Кафедра тарихы

«Философия және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының тарихы өз бастауын 1961 жылдан алады.

2004 жылғы 26 сәуірден бастап кафедрада 6В03102 – «Саясаттану», 6В03101 – «Мәдениеттану» білім беру бағдарламалары бойынша бакалавриат деңгейіндегі мамандар даярлау жүзеге асырылуда, ал 2001 жылдан бастап магистратура деңгейінде 7М03103/7М03153 – «Саясаттану», 7М02201 – «Философия», 7М03101 – «Мәдениеттану», 7М03102 – «Әлеуметтану» мамандықтары бойынша кадрлар даярлануда.

Кафедрада білім алған түлектер түрлі деңгейдегі ұйымдарда қызмет атқаруда. Мәселен, «Философия» мамандығының түлегі С.С. Аубакирова – PhD, қауымдастырылған профессор (доцент), қазіргі уақытта «Торайғыров университеті» КЕАҚ-тың Стратегиялық даму, интернационалдандыру және цифрландыру жөніндегі Басқарма мүшесі – проректор болып қызмет етеді.

Н.О. Байғабылов– «Әлеуметтану» мамандығының түлегі, қазіргі уақытта Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Әлеуметтану» кафедрасының доценті.

А.О. Бектемисова – «Мәдениеттану» мамандығының түлегі. 2023 жылдан бастап Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ertis» мультимедиялық музейі бөлімшесінің басшысы.

С.Қ. Мұхаметжан – бакалавриат деңгейіндегі «Мәдениеттану» және магистратура деңгейіндегі «Философия» мамандықтарының түлегі. Қазіргі уақытта Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары Екібастұз колледжінің оқытушысы.

Э.С. Паули – «Философия» мамандығы бойынша магистратура түлегі. Қазіргі уақытта Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Д.Н. Камасова – бакалавриат және магистратура деңгейіндегі «Мәдениеттану» мамандығының түлегі. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетіне қарасты «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі» РМҚК филиалының кешенді ғылыми жобаларды іске асыру бөлімінің басшысы.

«Саясаттану» мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура деңгейін бітірген түлектер қоғамның әртүрлі институционалдық салаларында, оның ішінде басқару, партиялық-саяси және атқарушы құрылымдарда кәсіби қызметін табысты жүзеге асыруда.

В.А. Ким – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

А.К. Маликова – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

И.С. Теренченко – Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы.

С.А. Гладышева – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары.

Б.К. Шарипов – Ақсу қаласының әкімі.

А.А. Шайхимов – Железин ауданының әкімі.

О.В. Костенко – «Ертіс Көмек» әлеуметтік даму қоғамдық қорының директоры, «Аманат» партиясының Павлодар облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы.