Материалдық-техникалық база

Кафедра 1 дәріс аудиториясы және 7 мамандандырылған аудиториямен қамтамасыз етілген: А-3 – М.-Ж. Көпеев атындағы дәріс аудиториясы; А-523 – ҚР ҰҒА академигі, саяси ғылымдар докторы, профессор Г.Н. Иренов атындағы саясаттану кабинеті; А-550 – әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер кабинеті; А-545 – әлеуметтану кабинеті; А-530 – философия ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ш. Шүлембаев атындағы философия тарихы кабинеті; А-521, 535 – оқу аудиториялары. Сабақтар заманауи компьютерлік техникамен жабдықталған аудиторияларда өткізіледі.

ПОҚ аудиториялық сабақтарды IT технологияларды пайдалана отырып өткізеді. Кафедра дәріс және практикалық сабақтарды ұйымдастыру үшін интерактивті сенсорлық панельдермен, моноблоктармен, ноутбуктермен және мультимедиялық проекторлармен қамтамасыз етілген. Кафедра КМҚК «Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі» базасында филиал ашты, онда оқытудың дуальды технологиясы жүзеге асырылады: кәсіби практикалардан өту, «Мұражайтану», «Қолданбалы мәдениеттану: мәдениет менеджменті», «Қазақ мәдениетінің тарихы», «Мәдени-тынығу қызметінің тарихы мен теориясы» пәндері бойынша практикалық және семинарлық сабақтарды меңгеру.

 

Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі

 

Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің
конференц-залы

 

Практика барысында музейдің экспозициялық залдары бойынша танымдық экскурсия