы өлкенің тарихы мен этнографиясы ҒПО қызметінің негізгі бағыттары:

1. Өлкенің тарихы мен этнографиясын зерттеудің әлеуметтік-методологиялық бағдарламасының мәселелері.

2. Өлкенің тарихы мен этнографиясын, мәдениетін зерттеудің жалпы бағдарламасын жасау.

3. Өлкенің тарихы жайында жаңа тың деректер жинау және ғылыми тұрғыдан талдау жасап жинақтау.

4. Ғылыми қызметкерлер мен магистранттар, студенттер үшін ғылыми-әдістемелік оқулықтар шығару.

5. Жастардың этномәдени тәрбиесін нығайтуға арналған бағдарламалар аясында ғылыми жобалар жасау.

 

Міндеттері:

1.     Өлкенің тарихы мен этнографиясы туралы көп томдық шығармалар жинағын шығару.

2.     Этнография тарихы бойынша монографиялық жұмыс жүргізу.

3.     Өлкенің тарихы мен этнографиясы туралы материалдар жинақтау, жан-жақты зерттеулерді сараптап түйіндеу, экспедиция материалдары, деректі құжаттармен жұмыс жасау.

4.     Жергілікті ғылыми және басқа да өлкелік ұйымдармен ғылыми байланыс жасау.

5.     Жинақталған материалдарды жүйелеу.

6.     Өлкетану материалдарының баспа бетінде жарық көруіне қажетті мүмкіндіктерді жасап, мәтінге байланысты редакциялау-корректорлық жұмыстарын сапалы орындау.

 

Мақсаты: Өлкенің мәдени тарихы мен этнографиясы зерттеліп, оның халық мұрасына айналуына жоспарлы ғылыми жобалар дайындау. Ғалымдардың қазақ даласына сіңірген ғылыми-шығармашылық еңбектері жарыққа шығып ұлт дәстүрін, тағлымын ұрпаққа жаңаша, замана ағымымен байланыстыра жасалған пайымдаулар негізінде анықтамалық, энциклопедиялық, деректік материалдар ретінде ұсыну. Қазақ мектептеріне, өскелең ұрпақтарға бабалар аманатынан тәрбие беретін, көкірек көзін ашатын рухани байлыққа толы кітаптарды баспадан шығару. Қазақтың біртуар ерекше тұлғаларының есімдерін ғылыми-шығармашылық жағынан толық көрсететін еңбектер дайындау.

2020–2021 оқу жылындағы Е. Бекмаханов атындағы ғылыми-практикалық орталықтың сапа  төңірегіндегі жетісіктері 

1.«Әлкей Марғұлан» атты тұлғалық энциклопедиясына енгізілетін материалдарына сөзтізбе жасалынды.

2. «Нұрсұлтан Назарбаев» энциклопедиясы бойынша жинақталған материалдар редакцияланды.

3. Көрнекті ғалым, сыншы, филология ғылымдарының докторы, жерлесіміз  Бекмұрат Уақатовтың 6 томдық шығармалар жинағы шығарылды.

4. 2020–2021  оқу жылына  арналған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры»  бағдарламасы бойынша мақалалар жазылынды, Павлодар қаласында, аудан орталықтарында кездесулер өткізілді.

 

2021–2022 оқу жылына Е. Бекмаханов атындағы ғылыми-практикалық орталықтың сапа саласындағы мақсаты

 1.     «Торайғыров университеті» КЕАҚ  2021-2022  оқу жылына  арналған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры»  бағдарламасы бойынша Павлодар қаласында, аудан орталықтарында түсініктеме жұмыстарын жүргізу.

2.     «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Әлкей Марғұлан» тұлғалық энциклопедиясын аяқтау.

3.     ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» 2020 жылғы 24 қарашадғы № 456 Жарлығын орындау бойынша архивтік материалдармен жұмыс жасау.

4.     Көрнекті ғалым, сыншы, ф.,ғ. докторы Бекмұрат Уақатовтың 6 томдық шығармалар жинағы бойынша (қосымша 300 дана) кітап шығару және облыстық мектептерге тарату.

5.     «Шоқан Уәлиханов» тұлғалық энциклопедиясына сөзтізбе жасау.

Орталықтың қызметкерлері

 

​​​​​​​​​​​

 

Құдабаев Амантай Жетпісұлы ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтын алғыс сөзімен жазылып, əр жылдары жарық көрген «Қазақ мəдениеті» атты 3 томдық энциклопедиялық басылымдардың («Қазақ тілі» (1998), «Қазақ əдебиеті» (2000), «Қазақ өнері» (2002) құрастырушысы, әрі жауапты редакторы. Сондай-ақ қазақ даласының кемеңгер ойшылдарының өмірі мен шығармашылығы жайлы жазылған «Дала даналары» (1997), Кереку-Баян кітапханасы «Рухнама» сериясының (50 том, 2007), «Павлодарское Прииртышье» энциклопедиясының (2003), «Кереку-Баян тұлғалары» фотоальбомының (2005), қазақ халқының ғұлама ғалымы Əлкей Марғұланның 100 жылдық мерейтойына орай жарық көрген «Ғұлама» (2003) атты естелік кітаптың, «Ермахан Бекмаханов» (2006) атты 7 томдық шығармаларының толық жинағының, «Қазақ тіл білімінің антологиясы» (45 том, 2007), А. Шамкенов «Өмірім менің өлеңім» (2007), «Мəшһүр Жүсіп Көпейұлы» (2010)  жəне «Сұлтанмахмұт Торайғыров» (2018) тұлғалық энциклопедиялық басылымдардың сонымен қатар «Асау жүрек» (2011) атты С.Торайғыров өмірі мен шығармашылығы жайлы 6 томдық басылым, Кереку өңірінің ақын жазушыларының шығармашылығын баяндайтын «Кереку ақын жазушыларының антологиясы» атты 35 томдығының сондай-ақ, қазақтың дауылпаз ақыны Ілияс Жансүгіров өмірі мен шығармашылығына арналған «Даланың дархан дүлдүлі», Сарыарқада ислам дінін таратушы ірі тұлға «Исабек Ишан» (2011) атты естелік кітаптары мен А. Шамкеновтың 5 томдық шығармаларының (2011) жинағының, «Ертістің Павлодар өңірі» энциклопедиясының (2013) «Шарапатты Олжабай» (2014),  «Ермұхан Бекмаханов және тарихи шындық» (2015) құрастырушысы, əрі жауапты редакторы. Қ. «Қазақтар» (1998) атты 9 томдық басылымға жəне «Адам жəне қоғам» атты оқулыққа енген жеке мақалалардың авторы.

Құдабаев Амантай Жетпісұлы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалары бойынша маңызды қазіргі заманғы ұлттық мәдениетті, фольклор, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің энциклопедиялық тұтас жүйесін құрды. Қазақ ұлттық мәдениетінің негіізі болып табылатын тіл, әдебиет , өнер бағытындағы ғылыми жобаларды жүзеге асырып, бірнеше томдық ғылыми басылымдарды жарыққа шығарды.

Ұлттық философиялық, этнографиялық және мәдениеттану саласында мемлекеттік тілде гуманитарлық білім қорын құрып, тарихи тұлғалық энциклопедиялық басылымдар сериясын жасады. Жалпы, қазақ мәдениетіндегі ғылыми ойлардың, мәдениет пен әдебиеттің ең үздік үлгілерін дайындап басып шығаруда ерекше еңбек етті. Археологиялық мұрағат және этномәдени зерттеулерін жинақтап, ғылыми еңбектер мен оқу құралдарын, монографиялық еңбектерін жазып, этномәдениет, қолданбалы ғылыми зерттеулерде бірталай игі істер атқарды.

А.Ж. Құдабаев 2017 мен 2019 жылдар аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Павлодар облысы, Май ауданындағы қалмаққырған жерінде мәдени-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Омбы, Тарск, Новосібір және Алматы қалаларындағы архив материалдары зерттелді. А.Ж.Құдабаевтың құрастырумен «Серектас шайқасы» ғылыми-зерттеу еңбегі шықты.  2019 жылдың қарашасында «Қалмаққырған жерін археологиялық-этнографиялық зерттеу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Осы күндері баспаға «Әлкей Марғұлан» тұлғалық энциклопедиясы дайындалу үстінде.  «Шоқан Уәлиханов», «Жеті қазына» (2020-2025) энциклопедияларына қажетті материалдар жинақталуда. 

ҚР Білім жəне ғылым мин-нің «Құрметті қызметкері» (2006), «Астанаға 10 жыл» (2008), «Ана тілінің айбары» (2010), «ҚР Мəдениет қайраткері» (2010), «ҚР Тəуелсіздігіне 20 жыл» (2011) медальдарымен және «Павлодар облысына 75 жыл» (2013), «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» (2013) төс белгілерімен және «Құрмет» (2014) орденімен марапатталған.

Жалпы жұмыс өтілі: 45 жыл

Байланыс телефоны: 673647(іш. 1160) 

Кабинеттің нөмірі: А-208

 

Қайрат Шұғыла Қуатқызы

Лауазымы: біліктілігі жоғары деңгейлі маман

Білімі: жоғары

Марапаттар, дипломдар, сертификаттар: 2 сертификат

Байланыс телефоны: 673647(іш. 1160) 

Кабинеттің нөмірі: А-244

 

​​​​​​​​​​​

Бозанбаева Айгерим Маратовна

Лауазымы: техникалық редактор

Білімі: жоғары

Марапаттар, дипломдар, сертификаттар: 2 сертификат

Байланыс телефоны: 673647(іш. 1160) 

Кабинеттің нөмірі: А-244