«Торайғыров университеті» КЕАҚ 6D010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Суюндикова Маргисат Кабиденовнаның «Студенттердің креативтік ойлау қабілетін арттырудың ғылыми-теориялық негіздері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы өтеді.
Қорғау түрі: диссертациялық жұмыс
Қорғау тілі: қазақ.
Диссертация «Торайғыров университеті» КЕАҚ «Тұлғалық дамыту және білім беру» кафедрасында орындалған.
Ресми рецензенттер:
1. Сақтағанов Балабек Кеніштайұлы – философия докторы (PhD), Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Тұлғаның дамуы және тәрбие психологиясы орталығының бас сарапшысы, Астана қ., Қазақстан, мамандығы 6D010300 - «Педагогика және психология».
2. Ташетов Аманжол Аскарович – философия докторы (PhD), «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының қауымдастырылған профессоры, Қостанай қ., Қазақстан, мамандығы 6D010300 – «Педагогика және психология».
Ғылыми кеңесшілер:
1. Жуматаева Енгилика – педагогика ғылымдарының докторы, «Торайғыров университеті» КЕАҚ профессоры, Павлодар қ., Қазақстан.
2. Снопкова Елена Ивановна – педагогика ғылымдарының докторы, А.А. Кулешов атындағы Могилев мемлекеттік университетінің доценті, Могилев қ., Беларусь.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Сарсенбаева Ботагоз Габдулловна – педагогика ғылымдарының кандидаты, «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ Педагогика жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, мамандығы 13.00.08 - Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі, Павлодар қ., Қазақстан.
2. Аманова Арай Кокораевна – философия докторы (PhD), «Л. Н. Гумилев атындағы ұлттық Еуразиялық университеті» КЕАҚ профессоры, мамандығы 6D010300 - «Педагогика және психология», Астана қ., Қазақстан.
3. Казиев Карас Оржанович - философия докторы (PhD), «Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ қауымдастырылған профессоры, мамандығы 6D010300 - «Педагогика және психология», Атырау қ., Қазақстан.
Диссертацияны қорғау аралас форматта (online/offline) 2023 жылы «17» наурызда сағат 14:00-де «Торайғыров университеті» КЕАҚ Диссертациялық кеңесінде ZOOM платформасында өтеді. Мекенжайы: 140008, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64, ауд. А-5.
Сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/82023724651?pwd=eEpidm5uSzBXaFV4UGwzU21PUjVLdz09
Конференция идентификаторы: 820 2372 4651 Кіру коды: 804501
Сайттың мекен-жайы: https://tou.edu.kz e-mail: samal_antikeyeva@mail.ru