Шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен және Enactus Kazakhstan ұлттық кеңсесінің бастамасымен ұйымдастырылды.
Көрме-фестиваль елімізде мектеп және студенттік кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өткізіледі. Оған іскери қауымдастық өкілдері, оқушылар, колледж және университет студенттері, танымал сарапшылар мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Жастар әлеуметтік-экономикалық бағытта «Jaryq» жобасын ұсынды.
«Jaryq» – қаржылық сауаттылық, бизнес білім беру, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, оқушылар мен студенттерге арналған hard және softskills инновациялық түрлі деңгейдегі жүйесі.
Фестиваль шеңберінде «Pubg mobile» онлайн-ойын өтті. Біздің команда бірінші орынға ие болды.