АГРОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
 
«БИОТЕХНОЛОГИЯ» кафедрасы

5B072700 - «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы

(бакалавриат)

5B072700 - «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындау жүргізіледі. «Азық-түлік тағамдары технологиясы бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Мамандандырулар:

- Ет және балық өнімдерінің технологиясы;

- Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы;

- Қоғамдық тамақтандыру және тағайындалынған  өнімдер технологиясы.

Біздің мақсатымыз - тамақ саласы технологиялары  бойынша мамандарды дайындау

Оқыту мемлекеттік білім беру гранттары мен  келісімшарт негізі бойынша жүргізіледі. Оқыту бағасын түсіру және жеңілдіктер қарастырылған.

Бізде оқитындар:

ҰБТ (комплексті тестілеу) нәтижелері бойынша орта білім беру мектептері (оқу мерзімі – 4 жыл күндізгі) мен лицей түлектері және колледж түлектері (оқу мерзімі – күндізгі және сырттай 3 жыл кем емес).

Тестілеу 4 пән бойынша  өткізіледі:

  • Қазақ немесе орыс тілі;
  • Қазақстан тарихи;
  • Математика;
  • Химия.

Университетке түскен ерлер әскери қызметін кейінге қалдыра алады.

5B072700 - «Азық-түлік өнімдерінің  технологиясы»  мамандығы бойынша түлектері:

- шикізат пен дайын өнімнің негізгі сипаттамаларын және техникалық талаптарын; технологиялық процесс параметрлерін өлшеу тәсілдерін;

- азық-түлік өнімдерін өндірудегі микробиологиялық, биологиялық, физикалық-химиялық және химиялық процестерді;

- шикізат пен дайын өнімдегі компоненттерді анықтаудың заманауи тәсілдерін, негізгі тамақ өнімдерін талдау схемаларын;

- технологиялық процестер қарқындылығын бағалау сипаттамаларын және негізгі технологиялық процестерді жүргізу тәсілдерін;

- басшылық шешімдерін қабылдау технологиясын және сұраным моделдерін зерттеу мен жабдықтау-өтім қызметтерін басқаруды;

- қажетті саланың техникасы мен технологияларын; стандарттар мен техникалық жағдайларын;

- бизнес-жоспар құрастыру әдістемелері мен өндірісті ұйымдастыру негіздерін;

- өндірістегі экологиялық проблемаларды білу керек.

Бакалаврлардың  мақсаттары:

технологиялық процестерді жүргізуді ұйымдастыру және технологиялық тәртіптің қалыптасуын бақылау; технологиялық процестерін енгізуге қатысу және жаңа өнімдерді шығару; басқару шешімдерін қабылдау; тамақ өнімдерін стандарттау және сертификаттау жұмыстарын жүргізу; азық-түлік өнімдерін өндірудегі шикізаттардың, дайын өнімдердің сапасын арттыру мақсатындағы тәжрибелік зерттеулер жүргізу; орта, кәсіптік білім беретін мекемелерде оқыту-ағарту қызметтерін атқару.

Мамандық түлектері  тағам технологиясында технолог-зерттеуші болып табылады.

Профильді пәндер циклы бойынша студенттер төмендегідей пәндерді оқиды: биохимия; микробиология; процесстер мен аппараттар; азық-түлік өнімдерінің тауартануы; азық-түлік өнімдерінің жалпы технологиясы; азық-түлік өнімдерінің өндіру жабдықтары; азық-түлік өнімдерінің реологиясы; азық-түлік өнімдерінің сала бойынша технологиялары; азық-түлік өнімдерінің өндірісті экономика және меңгеру; шикізат пен азық-түлік өнімдерінің сапасын бақылау және бағалау және тағы басқа.

Түлектердің болашағы және жұмыспен қамтамасыз етілуі

Студенттер мен түлектер оқуын шет елде жалғасытыру, халықаралық оқыту бағдарламаларында, ғылыми жобаларда, сайыстарға қатысуға мүмкіндіктері бар. Терең білім деңгейін көрсеткен, шығармашылық жұмысқа бейімділігін танытқан түлектер магистратурада оқуын жалғастыра алады.

Біздің түлектер облысымыздағы төменгі кәсіпорындарында жоғары сұраныстқа ие: ЖШС «Ромат», ЖШС «Рубиком», ЖШС «ПНТК», ЖШС «Золотой теленок», АҚ «Сут», АҚ «Роса».

  • инженерлер, ҒЗИ, жобалау институттары және ЖОО-ның кіші ғылыми қызметкерлері не лаборанттары;
  • тамақ өнеркәсіптерінің менеджерлері;
  • консерві, ет, сүт, балық, нан-тоқаш өнімдерін, спирттік және алкогольсіз сусындарды өндіру бойынша шағын цехтардың басшысы;
  • колледж, лицей мұғалімдері;
  • СЭБ органдарында аға лаборанттар;
  • мемлекеттік стандарт қызметінің қызметкері.

Оқу процессін жүргізу үшін қала мен облыстың жетекші мекемелері мен өндірістерінен біліктілігі жоғары мамандар шақыралады.

Кафедрада арнайы зертханалар бар.

Білім беру жұмыстары халықаралық стандарт бойынша сапа менеджмент жүйесінің ИСО 9001:2000 сертификатына сәйкес.

Халықаралық  IQNet эксклюзивті белгі сапа менеджменті және құзыретті ортада жоғары дәрежесімен танымал.

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:

140008, Қазақстан Республикасы

Павлодар қ., Ломов көш., 64

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Агротехнологиялық факультеті

«БИОТЕХНОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ (А1-112)

Қабылдау комиссиясы: тел. 67-37-73 (132а)

Дайындық курстары: тел. 67-36-50


 

Certified
by Russian Register